400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көмекші есімдердің зерттелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
ізденушілерге көмегі тиюі мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көмекші есімдердің зерттелуі


Бүгінгі бай әдеби тіліміздің негіздері осыдан XVI ғасыр бұрын жазылған көне түркі руникалық жазба ескерткіштерден бастау алатыны ғылымында айқын көрініс туып отыр. Бұл негізінде қазіргі түркі тілдердің дербестігін қалыптастырған орта түркі тілінің де өзіндік қатысы бар. Оған жұмыстың зерттеу нысанына алынып отырған көмекші есімдердің тарихын, тілдік болмысын, жалпы табиғатын тарихи–лингвистикалық тұрғыдан зерттеген кезде тағы бір мәрте көз жеткізіліп отыр. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегі көмекші есімдердің негізгі көне түркі, орта түркі болып келгенімен, олар бір тілдің әр кезіндегі бейнесі ретінде танылады және бұл – барлық түркі тілдеріне ортақ. Алайда көмекші есімдердің жекелеген түркі тілдерінде өзіндік ерекшеліктері болады.

В.А.Исенгалиеваның еңбегінің ең бір құнды тұсы,ғалым көмекші есімдер мен септеулік шылаулардың ара жігін ашып, олардың өзгешіліктері мен ерекшеліктерін көрсетуге тырысқан. Оның 1957 жылғы «Служебные имена и послелоги в казахском языке» атты еңбегінде: «Служебные имена с послелоги вказахском языке относятся к разряду служебных слов.В этой своей (служебной) функции они не выражают понятий, названий (предмета качества,действия и т.д) а служат для конкретизации отношений, выражаемых падежами формами, дополняют и уточняют значения падежей.При помощи послелогов и служебных имен передаются также синтаксические тотношения, не выражаемые или недостаточно выражаемые байланысты қырларын жақсы ашып көрсеткен [19, 85].

Сол сияқты көмекші есімдер мен септеуліктердің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар деп есептеп, 7 түрлі ерекшеліктерді атап өтеді. Ғалым анықтаған көмекші есім мен септеулікке тән ерекшеліктердің ұтымды жақтары да, субъективтік тұстары да бар. Соған қарамастан, ғалымның септеулікпен көмекші есімге тән деп анықтаған 7 түрлі ерекшеліктерді тұтастай алып отырмыз. Септеулік пен көмекші есімнің әрқайсысына тән белгі-қасиеттер оларды бөлек топтағы сөздер деп тануға мүмкіндік береді. Өйткені ғылымда көп уақытқа дейін көмекші есімдер септеулік құрамында қаралып келген болатын. Көмекші есімдер мен септеуліктерді ажыратуға қатысты В.А.Исенгалиева ұсынған негізгі ерекшеліктер мыналар:

1) Септеуліктердің арасында өздерінің негізгі мағыналарын жоғалтқан немесе жоғалған келе жатқан, тек грамматикалық қатынастардың көрсеткіші ретінде ғана қолданылатын, жеке сөйлем мүшесі бола алмайтын септеуліктер бар. Мысалы, үшін: мен үшін, дейін: сағат төртке дейін, туралы: ол туралы, т.б. Ал көмекші есімдер болса көмекші мағына мен қатар өздерінің негізгі мекендік мағыналарын сақтайды және сөйлемнің жеке мүшесі бола алады. Мысалы, біздің төбемізде ( мұндағы төбемізде – көмекші есім) немесе үйдің төбесі т.б.

2) Септеуліктер түрленбейді, олар септеуліктерді меңгереді, яғни септік жалғаулы сөзбен тіркеседі. Мысалы, үйге қарай (ондағы үйге сөзі барыс септігінде тұр),...Ал көмекші есімдер тек септік бойынша түрлене алады. Сонымен қатар олар тәуелдік жалғауын қабылдап, изафетті тіркес жасайды, мысалы үйдің қасында, үйдің қасына, үйдің қасынан т.б.

3) Септеуліктер сөзжасамдық жұрнақтарды мүлдем қабылдамайды десе де болады, олар өте сирек жағдайларда – рақ салыстыру мағынасындағы жұрнағын және көптік, септеулік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: Құнанбай жігіттерінің ажарын өзгеден басқарақ көрсеткен бірен-саран басқа тұқымның жігіттері бар (М.Әуезов). Біз сияқтыларға, бізден басқаларға т.б.Көмекші есімдер ғы/ғі анықтаушы жалғауын, көптік жалғауын және септік жалғауларын қабылдайды: бәрінің де сырттарында ішік (С.Мұқанов).

4) Септеуліктер мекендік мағыналардан басқада мағыналарды білдіреді: бейбітшілік туралы білім үшін т.б. Көмекші есімдер бұған қарама-қарсы, нақты мекендік мағыналарға ие. Мысалы, үстел, үстел астында т.б.

5) Септеуліктер заттардың немесе іс-әрекет пен заттардың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіреді. Септеуліктердің беретін грамматикалық мағыналары, көп жағдайда өздері, тіркесетін септік тұлғасындағы сөздердің білдіретін қатынасынан өзгеше болады, тек кейбір сирек жағдайларда ғана олардың мағыналары ұқсайды не бір-біріне жуықтайды. Ал көмекші есімдер болса септік тұлғасын нақтылайды: ғимарат (тың) қасында, ғимарат (тың) алдында ғимарат (тың) артында т.б.

6) Қазақ тілінің септеуліктері алты септік тұлғасындағы есімдермен тіркеседі: атау септік тұлғасындағы (үшін, арқылы т.б.) ілік септік тұлғасындағы (септеулік сөз тіркестері: алдын-ала, үстін-ала), барыс септік тұлғасындағы (дейін, қарсы), табыс септік тұлғасындағы (қоса,айнала т.б), шығыс септік тұлғасындағы (кейін, бұрын т.б) және көмектес септік (бірге, қатар). Көмекші есімдер изафектік құрылымында ілік септік тұлғасында тұрған сөзбен тіркеседі.

7) Септеуліктер өздерінен кейін көмекші есімдерді қабылдамайды. Көмекші есімдер өздерінен кейін септеуліктерді қабылдай алады. Мысалы: Мұның барі кімге айтылып жатқанын Сейт енді ғана ұққандай, Омардың артына қарай жантая кетті де, бүйірінен бір нұқып қалды (Ғ.Мүсірепов) [19,17].

В.А.Исенгалиеваның көмекші есімі мен септеулікке тән анықтаған негізгі ерекшеліктері құнды пікірлер деп есептей отыра, ондай айтылғандарға қатысты мына бір-екі жайды айта кеткен жөн: біріншіден, көмекші есімдер өздерінің негізгі мекендік мағынасын сақтайды дегенмен келісу қиын, өйткені көмекші есімдер өздерінің мағынасынан ажыраған сөздер, сондықтан да олар көптеген негізгі сөздерге тіркеседі, сол тіркестердің бәрінде де өздері тіркескен негізгі сөздерге бір ғана грамматикалық мағына қосады, екіншіден, алты септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін деген ғалымның пікірін тіл деректері растамайды, қазір ғалымда септеуліктердің төрт түрлі септікті меңгеретіні анықталған.

Алайда ғалымдардың осы тектес көмекші есім мен септеуліктердің әрқайсысына тән ерекшеліктерді анықтауының нәтижесінде қазақ тілінде олардың аражігі ашылып, бөлек топтағы сөздер ретінде танылды. Лингвистикада көмекші есімдердің грамматикалық мағынасы танылып, оның грамматикалық мағынасы белгілі бір категорияны аналитикалық тұлғасын жасайды дейтін нақты пікірлер кейін айтыла бастады.

Ғалымның «Көмекші есімдердің шылаулардан айырмасын» қарастыруының да маңызы зор болды, себебі А.Н Конов, Н.А Баскаков сияқты ірі ғалымдар кқмекші есімдерді «послелог-имена» деп атап, оларды шылаулар тобына қараған. Оған А.Н. Кононовтың өзбек тілі грамматикасынан үзінді келтірейік: «Послелог - часть речи, выражающая синтаксические отношения между именем и глаголом, между именем и именем.. Послелоги тесно связаны с системой склонения: послелоги уточняют значение падежей, а также обозначают синтаксические отношения, выражаемые падежами. Послелоги делятся на два разряда: «послелоги – частицы, послелоги –имена» [13, 337]. Мұндай жағдайда көмекші есім мен шылаудың ара жігін ашып алу қажет екені даусыз еді. Осыған орай М.Оразов көмекші есім мен шылаудың 10 түрkі айырмасын көрсеткен: 1. Көмекші есімдер лексикалық мағынадан толық айырылмаған, шылаулар түпкі лексикалық мағынасынан толық айырылған.

2. Көмекші есімдер мекен, мезгіл мағынасына байланысты мекен, мезгіл пысықтауышының құрамына кіреді. Шылаулардың мағыналары өте дерексіз болғандықтан, ол мекен, мезгіл, бағыт, себеп, мақсат, салыстыру т.б. мағыналарды білдіреді.

3. Көмекші есімдер толық мағыналы сөздің ілік септікте тұруын талап етіп, өздері тәуелдік тұлғада тұрады. Ал, шылаулар толық мағыналы сөздің белгілі бір септікте тұруын талап етіп, өзі сол септіктің мағынасын толықтырады, нақтылайды, сонымен бірге олардың мағыналары сәйкес келеді.

4. Көмекші есімдер тәуелдік жалғауынан кейін септеледі, шылаулар түрленбейтін сөздер.

5. Көмекші есімдер өзіне шылауларды тіркестіріп қолданыла алады, шылаулар көмекші есімдерді тіркестіре алмайды.

6. Бұл екі топ сөздердің сөйлемдегі сөздермен байланысу жолдары да әр түрлі. Көмекші есімдер алындағы сөзбен де, соныңдағы сөзбен де екі түрлі жолмен байланысады.

7. Көмекші есімдер мен шылаулардың морологиялық құрамында да үлкен айырмашылық бар. Көмекші есімдер түрлі морфемалардан тұрады, шылаулар іштей морфемаға бөлінбейді.

8. Көмекші есімдердің кейбір түркі тілдерінде шылауларға көшкен түрлері кездеседі, ал шылаулардан көмекші сөзге кездеспейді.

9. Дыбыстық құрамы мағынасы жағынан шылаулар қосымшаларға жақын көмекші есімдер дербес сөздерге ұқсас.

10. Көмекші есім мен дербес сөз арасына нақ, дәл сияқты күшейткіштер қолданыла алады, олар шылаулармен қолданылмайды [1, 45].

Ғалымның бұл тұжырымдарын көмекші есім теориясын дамыту, байыту деп бағалаймыз.

Тілшінің тағы бір назар аударып, жан-жақты талдағаны: 1) көмекші сөздердің лексикалық және грамматикалық мағынасы; 2 көмекші есімдерді таптастыру мәселесі; 3) көмекші есімдердің грамматикалық сипаттамасы. Мұнда ғалым көмекші есімдерді толық болмасада лексикалық мағына бар деген пікірді ұсынған. Осыдан барып көмекші есімдерді мағынасы қарай екі топқа бөлінген: 1) мекен, мезгіл мағыналы көмекші сөздер; 2) тек мекен мәнді көмекші есімдер. Олардың синонимдік, антонимдік ерекшеліктері де сөз болған.

Сонымен қатар көмекші есімдерге грамматикалық сипатта бергенде: «Служебные имена, не обладая самостоятельным лексическим значением, употребляются в изафетном сочетании для обозначения разных грамматических значений. В этом отношении они стоят близко к синтаксическое категории. Но такие слова могут быть объектом изучения как морфологически так синтаксически» дейді [8, 47].


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.  Оразов М. Көмекші сөздер I-II кітап.Ташкент: Наурыз; 1997 – 175, - 184 б   

2. Томанов М. Мезгілдік қатынаста жұмсалатын көмекші есімді сөз тіркестері // Қазақ тіл білімі мәселелері.Алматы, Қаз ССР ҒА баспасы, 1959. I том, 122-128бб

3. Серебренников Б.А.,Гаджиев Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. – Москва: II издание Наука, 1986.-302с

4. Щербак а А.М.Грамматический очерк языка тюркских текстов Х-ХІІІ вв.из восточного Туркестана.- Москва, Ленинград: Изд-во АН СССР, 1961.- 204с .

5. Досжан Р.А. ХІ-ХІІғғ. Жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық құрылымы.ФҒДД авторефератты.-Алматы, 2009.-46б.

6. Насилов В.М. Язык орхоно-енисейских памятников.-Москва:Изд-во Восточная литература,1960.-87с.

7. Айдаров Ғ.Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы:Рауан, 1195-157б.

8. Кононов А. Грамматика языка тюркских рунических памятников VII-ІХвв. Ленинград: Наука, 1980-225с.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі