400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коллоидты химияның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне арналған. ЖОО студенттеріне де қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспар
I.    Кіріспе. 
      Коллоидты химияға ғылым ретінде сипаттама. 
II.    Негізгі бөлім
a)    Коллоидты химияның маңызы, негізгі даму кезеңдері.
b)    Дисперстілік шамасы. Дисперсті жүйелердің классификациясы
c)    Коллоидты бөлшек-тердің құрылысы. 
III.    Қорытынды


Коллоидты жүйе туралы  түсінік

    Коллоидты жүйе туралы зерттеулерді итальян оқымыстысы Ф Сельми 1845 жылы жүргізді.Ол белгілі көлемдегі суда таралған күкірт, хлорлы күміс, берлин көкшіл бояуы сияқты жүйелерді зерттеді. Ол басқа мысалы ас тұзы ерітіндісіне қарағанда бұл ерітінділердің бөлшектерінің үлкен ірілеу екенін байқады. Ал 1861 жылы Томас Грэм коллоидты химияның дамуы үшін өте маңызды зерттеулер жүргізіп, дисперсті жүйені диффузия жылдамдығына қарап, жақсы және нашар еритін диффузияланушы деп екі класқа бөлді. Оларды крисаллоидтар және коллоидтар деп атады. Т.Грэм кристаллоид пен коллоидты бір-бірінен бөліп алу әдісін ашты және бұл әдісті диализ деп атады. Бір зат өте майда түрде /дисперсті фаза/ басқа бір зат / дисперсті ортада/ көлемінде біріңғай таралса, ол жүйені дисперстік жүйе дейді.
Дисперстік фаза мөлшеріне орай ірі және майда дисперсті жүйе болады.Егер бөлшекткрдің мөлшері 10 -3-10 -5см болса, оларды ірі дисперстік жүйе дейді. Оларға суспензиялар (қ/с), эмулсиялар (с/с) және көбіктер жатады. Дисперсті фазаның бөлшектерінің мөлшері 10 -5-10 -7см болса, майда дисперстік жүйе дейді. Оларды коллоид ерітінділер немесе зольдер дейді. Зольдерді диспергирлеу (майдалау)және конденсациялау/ұлғайту/ әдістерімен алады.Екі жағдайда да дисперстік фаза дисперстік ортада ерімеуі тиіс. Зольдің құрамында дисперстік фазаның бөлшектері үлкен агрегаттарға бірікпеуі үшін арнайы зат- стабилизатор қосады. Золь арқылы /суспензия мен эмульсия арқылы да/ сәуле өткізгенде жарқыраған конус байқалады. Оны Тиндаль конусы дейді.Бұл дисперсті жүйенің гетерогенділігін көрсетеді және дисперсті фаза бөлшектерінің сәулені шағылыстыруынан болады. Зольдің дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшерлері өте кішілігіне /10 -5-10 -7см/ қарамастан, олардың құрылымы өте күрделі. Кальций карбонатының судағы золін мысал ретінде алайық. Ол үшін мына реакцияны пайдаланамыз:

СаСl2 + Na2CO 3 = CaCО 3 + 2NaCl         (1)      

Стабилизатор ретінде кальций хлоридін аламыз- оны артық мөлшерде қосамыз.

СаСl2 → Са2+ + 2Сl-                                                      (2)

Судағы ерімейтін кальций карбонаты,CaCО3 молекулалары бір-біріне жабысып, болашақ бөлшек ядросын құра бастайды,алайда артық иондардың адсорбциясы нәтижесінде ядроның әрі қарай өсуі тоқтайды. Мынадай ереже есте қалу керек: кез келген қатты заттың бетіне кристалл торды толтыра алатын, яғни сол беттік қабатпен ортақ атомдық топтары бар иондар алдымен адсорбцияланады. Біздің мысалда беттік қабатқа Са2+ не CО3 2- иондары адсорбцияланады , алайда артық мөлшерде тек Са2+  ионы  бар. Сондықтан Са2+  ионы беттік қабатқа адсорбцияланады. Ядро бетіне адсорбцияланатын иондар потенциал көрсеткіш деп аталады. Потенциал- көрсеткіш иондар ядроға жақсы тартылады да, өзіне қарама- қарсы зарядты/ бізде-Сl- / тартылады, оларды қарсы иондар деп атайды. Қарсы иондардың біразы бетінде жақсы ұсталады, ал басқа бөлігі диффузия нәтижесінде диффузиялық қабатта орналасады .

{[/m CaCО3/   • n Са2+•  2/ n –х/ Сl --]2х+ •2х Сl --}0

ядро         адсорбциялық қабаты      диффузиялық қабаты
түйіршік (гранула)
мицелла
        
демек, адсорбциялық және диффузиялық қабаттарды артық мөлшерде алынған электролиттер, яғни стабилизатор иондарын құрады. Сол сияқты күміс нитратын мысал ретінде аламыз, және де  АgNO3 артық алынғандағы AgI мицелласының түзілуін көреміз.

Адсорбциялық қабатпен ядроны коллоид бөлшек немесе гранула дейді . Түйіршік пен диффузиялық қабат қосылып мицелла түзеді. Әрқашан n >х болғандықтан коллоид бөлшектің заряды болады. Біздің мысалда оң заряд. Егер кальций карбонаты, CaCО3 золін даярлау кезінде артық мөлшерде натрий карбонаты, Na2CO3 ерітіндісі алынса, мицелла құрамы мынадай болады: 

Na2CO3 →2Na ++ CO32-      (3)

{[/m CaCО3/   • n СО32-•  2/ n –х/ Na +]2х-•2х Na + }0

колоид бөлшектерде бірдей электр зарядының, гидрат қабатының және белгілі / броундық/ қозғалыстың болуы зольдің тұрақтылығын көрсетеді. Зольдің тұрақтылығын белгілі бір жағдайда ғана сақталады. Жағдай өзгерген кезде коллоид бөлшектердің бірігуі нәтижесінде золь бөлінеді. Осындай коллоид бөлшектердің үлкен бөлшектерге айналуын коагуляция деп атайды. Коагуляция жүрген сайын золь тұманданып, коллоид бөлшектер тұнбаға түсе бастайды. Коллоид бөлшектердің тұнбаға түсу процесі седиментация деп аталады.  Алайда ,практикада осы екі процесті/ үлкею мен тұну/ жай коагуляция дейміз. Әр түрлі электролиттерде, араластыру, сілку, өте қатты қыздыру не суыту, центрифугалау арқылы коагуляция тудыруға болады. Барлық жағдайда коагуляцияның себебі бөлшектердің дисперстік ортамен байланысының әлсіреуі болып табылады. Золь тұрақтылығының басты себебі электр заряды бір аттас иондардың болуы, олар иондардың бірігуіне кедергі келтіреді. Сондықтан коагуляциялау әдістері осы зарядтарды компенсациялауға, яғни электролит қосуға негізделген. Зольге электролит қосқанда ерітіндідегі иондардың жалпы концентрациясы артады, соған орай   мицелланың көпшілігі диффузиялық қабаттан адсобциялық қабатқа өтеді,соған орай бөлшектің заряды төмендейді. Электрлік тебіліс күштері төмендеп, бөлшектер бір- бірімен бірігіп үлкен бөлшектерге айналады. Сонымен, золь агрегаттық, содан соң кинетикалық тұрақтылығын жояды /үлкен бөлшектер тұнбаға түсе бастайды/. Тұнбаны коагулянт дейді. Коагуляцияны электролиттің коллоид бөлшек зарядына қарсы заряды бар ионы тудырады. Иондар заряды өскен сайын оның коагуляциялық қабілеті артады. Коагуляцияны электролит қоспасымен іске асыруға немесе қарсы заряды бар екі зольдің өзара коагуляциясы арқылы жүргізуге болады. Сольват қабығы шамалы лиофобтық зольдерді коагуляциялау жеңілірек. Олардың тұнбалары ұнтақ не сулы қабыршықтар болады. 
Лиофильдік зольдерді коагуляциялау қиын және көбінесе қоймалжың тұнба түзеді. Кейде барлық золь тығыз массаға гельге айналады. Жаңадан түзілген гельдер қайтадан зольге айнала алады. Бұл процесті пептизация, ал тудыратын затты пептизатор дейді. Пептизаторлар/ көбінесе электролиттер/ бөлшектің бетіне адсорбцияланып, олардың бір- біріне әсерін әлсіретеді, соның нәтижесінде агрегаттар ыдырап, гель зольге айналады.
гель→золь ( пептизация)
золь→гель ( гельдің түзілуі)
 
Золь арқылы суспензия мен эмульсия арқылы да сәуле өткізгенде жарқырыған конус байқалады. Оны Тиндаль конусы дейді. Бұл дисперсті жүйенің гетерогенділігін көрсетеді және дисперсті фаза бөлшектерінің сәулені шағылыстыруынан болады. Зольдің дисперстік фазасы бөлшектерінің мөлшерлері өте кішілігіне 10-5-10-7см  қарамастан , олардың құрылымы өте күрделі. Кальций карбонатының судағы золін мысал ретінде алайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі