400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көліктер жайлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • № 3 ҰОҚ

  • Білім беру саласы: Әлеумет.

  • Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

  • Тақырыбы: Көліктер.

  • Мақсаты: көлік түрлерінің қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру.


  • Міндеттері: 1. Балаларды көлік түрлерімен таныстыру;


  • Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру.


  • Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа баулу.


  • Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, үлестірмелі

  • материалдар.


  • Күтілетін нәтижелер:


  • Орындайды: көлік түрлерін ажыратуға арналған тапсырманы.

  • Түсінеді: құрлық, су және әуе көліктерінің маңызын.

  • Қолданады: алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу дағдыларын.

  • Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, үлестірмелі материалдар.

  • Сөздік жұмыс: жүк мәшинесі.

  • Билингвалды компонент: көлік – транспорт, ұшақ – самолёт, кеме – корабль.


  • ҰОҚ барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі


  • Білімді өзектендіру.


  • – Балалар, бүгін бізге қонжық қонаққа келді. Ол бізден көмек сұрап келіпті. Педагог қонжықтың дауысын салып сөйлейді:


  • – Маған мәшине түрлері және олардың пайдасы туралы айтып беріңдерші.


  • Негізгі кезең Әңгіме өткізу.

  • – Слайдтарға қарап, қандай көлік түрлері бар екенін анықтайық.

  • 1-слайд: мәшине, автобус, ұшақ. Жүк мәшинесі, кеме.

  • – Суреттегілердің аттарын атаңдар.

  • – Оларды бір сөзбен қалай атауға болады.

  • 2-слайд: жеңіл және жүк мәшинелері.

  • – Мына екі мәшине туралы не айтуға болады? Екеуінің қайсысы жүк мәшинесі?

  • – Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?


  • – Иә, дұрыс айтасыңдар. Жүк мәшинесінің дөңгелектері көп. Ол жүк тасиды. Мысалы: құм, тас, ағаш т.б. заттарды тасымалдайды. Ал жеңіл мәшинемен кімдерді тасиды?


  • – Дұрыс айтасыңдар. Жеңіл мәшинемен жолаушылар тасымалданады. Оның жолаушыларға арналған салоны бар. Ал жүк мәшинесінің жүргізуші отыратын кабинасы және қорабы бар. Ал мәшинені кім жүргізеді?


  • Жеңіл мәшине да, жүк мәшинесі да – құрлық көліктері.

  • Билингвалды компонент:

  • көлік –транспорт, ұшақ – самолёт, кеме – корабль.

  • Сергіту жаттығуы.


  • 1, 2, 3, 4, 5 – мәшине жүргізуді бейнелейміз. 1, 2, 3, 4, 5 – велосипед тебуді бейнелейміз.

  • Су және әуе көліктері туралы әңгіме жүргізу.


  • – Егер қонжықтың жолында өзен немесе теңіз кездессе, олардан қандай көлік түрлері арқылы өтеді?


  • – Кеме – корабль. Кәне, бірнеше рет қайталайық. Кеме және қайық – су көліктері.

  • – Егер биік-биік таулар кездессе ше?

  • – Ұшақ – самолёт.

  • – Дұрыс, ұшақпен ұшып өтеді. Ұшақ – әуе көлігі.

  • Үлестірмелі материалдармен жұмыс.


  • – Қонжық біздің айтқандарымызды ұмытып қалмас үшін көлік түрлері бейнеленген жапсырмаларды жапсырайық.


  • Жеке жұмыс жүргізеді.


  • Рефлексия.


  • – Жарайсыңдар, балалар! Кішкентай қонжық көліктер туралы көп мағлұмат алды. Сонымен көліктер не үшін керек екен?


  • – Қандай көлік түрлері болады?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
767
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі