400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көліктер түрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық саласы бойынша жапсыру іс-әрекеті арқылы балалардың көлік түрлерін танып білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ-кіші «Сәулетай» тобы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру салалары: Шығармашылық.

Бөлімдері: Жапсыру.

Тақырыбы: «Машина».

Мақсаты:

1. Білімділік: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау;

2. Дамытушылық:машинаның қызметі және бөлшектерімен таныстыру;

3. Тәрбиелік:жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс:көлік түрлері туралы, оның бөліктері туралы әңгімелеу, сурет бойынша көрсету, әңгіме құрастыру.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айдар, Айсұлу есімді қуыршақтар.

Сөздік жұмыс: автокөлік-автотранспорт.

Билингвальді компонент:автокөлік-автотранспорт


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Жұмбақ

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (Автобус).



Балалар тәрбишінің жасырған жұмбағын шешеді: Автобус.




Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, тыңдаңдаршы.

Бұл-Айсұлу мен Айдар атты қуыршақтарымыз екен ғой.

Олардың көңіл-күйлері жоқ сияқты, өздерінен сұрап көрейік.

Қуыршақтар:

-Біз күнде әдемі машинамызбен серуенге шығатын едік, енді ол бұзылып қалды, бізге жаңасы керек болып тұр,-дейді.

Тәрбиеші:

-Балалар, Айдар мен Айсұлуға біз көмектессек қалай болады, машина жасап берейік.

-Айдар, Айсұлу сендер де бізге қосыласыңдар ма?

-Бүгін біз машина жапсыруды үйренеміз.

-Балалар, машинаның пішіні қандай?

-Ал оның қандай көлік түріне жататынын білесіңдер ме?

Мен сендерге машина туралы әңгімелеп берейін. Машина жеңіл көлік түріне жатады. Оның көлемі үлкен болады және пішіні тіктөртбұрыш тәріздес, сонымен қатар терезелері, дөңгелегі және негізгі бөлігі (корпусы) бар.

Қазір біз машина бөліктерін геометриялық фигурадан жапсырамыз.

Сөздік жұмыс: Ең алдымен корпусын доғал бұрыштан ал терезелерін, дөңгелектерін дөңгелектен жапсырамыз. Сонымен қатар оның шамдары және вамперлері болады. автокөлік-автотранспорт.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынамыз,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

-Балалар, Айдар мен Айсұлудың көңіл күйлерін тезірек көтеру үшін жұмысты бастайық. Тәрбиеші жапсыру жұмысы кезінде қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын талдайды, қорытындылайды.



Балалар тыныштала қалды.

Келген қуыршақтармен амандасады, қуанады.


Балалар Айдар мен Айсұлудың айтқандарын мұқит тыңдайды.


-Көмектесуге дайынбыз.


-Төртбұрышты.




Балалар тәрбишінің айтқандарын мұқият тыңдайды.



Қайталайды: автокөлік-автотранспорт.






Балалар сергіту сәтін тәрбишімен бірге қайталап айтады., қимыл-қозғалыстар жасайды.




Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар, біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істедік? Сендерге жасаған жұмыстарың қызық болды ма?

Енді машиналарымызды Айдар мен Айсұлуға сыйлайық.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.


-Геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсырдық. Балалар Айдармен, Айсұлумен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсыруды;

Қандай түсініктерді игереді: көлік қызметін, оның ерекшеліктерін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: маштна көлігі туралы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі