400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Комбинаторика формулалары

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1C бөлім: Комбинаторика элементтері және ықтималдық теориясы

Мектеп: « Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Күні:04.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Есмамбетова Л.С.

Сынып: 10 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтардын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, терулер және орналастыруларды есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.4 – комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

– қайталанбалы алмастырулар, терулер және орналастыруларды есептеу үшін формулаларды қолданады;

– комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығарады.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді:

– қайталанбалы алмастырулар, терулер және орналастыруларды есептеу үшін формулаларды қолданады;

– комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қайталанбалы және қайталанбайтын алмастыруларды есептеу формулаларына сипаттама бере алады, шарттарды қолдана отырып ауызша ұсына алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Орналастыру, алмастыру, теру, n –нен k элемент алу, таңдама, шеру, реттеу, п элементтен k бойынша алынған комбинациялар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сіз оларды ... әртүрлі тәсілмен орналастыра аласыз......

Қайталанбайтын алмастыру дегеніміз ...

Қайталанбалы алмастыруларды есептеу үшін ...

Қайталанбалы алмастыру мен қайталанбайтын алмастыру арасындағы айырмашылық ...

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілік құндылықтары сабақ барысында дамыту

Пәнаралық байланыстар

-қазақ тілі, лингвистика (әріптердің комбинациясын қарастыру)

-криптография (шифрлаудың әдістерін құру)

- спорттық сайыстары (қатысушылар арасындағы ойындар санын есептеу)

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентацияны қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану. Калькулятор қолдану.

Бастапқы білім

Жиындарды қосу және көбейту ережелерін біледі. Комбинаторика эементтерін: қайталанбайтын алмастыру, орналастыру және теруді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

3 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • «Жағымды мінез» әдісі арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатамын. Оқушылар бір-біріне есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетін мінезін атап өтеді. Бұнда оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, бір-біріне сыйластығы артады.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  • Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру.

1-4 слайдтар


Сабақтың ортасы

15 мин



































18 мин

  1. Топтық жұмыс. Мұғалім оқушыларды 4 топқа бөледі, «Тарсия» ойынын топта орындайды. Берілген тапсырмалар өтілген тақырыптарға, яғни орналастыру, алмастыру,теру формулаларын қайталауға арналған.

Рисунок 2







ІІІ. «Миға шабуыл» әдісі

Бейне көрсетілім және 3 жаттығу

«БАЙТЕРЕК» сөзінен кездейсоқ бес әріп таңдап алынды. Таңдап алынған әріптердің үшеуі дауысты болу ықтималдығын тап.

Дескриптор:

-комбинаторика формулаларын қолданады;

-ықтималдықтың формуласын қолданады;

-өрнектің мәнін есептейді.

ҚБ «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

Бір-біріне кері байланыс беріледі.




IV. Топтық жұмыс. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Желтоқсан алаңы)

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.

Мұғалім оқушыларға ақынның өлеңін оқи отырып,тәуелсіздік туралы оқушылардан сұрайды.

Тапсырма. «тәуелсіздік» және «желтоқсан» сөзінің әріптерінен неше алмастырулар жасауға болады?

Дескриптор:

-комбинаторика формулаларын қолданады;

-өрнектің мәнін есептейді.

Топтар сағат тілінің бағытымен бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

V. Деңгейлік тапсырмалар


Мұғалім оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындауды ұсынады. Оқушылар өздері рет-ретімен тапсырманы жеке орындайды. Мұғалім оқушыларды бағалайды.



А деңгейі

  1. А, В, С, D, Е әріптерін қолданып, үшбұрыштың төбелерін неше тәсілмен белгілеуге болады? ( )

  2. 4, 5 және 6 цифрларынан тұратын, құрамында 4 цифры үш рет, ал 5 пен 6 цифрлары екі-екіден қайталанатын неше жетітаңбалы сан бар? (Р_7 (3,2,2)=7!/(3!∙2!∙2!)=210)

В деңгейі

1,2,3,4,5,6. Осы цифрлар көмегімен неше үштаңбалы сандар құруға болады?( Екі жағдайда қарастыр)

Егер цифралар қайталанатын болса, 63=216

Қайталанбайтын болса, А36=120



С деңгейі
Сіздерде екі түрлі гүлден құралған гүлдер жиынтығы бар, қанша түрлі тәсілмен 5 гүлден тұратын гүл шоғын жасай аласыздар?

Дескриптор:

-комбинаторика формулаларын қолданады;

-өрнектің мәнін есептейді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаған оқушылар «Пилот және Штурман» әдісі арқылы

қолдауды аз қажет ететін білім алушылар қолдауды көбірек қажет ететін білім алушыларға көмек көрсетеді.

Нәтижесі:Ойлау, түрлі ой тұжырымдау,дұрыс шешім қабылдау дағдылары қалыптасады.

Оқушылар дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды.

Оқушы оқушыға, мұғалім оқушыларға кері байланыс беріледі.

Қосымша тапсырмалар:

  1. 4 оқушыға 12 оқулықты неше түрлі тәсілмен тең үлестіріп беруге болады? ( )

  2. Неше тәсілмен 3 оқушыны 5 орындыққа отырғызуға болады? (5·4·3=60)

  3. 15 оқушыны 3, 5 және 7 оқушыдан құралған үш топқа неше тәсілмен бөлуге болады? ( )

  4. Мини футболдан бір айналымдық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге 5 команда қатысты. Турнирде барлығы неше ойын ойналған? ( )

  5. Шеңбер бойынан 12 нүкте алынған. Төбелері осы нүктелерде орналасқан неше үшбұрыш салуға болады? ( )

  6. 4, 5 және 6 цифрларынан тұратын, құрамында 4 цифры үш рет, ал 5 пен 6 цифрлары екі-екіден қайталанатын неше жетітаңбалы сан бар? ( )

  7. Математикалық олимпиадаға қатысушыларға бір кітаптың 3 экземпляры, екіншісінің 4 экэемпляры және үшіншінің 8 экземпляры дайындалды. Олимпиадаға қатысушы 30 оқушыға осы кітаптарды неше тәсілмен сыйға тартуға болады, егер әрқайсысына бір кітаптан артық беруге болмайтын болса? ( )


5-слайд

Қосымша









https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/10-synyp/kombinatorika-formulalarynyng-yqtimaldyqtar-teoriyasynda-qoldanyluy?mid=031f9654-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

6-слайд

Қосымша 5













7- слайд

Қосымша 6























Қосымша 7












Сабақтың соңы

4 мин


7. үй тапсырмасы .

А. № 4.9 В. №4.19 С. №4.36

Рефлексия. Кері байланыс Сабақ соңында оқушылар рефлекция жүргізеді (стикерге жазады):

-бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.....

-бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар,

оқуым керек.....................

-бүгін сабақта ештеңе түсінбедім,

маған көмек керек.....





Қосымша 8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Оқушылар Тапсырмаларды жұптық, және топтық жұмыс орындау барысында оқушылар бірін-бірі оқытуы арқылы тапсырмаларды талдайды, көмектеседі,қолдау көрсетеді,сондықтан да саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі жүзеге асады.

Деңгейлік тапсырманы орындау барысында саралаудың тапсырма тәсілін қолдануды жоспарладым.

Тапсырмалар оңайдан күрделіге қарай берілді.

Оқушыларды сабақтың әр кезеңдерінде өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, ынталандыру мақсатында жеке дара жетістіктері мен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілгенсұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
2977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі