Білім саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Жаратылыстану, Жапсыру
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты: Көліктер туралы түсінік қалыптастыру.
Көлік түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Көру және есту арқылы қабылдауды, зейінді, жалпы моториканы дамыту
Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап, Қолданылатын құрал: Көлік түрлері, тақырыптық слайдтар, суреттер. Билингвальды компонент: машина- машина, ұшақ- самолет, пойыз-поезд, қайық- лодка, көлік- транспорт.
|
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиеші қызметі |
Балалар қызметі |
|
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі |
Шаттық шеңбері. Картотека № |
бірлесе жасайды |
|
Ұйымдастыру-ізденушілік |
Балалар, бүгін мен сендерге бір жұмбақ алып келдім. Қане, жауабын шешіп көріңдер: Төрт аяғы дөңгелек, Екі көзі жанады. Рулін бұрсаң егер де, Керек жерге барады. (Машина-көлік) Дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгін көліктер туралы айтатын боламыз. Қанекей экранға назар аударып, көліктермен танысайық. Слайд: «Көліктермен танысайық» Балалар сендер көлік түрлерін білесіңдер ме? Мына суретте қандай көлік бейнеленген. Бұл – жеңіл көлік. Ол адамдарды тасиды. Оған көп адам отыра алмайды. Ал бұл – автобус. Автобуста орындықтар көп, сондықтан оған көп адам отыра алады. Бұл – жүк көлігі. Бұл көлік үлкен-үлкен заттарды тасиды. Бұл – ұшақ. Ол аспанда ұшады. Ұшақ керек жерге тез апарады. Алыс жерге бару үшін ұшаққа отыру керек. Бұл – кеме. Ол суда жүреді. Су үстінен өту үшін кемеге отыру керек. Бұл – пойыз. Ол теміржолда жүреді. Алыс жерге шаршамай, ыңғайлы бару үшін пойызға отыру керек. Д/О: «Топтастыр» О/Ш: Әуеде. Жерде. Суда топтастырады Балалар, сендерде велосипед бар ма? Ол да көлік түрі. Велосипедті жол бойында тебуге болмайды. Себебі, жолда басқа да көліктер болуы мүмкін. Сол үшін жол ережесін сақтау керек. Тосын сәт: Полиция қызметкері мен Дымбілместің келуімен ұйымдастыру. Полиция: - Сәлеметсіздерме? Қалдарыңыз қалай. Мына бала осы балабақшаның баласы ма? Велосипетіне отырып алып, ары-бері жүріп жолдағы көліктердің жүруіне кедергі болып жүр ғой. Тәрбиеші: -Ой бұл біздің Дымбілмес қой. Дымбілмес сенің оның не енді? Келе ғой саған біздің балалар жол ережесін үйрететін болады. Полиция: -Ияя үйретіңіздер. Жолдағы көлік қозғалысына кедергі жасауға болмайды. Қош сау болыңыздар. Балалар жолда қалай жүруіміз керек? –Көшеден өтер кезде, жаяу жүргіншілердің жолымен өтуіміз керек. –Ал ондай белгі болмаған кезде, оң жағымызға және сол жағымызға қарап көлік жоқ кезде өтуіміз керек. – Көшеде ойнауға болмайды. Жауаптарын толықтыру. -Ал көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауға бағдаршам көмектеседі. -Мына суретте не бейнеленген? Бағдаршамның үш көзі бар. Қане, түстерін атайық. Қызыл түс жанғанда – тоқтау керек. Сары түс жанғанда дайындаламыз. Ал жасыл түс жанған кезде жүру керек. Жауаптарын толықтыру. Адамдарға көп қызмет ететін көліктер де бар олар: Жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіруші көліктер. Балалар осы көліктерді кімдер жүргізеді? Жүргізушілер түнімен, күнімен қызмет атқарады, бұзылған көліктерді жөндеп жүргізеді екен, сондықтан ол кісілердің еңбегін бағалауымыз керек. Д/О: «Кім қандай көлікпен келеді» Мақсаты: Арнайы көлік түрлерін таныстыру. Жарайсыңдар балалар. Дымбілмес те сендерге көмектесті. Менде бір ұсыныс бар, Дымбілмеске әдемі есім берейік. Әдемі есім екен, Дымбілмес саған ұнады ма? Ендеше Көкетаймен жұмбақ оынын ойнап, бір билеп серігіп алайық. Сергіту сәті: Жұмбақ ойыны. Дымбілмеспен қоштасады. |
қызығушылық танытады. жұмбақтың шешімін табады. мұқият тыңдайды. слайд тамашалайды. Суреттерге қарап әңгімелейді. Ойынды қызыға ойнайды. -ияя баррр. мұқият тыңдайды. қызығушылық танытады. мұқият тыңдайды. Ол баланың Дымбілмес екенін түсінеді. полиция қызметкерімен қоштасады. жол жүру ережесін айтады. мұқият тыңдайды. Қызыл, сары, жасыл. Бағдаршам көздері нені білдіретінін айтады. мұқият тыңдайды. -жүргізушілер. ойынды қызыға ойнайды. -Көкетай болсын сергіту сәтін жасайды. |
|
|
|
|
Күтілетін нәтиже: Білуі қажет: Көлік түрлерін біледі; Қалыптасқан түсініктер: Қандай көліктердің арнайы көлік екен түсінеді; Орындаушылық қабілеті: Шартына қарай ойындарды ойнап, Сұрақтарға жауап береді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көліктер" ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз