400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көліктер түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің түрі:Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көліктер түрлері»

Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,  аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.

Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз-поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

  Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 













 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы-ізденуші

 

 

 

























































Рефлексивтік-түзетуші

- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің  керек, солай  ма?

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастайық.

-Сәлем, саған алтын күн!
-Сәлем, саған көк аспан!
-Сәлем, саған жер ана!
-Сәлем, саған достарым!
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің  төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап  беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не?

- Ол адамға неге қажет?

- Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен  келесіңдер?

- Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.

   Жұмбақтар

1.  Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.

2.  Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте

3.  Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.

4. Жүргізуші  жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.

- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы.  Көліктердің қандай түрлері болады?

Әңгіме: «Көліктер».

  Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас  жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт  түрлері бар. Олар:

   1. Әуеде ұшатын көліктер:
   2. Суда жүзетін көліктер:
   3. Жерде жүретін көліктер:
   4. Темір жол көліктер:

 Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.

Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге  жануарлар арқылы және жануарларға жегілген  екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап тапқан.

- Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме?  Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.

- Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер  ме?

- Ал қайықпен ше?

- Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер  арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

-Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп  алайық.

 Сергіту сәті


Қорытынды:

-Көліктің қандай түрлері болады?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?



 

 

-Ия

 

 

-Балалар өлең жолдарын қайталайды










Балалардың жауабы



-Жұмбақтардың  жауабын шешеді


- Пойыз


- Ұшақ


- Қайық


- Машина

- Балалар суреттерге  қарап көліктердің  түрлерін айтады.

- Ұшақ, тікұшақ, зымыран

- Кеме, қайық,

-Жедел жәрдем, өрт сөндіру, жеңіл машина

 

 



































-Әуенді қайталап, іс-қимыл жасайды.

 

Балалардың  жауабы.


 Күтілетін нәтиже:


Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі