400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көліктер сабақ шағын орталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Көліктер туралы қысқаша түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Көліктер.

Сабақтың мақсаты:

Көліктер ұғымына түсінік беру.

Қарапайым жолда жүру ережесімен таныстыру.

Танымдық қабілетін және ұсақ моторикасын дамыту.

Ұқыптылыққа, ептілікке, шапшандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: Көліктердің суреттері, ойыншықтар, тақтаға ілетін құралдар,бор, дидактикалық материалдар.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Жылулық шеңберінде тұрып жылы лебіз,тілек сөздерін айту.

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын

III. Жаңа сабақ.  

Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.

-Балалар, мына суреттен нелер бейнеленген?

Көліктердің аттарын атаңдар?

Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

IY.Сергіту сәті:  Отырамын рөлде,

Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде.

Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым-машинам,

Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға.

Бидай мен арпаңды.

Ойын-саяхат: Балалар біз саяхатқа шықтық деп ойлап көрейік.
- Көрші қалаға бару үшін қандай көлік түрін таңдар едіңдер?
Балалардың зейінін олардың ортақ белгілеріне аударады.
- Ортақ белгілері не?
- Оларға дөңгелектер не үшін керек?
- Бір сөзбен бұл көліктерді жерде жүретін көліктер дейміз.

Альбоммен жұмыс: Көліктердің суреттерін пішіндер арқылы құрастыру.

V. Бекіту. «Кім жылдам» ойыны. 

Әр бала көліктердің бөлшектерін құрастырып магнитпен тақтаға жапсырады.

VI. Қорытынды.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорыту.
VII. Бағалау.

Оқу іс - әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.01.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі