жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көліктер ашық сабақ
Білім беру саласы: Таным.
Білім бөлімі: Жаратылыстану.Құрастыру.
Тақырыбы: Көліктер.
Мақсаты: Көлік түрлері туралы түсініктерін дамыту.Көліктің ерекшеліктерін ажырата білу қабілеттерін арттыру.
Әртүрлі бөлшектерден көлік құрастыруды үйрету.Қиялдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Слайд,суреттер.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар сендер күннен күнге әдемі,ақылды болып өсіп келесіңдер.Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?
Жылулық шеңбері.
-Сәлем,саған алтын күн! -Сәлем,саған көк аспан! -Сәлем,саған жер ана! -Сәлем,саған достарым! -Сәлеметсіздерме қонақтар!
|
-Ия
Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
-Балалар,қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,сұрақтарға жауап беріп,жұмбақта шешеміз.
-Ал енді,мен жұмбақ жасырамын. 1.Құс сияқты құс емес, Жүрседе тым биікте. Қақпайды бір қанатын Жүрсе де тым биікте.
2.Қос күрекпен еседі, Су көлігі деседі.
3.Жүргізуші жүргізеді, Төрт аяқты батырды.
Слайд арқылы әңгіме: «Көліктер» Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады.Көліктердің үш түрлері бар.Олар:
1.Әуеде ұшатын көліктер: 2.Суда жүзетін көліктер: 3.Жерде жүретін көліктер: Ал енді,балалар,осы көліктермен танысайық.
Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған.Кейінірек адамдар машина,автобус сияқты жерде жүретін көліктерді,ойлап тапқан.
-Балалар,сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме? Міне,адамдар түрлі жолдарын ойластырған,ең алдымен әуе шары пайда болды да,кейін маторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.
-Балалар,сендер суда жүзіп көрдіңдер ме?
-Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер арқылы жүзіп өткен.Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан. Ғажайып сәт: «Бағдаршам»қонаққа келіп түсіндіреді. Саламатсыңдар ма,балалар. Көшедегі қимыл- қозғалысты реттеу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Әрине бағдаршам. Қызыл,жасыл,сары көздеріне түсінік береді. -Жолда жүру тәртібі не үшін қажет? Бағдаршамның түстерін,пішінін сұрайды. -Бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?
Сергіту сәті:Музыкамен орындалады.
Ал енді,балалар,бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді құрастыру оқу қызметі мен жалғастырайық. Топтағы балаларды 3-топқа бөлеміз. 3- топқа бөлінген балалар суда жүретін,әуеде жүретін,жолда жүретін көлік түрлерін құрастырады. Тапсырма ұжымдық:
Саусақ жаттығуы жасалды. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ, Беске –бесті қосайық, Болып кетті он саусақ. Дидактикалық ойын: «Көліктерді орналастыр» Шарты:Су көлігін суға. Әуе көлігін әуеге. Жер көлігін жолға орналастыруы керек. |
Балалардың жауаптары:
-Жұмбақтың жауабын шешеді.
-Ұшақ,тікұшақ.
-Қайық. -машина.
Баладар мұқият тыңдайды.
-ия
-ия
Бағдаршам.
Жол апаты болмау үшін.
Сезім.
-Қызыл көзін ашқанда. Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда Өте бергін жасқан ба.
Балалар қандай көлік түрін құрастырғанын айтып,талдайды. Балалар пішіндерді орнына қойып,түстерін ажырата біледі.
Балалар көңілді орындайды.
Балалар ойынға қызыға қатысады. |
Рефлексивті-түзетуші |
-Балалар, біз бүгін немен таныстық ? -Адамға көлік не үшін қажет? -Жолда жүру тәртібі не үшін қажет? -Не құрастырдыңдар,балалар? Ал енді айтыңдаршы, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Ендеше оқу қызметін өлең шумағымен аяқтағым келеді. Көліктер. Қаламызда көліктің Алуан түрі табылар Ұшақ пенен кемелер Автобустар тағы бар Велосипед мініп ап, Жолды кесіп шаппаймын Жолда жүру тәртібін Мен осылай сақтаймын. |
-Көлік түрлерімен -Алыс жерлерге бару үшін керек. -Жол апаты болмау үшін. -Көлік түрлерін.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Жаттап алады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көлік түрлерін ажыратып,қызметін біледі.
Игереді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді.Көліктің түрлерінің өзгеріп,көбейюі адамның қиялына шығармашылығына байланысты екен.
Меңгереді:Жолда жүру ережелерін сақтауды.
Бекітемін «Таукент гүлдері» бөбекжай -балабақшасыМКҚК-ның меңгерушісі:
Жамиева.Қ.Н
.2019 ж
«райхангүл»кіші тобында
«Таным»білім беру саласы
«жаратылыстану» «Құрастыру»білім бөлімі бойынша
«көліктер»тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Орындаған тәрбиеші:Танеева.А
2018-2019 жыл.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Аппликация.
Тақырыбы: Достарыма арналған шарлар.
Мақсаты: Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.Жапсыру іс әрекеіне баули отырып,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Слайд,суреттер.
Блингвалдық
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу: Біз қандаймыз,қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз. Қуанайық,достарым. Күлімдейік достарым.
|
Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
-Балаларға түрлі түсті шарлар туралы түсінік беру. Жұмбақ жасыру: Бала біткен соғады, Жеңіл шарды домалақ. Ұрсаң ұшып жоғары, Жерге түсер домалап Ол не? Үрлесең үріліп кетер, Көп үрсең жарылып кетер Ол не? -Балалар ,тыңдаңдаршы,ненің дауысы? Балалар бүгін түлкі мен Қоянның туған күні екен.Олар достарының туған күніне арнап шарларды үрлепті. -Балалар, сендер түлкі мен қоянға шарларын үрлеп беруге көмектесесіңдер ме? Шарлардың пішіні қандай? Түстері ше? Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша және 1 дөңгелек сары шар,ал қоянның қолында 1 жасыл,1 қызыл дөңгелек шар бар.Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық. Түлкі мен қоян мәз-мейрам болды.Енді олар достарына сыйлықтарын сыйлай алады.
Сергіту сәті:Музыкамен орындалады.
|
Балалардың жауаптары:
- доп
-Шар Тыңдайды. - Иә,көмектесеміз.
Баладар мұқият тыңдайды.
Балалар көңілді орындайды.
|
Рефлексивті-түзетуші |
-Балалар, біз бүгін немен таныстық ? Шардың түстерін атап беріңдерші? -Бізге қонаққа кім келді? -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Балалар ,бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рахмет!
|
-Балалардың жауаптары: Балалар өз ойларымен бөліседі,тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді .
Балалар тәрбиешінің айтқан рақметіне қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Кеңістікті бағдарлай отырып рет-ретімен орналастыруды.
Игереді:Суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді,қажетті түстерді үйлестіре алуды.
Меңгереді:Желімді дұрыс қолдана отырып,орындалу ретін сақтап,бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
Бекітемін «Таукент гүлдері» бөбекжай -балабақшасыМКҚК-ның меңгерушісі:
Жамиева.Қ.Н
.2019 ж
«райхангүл»кіші тобында
«Шығармашылық»білім беру саласы
«Аппликация» білім бөлімі бойынша
«Достарыма арналған шарлар»тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Орындаған тәрбиеші:Танеева.А
2018-2019 ж
Бекітемін «Таукент гүлдері» бөбекжай -балабақшасыМКҚК-ның меңгерушісі:
Жамиева.Қ.Н
.2019 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген