400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көліктер. Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктердің адамға қажеттілігіне назар аударту. Көліктердің қолдану аясы туралы түсінік беру. Ой өрісін дамыту, дүниетаным кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақжелкен ересек тобы.

Топ тәрбиешісі: Бегентаева Жайдар.

Білім саласы: Қоршаған орта.

Білім бөлімі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

Көліктердің адамға қажеттілігіне назар аударту.

Көліктердің қолдану аясы туралы түсінік беру.

Ой өрісін дамыту, дүниетаным кеңейту.


Көрнекілігі: суреттер, ойыншық көліктер, ноутбук, проектр, әртүрлі көліктердің суреттері.

Оқу іс әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті.

Мотимациялық қозғаушылық










Ұйымдастыру-

шылық-

ізденістік

Шаттық шеңбері.


Жаздай жинап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жардырап,

Судай таза көңілмен.

“Балдырған” бақшасында

“Ақ желкен” тобында.

Татумыз , доспыз бәріміз, Жадырасын жанымыз.


-Балалар көңіл күйлерің қалай?

-Жақсы демалып келдіңдер ме?

-Кәзір жылдың қай мезгілі?

-Қай айы?

-Терезеге бір сәт қараңдаршы, ауа райы қандай екен?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?


-Ия балалар.

-Сендерді балабақшаға кімдер әкеледі?

-Немен келесіңдер?

-Кімдер қандай көлікпен келеді?

-Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз көліктер жайлы болмақ

Балалар ертеде қазіргідей көліктер болмаған. Ол кезде адамдар ­­­түйені, атты, көлік ретінде пайдаланған. Атқа арба жегіп көлік ретінде пайдаланған, алыс сапарға түйені пайдаланған.

Қазіргі заманда жаңа техналогияны пайдаланып көлік түрлеріде өзгеріске ұшырауда.

Бір сәт ойланайықшы көзімізді жұмайық, көз алдымызға көліктерді елестетіп көрелік. (көптеген көліктер)

Енді көзімізді ашайық, қандай көлік түрлері бар?

-Көліктер қандай жолдарда жүреді?

-Машинаны кім жүргізеді?

-Поезды кім жүргізеді?

-Ұшақты кім жүргізеді?


Мен сендерге жұмбақ жасырайын


Құс сияқты құс емес

Самғап ұшар биікке

Қақпайды бір қанатын

Жүрсе де тым биікте

-Балалар ұшақ қайда ұшады?

-Ұшақ жайлы не білеміз?

-Ұшақ туралы кім тақпақ біледі?


Көлдерден көктей өт

Таулардан жетпей ұш

Бұлттардан жарып ұш

Бұлттардан әрі ұш

Тоқтаусыз төтеле

Жетейін көкеме

-Жарайсың қызым.


Балалар мына суретте назар аударыңдаршы

Суретте не бейнеленген?

Суретте ненің суретін анық көре аласыңдар?

Суда қандай көлік жүреді?

Қайықты кім басқарады?

Ескекті кім еседі?

Қайық туралы кім өлең шумағын біледі?


Суда жүзген қайықпын

Жүзіп жүрген бала көп

Оңға солға бұрылып

Жүзеді екен бала көп.


Жұмбақ


Суда сайраңдайды

Құрғақта қайраңдайды

Жарайсыңдар.


Балалар тағы қандай жолдарды көріп тұрмыз.

Жолда қандай көлік жүреді

Мына жолда қандай көлік жүреді ?


-Автобус машина туралы өлең шумағын кім біледі.


Бип-бип, бип-бип дейді

Жолдан былай кет дейді

Күшікті басуға басуға

Болмайды болмайды машина


Автобус қандай көлік ?


Сергіту сәті


Балалар бой жазып сергіп алайық.


Балалар көліктер 3ке бөлінеді екен

Олар: жер,су - ауада жүретін көліктер.


Тосын сәт.

Топқа әжей келеді

Жетектеген немересі бар.


Әжей

-Сәлеметсіздер ме, балалар.

-Мен сіздерге арнайы келдім

Немеремде сендер секілді, көп үйреніп көп білсе деп едім.

-Өзім көзім нашар көреді,

Немереме қауіпсіздік ережесін, және қауіпті жағдайда не істеу керек екенін үйретіңдерші.

Ол да сендер секілді ақылды бала болып өседі.

-Келіңіз әже төрлетіңіз

Балалар көліктердің пайдалы және зиянды жағын айтыңдаршы.


Пайдасы не ?

Зияны не ?


Дыбыстарға назар аударайық, әжейдің немересіне қай дыбыс қандай көлікке тиісті екенін айтып берейік.


Көліктің дыбыстарын сұрау

Балалар мына суретте қандай көлікті көріп отырсыңдар?


Бұл көліктер бізге керек пе ?



Өрт сөндіру машинасы қандай жағдайда керек?


Жедел жәрдем қандай жағдайда қажет ?

Полиция көлігі немесе қандай жағдайда қажет ?

Олай болса балалар осы көліктерді шақыру үшін телефоннан қандай номерлерді тереміз.


Кәне балалар біз Әжейдің немересіне жазып көрсетейік, есіңде сақтап алсан

Балалар 101  102  103 номерлерін жазады.

Жарайсыңдар балалар.

Тақтадағы табиғаттың суретінде жолдар бейнеленген осы жолдарға әр көлікті сәйкестендіріп орналастырайық.


Жарайсыңдар балалар

Қай көлік қандай жолмен жүреді ?


Біз бүгін қандай тақырыпта әңгімеледік?


Көліктер жолдарда жүреді екен, ал адамдар ше?

Олар қандай жолмен жүреді ?

Ия, дұрыс.

Жолды реттеп тұратын құралды қалай атайды ?

Көрдіңіз бе, Әжей біздің балалар біраз нәрсені біледі.

-Әжей

-Ия балалар сендер ақылды, зерек екенсіңдер, біз енді қайтайық.

Сау болыңдар балалар.

Әжей бізге қонаққа келіп тұрыңыздар.














-күн жылиды

-қар ериді








-көлікпен

















-әртүрлі

-жүргізуші

-машинист

-ұшқыш






ұшақ









-Ажар
























Қайық



-көлік жолы

-темір жол

-поезд жол

-автобус

машина









-көпшіліктің көлігі





























-алыс жерге тез жетеміз!

-түтіні адамға зиян!








-өрт сөндіру

-жедел жәрдем

-газ машинасы


-өрт болған жағдайда


-адамдар сырқаттанған кезде










Балалар жұмыс жасайды










Арнайы жолаушы жолмен






Бағдаршам

Рефлексиялық

түзетушілік

-Балалар көліктер не үшін керек?

Ертедегі көліктерге не пайдаланған , қандай жануарларды?.

Қазіргі кездегі көліктер сендерге ұнайма?

Сурет бойынша көліктердің аттарын атаңдаршы ?

Жарайсыңдар балалар.

Сендер ақылды, алғыр, зерек баласыңдар.

Мен сендерді мақтан тұтамын.



Түйе, ат, өгіз




Күтілетін нәтиже

Орындайды: көліктерді өз жолдарына орналастыруды.

Түсінеді: көліктердің адам өміріне қажеттілігін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі