400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коллоидты химия тақырыбында ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне арналған. ЖОО студенттеріне де қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коллоидтық химия – дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. Коллоидтық химия физикалық химияның күрделі бір бөлімі болып қалыптасты, 19 ғасырдың 60-жылдарында жеке ғылым саласына айналды.

Қазіргі коллоидтық химия - бұл химия, физика, биология тоғысында орналасқан ғылым. Коллоидтық химияның арнайы пәнаралық позициясына ағылшын тіліндегі әдебиеттерде «коллоидтық ғылым» (ағылш. Коллоидтық ғылым) немесе «ғылым туралы интерфейс» (ағылш. Interface science) деген атаулар жиі қойылатындығы баса назар аударылады.

Коллоидтық химия дисперстік жүйелердің түзілу және бұзылу жолдарын, қасиеттерін, фазалардың жанасу беттеріндегі молекулааралық әрекеттесу құбылыстарын зерттейді. Сондай-ақ, оның зерттеу нысандарына әр түрлі дисперстік жүйелер, дисперстік фазалар мен дисперстілеу ортаның жанасу беттері, адсорбциялық қабаттар, ламинарлық және фибриллалық жүйелер, аэрозольдер, ұнтақтар, көбіктер, эмульсиялар, жүзгіндер (суспензиялар), әр түрлі гельдер мен зольдер жатады. Қазіргі Коллоидтық химия мына құбылыстар мен процестерді қарастырады: 1) беттік және капиллярлық құбылыстар (адсорбция және жүзу құбылыстарының термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтары, адсорбциялық қабаттардың қасиеттері, беттік белсенді заттардың әр түрлі фазааралық беттерге әсер ету заңдылықтары мен механизмдері); 2) қатты дене беттерінің химиясы (қатты денелердің беттік қабаттарындағы кристалдың және электрондық құрылымдарының ерекшеліктері, оларда болатын сорбциялық құбылыстар заңдылықтары); 3) электркинетикалық және электркапиллярлық құбылыстар және ион алмасу құбылыстары (коллоидтық электрхимия); 4) дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері (коллоидтық оптика); 5) дисперстік жүйелердің молекула-кинетикалық және тасымал құбылыстарын зерттеп, оларды дисперсиялық талдауға пайдалану; 6) лиофильдік және лиофобтық дисперстік жүйелердің пайда болу (түзілу) термодинамикасы мен теориялары, оларды алу және тазарту жолдары (диализэлектрдиализ және ультрафильтрация); 7) лиофильдік коллоидтық жүйелер, олардың пайда болу аймақтары, екі-үш құрауышты беттік-белсенді заттары бар термодинамикалық тепе-теңдік жүйелердің құрылысын зерттеу, жұқа қабыршақтардың термодинамикасы мен физика-химия гидродинамикасы, қабыршақтардың жұқалану заңдылықтары; 8) дисперстік жүйелердің тұрақтылық теориясы, тұрақтылық факторлары, дисперстік фаза бөлшектерінің коагуляциясы (флокуляциясы), коалесценция және олардың заңдылықтары; 9) дисперстік жүйелердің физика-химия механикасы, дисперстік жүйелердегі құрылым түзілу, олардың түрлері және заңдылықтары, реологиялық зерттеулер. Коллоидтық химия құрылыс материалдары мен силикаттар, бояу мен пигменттер және қатты заттарды ұнтақтап майдалау технологиясының, флотация әдісі мен кен байыту технологиясының, жуу процестерінің негізін құрайды. Мұнайдағы өте майда су эмульсиясын бұзу арқылы оны су мен тұздан тазарту, көбіктерді өрт сөндіруге қолдану, т.б. маңызды мәселелер Коллоидтық химия негізінде шешіледі. Коллоидтық химияның биологиягеологиямедицина т.б. ғылымдар үшін де маңызы зор. Қазақстанда Коллоидтық химия саласындағы зерттеулер А.В. Думанскийдің жетекшілігімен 1942 – 44 ж. басталды. Қазақ ұлттық универстетінде (Қ.МұсабековЖ.ӘбілевВ.П. Пальмер) үлкен молекулалы заттардың жаңа класы – полиэлектролиттер мен кіші молекулалы беттік актив заттар алынып, бұларды фазаға бөлу (С.АйдароваК.Омарова), солюбилизация (Т.И. Юй Цун-синь) және флокуляция (Н.Түсіпбаев) процестерінде қолдану әдістері табылды. Химия ғылымдары институтында Қазақстанның минералды адсорбенттері (Ш.Батталова), тұтқыр заттар қатаюының физика-химия негіздері (С.Сүлейменова) зерттелуде, тұзды суды тұщы суға айналдыру мәселелері шешілді (Е.Ерғожин), жаңа флокулянттар алу (Е.Шайхутдинов), пайдалы қазбалар мен өте төзімді көбіктерді флотациялық жолмен байыту (А.БайшолақовМ.Баймаханов), иониттерді алмастыра сорбциялау (А.Дадабаев) әдістері іздестірілді, беттік актив заттардың электродтық процестерге (М.Наурызбаев) және техникалық аэрозольдердің тұрақтылығына (А.А. Цыпура) тигізетін әсері анықталды. Республикада Коллоидтық химия жөніндегі зерттеулерді Қазақ ұлттық университеті үйлестіріп отырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.01.2021
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі