15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ АК-74 ҚАРУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ТАРАЗ-ҒАСЫР» КОЛЛЕДЖІ
«БЕКІТЕМІН»
директордың оқу және
жаңа технология жөніндегі
орынбасары
___________Ш.Б.Аширова
«___» _____________ 2018ж
Атыс дайындығы
тарауынан көмекші құрал
(Оқу әдістемелік нұсқау)
Дайындаған:
"Тараз-Ғасыр" колледжің
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Маханов Үсен Абдукадирович
ТАРАЗ - 2018
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – оның әр азаматының абыройлы міндеті. Қарулы күштердің ұрысқа дайындығы мен қабілеттілігін жоғары дәрежеде қамтамасыз етудің негізгі кепілі – жанжақты дамыған, қазіргі техникамен қару-жарақты игерген, денсаулығы мен дайындығы жоғары әскери қызметшілер бойында қазақстандық патриотизм, интернацианализм қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борышпен әскери антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеу - әскери тәртіпті күшейтуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының 2005 жыл 8 шілдедегі «Әскери міндер мен әскери қызмет туралы» Заңына байланысты міндетті әскери қызмет 1 жылға өзгертілді. Сондықтан әскери қызмет етуге даярлау жалпы білім беретін және кәсіптік - техникалық мектептер мен арнаулы оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән АӘД пәні болып табылады. Олай деуіміздің себебі қазіргі уақытта Армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтандыруына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделіленді. Қысқа мерзімде өздеріне сеніп тапсырған қару жарақ пен техниканы меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жас өспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметте дайындауға, өз Отанын ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғынуға тиіс.
Құрметті әскери жетекшілер мына өздеріңізге арналған көмекші құрал кітапшасындағы жауынгерлердің жеке қаруының даму тарихына тоқталдым. Болашақ жастарды тәрбиелеуде, оларға білім беруде көмегі тиіп жатса дұрыс деп ойлаймын.
ВИНТОВКА
Ойықты ұңғылы жеке отты қарудың арналу мақсаты оғымен, сүңгісімен және дүмімен қарсыластың адам күшін жою болып табылады.
Осындай жылдам атылатын винтовканың шығуына үлкен үлес қосқан Тула қару жасау заводының инструментальді шеберханасының бастығы С.И. Мосин болды.
Ол 1890 жылы бесатар винтовканы жасап әскери кеңеске тапсырды. Сынақта винтовка басқа винтовкалардан артықшылықтарын көрсетті.
1891 жылы бұл винтовка орыс армиясын жабдықтауға қабылданды, онда ол үш линиялы 1891 ж. үлгідегі винтовка деп аталды.
1930 жылы бұл винтовкамен Қызыл Армия жауынгерлері де қаруланды. Ол кезде «Орыстың үш линиялы 1891 ж. үлгідегі винтовкасы» деп аталды. Осы 1930 ж винтовкаға біраз өзгерістер енгізіліп СССР Революциялық әскери кеңесінің шешімімен Қызыл армияға «1891/30 жж. үлгідегі 7,62 мм винтовка» деген атпен қайта қабылданды.
Бұл тамаша конструктордың еңбегін Кеңестер Одағының Үкіметі, бағалап арнайы қаулы қабылдады С.И.Мосиннің қайтыс болуына 50 жыл толуына байланысты (1952 ж) Тула қаласында Ескерткіш орнатылып, ол кісінің атымен бір көше және механикалық техникумнің аты берілді.
1891/1930 жж. үлгідегі 7,62 мм винтовка Конструктор С.И.Мосин
Бұл винтовкамен бірге Кеңестер армиясының қару жарағына «1938 ж үлгідегі » сүңгісіз карабин қосылды. Карабин винтовка, ұзындығы жағынан қысқартылған және қолдануға ықшамдалған қару, онымен атты әскер бөлімдері мен артиллерия, миномет есептоптары қаруланды.
Ұлы Отан соғысының тәжірибесі көрсеткендей, соғыстың алғашқы айларында ақ «1891/1930 жж. үлгідегі 7,62 мм винтовка» өзінің ұзындығына байланысты қолдануға ыңғайсыз болды, ұрыс кезінде, оқпандағы байланыс жолдарындағы қозғалыс кезінде, елді мекендер мен ормандарда және әртүрлі кедергілермен бөгеттерден өту кезінде қолайсыздықтар байқалды.
1944 жыл 17 қаңтар жаяу әскер, атты әскер бөлімдері мен инженерлік бөлімдерді қаруландыру үшін сүңгісі алынбайтын, қайырылатын «1944 ж. үлгідегі» карабин қолданылды.
Ұлы Отан соғысының соңғы кездерінде бұл карабин жаппай қолданыс тапты.
«1944 ж. үлгідегі» карабин мен «1938 ж. үлгідегі» карабиннің айырмашылығы тек сүңгісінде болды.
«1891/30 ж.ж. үлгідегі» винтовка мен «1938 жылғы үлгідегі» карабиндердің тактикалық көрсеткіштері.
Негізгі көрсеткіштері |
Винтовка 1891/30ж.ж. |
Карабин 1938 ж |
Карабин 1944 |
Калибрі (мм) |
7,62 |
7,62 |
7,62 |
Жалпы ұзындығы сүңгі мен ұрыстың жағдайында (мм) |
1669 |
- |
1330 |
Ұзындығы сүңгісіз (мм) |
1230 |
1020 |
1020 |
Ұңғысының ұзындығы (мм) |
730 |
520 |
520 |
Сүңгісіз салмағы (кг) |
4 |
3,5 |
3,5 |
Сүңгінің салмағы (кг) |
0,5 |
- |
0,4 |
Көздеу қашықтығы м |
2000 |
1000 |
1000 |
Ұңғыдағы ойықтар саны |
4 |
4 |
4 |
Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с |
865 |
820 |
820 |
КАЛАШНИКОВ АВТОМАТЫ
Бұл
автоматты жасап шығарушы Михаил
Тимофеевич Калашников 1919 жылы туылған.
Он тоғыз жасында армияға шақырылады,
осы кезден бастап, оның атыс қаруына
деген қызығушылығы басталады. Алғашында
«ТТ» тапаншасына өзгерістер ендірмекші
де болды. Осы жоспарларын Ұлы Отан
соғысы бұзды.
Танкілердің Брянск түбіндегі шайқасында М.Т. Калашников ауыр жараланып, госпиталдағы емделуден кейін 6 айға демалыс алып, армияға алынған жері Алматыға келеді. Осы жерде 1942 жылы ол алғашқы автоматын (тапанша – пулеметті) жасап шығарады, оны сынақтан Дзержинский атындағы академияда өткізеді. Атыс қарулары жөніндегі белгілі маман академик А.К.Благонров бұл қаруды сынақта өткізеді. Академик А.К.Благонров өз қорытындысында бұл жас қару жасаушының табиғы дарын иесі екендігін мойындап оған техникалық білім беру керектігін ескертті.
М.Т. Калашников алғашқы сәтсіздіктерден мойымай өз жұмысын жалғастыра берді. Көп қиындықтардан кейін 1947 жылы автомат жасап шықты оны «АК-47» деп атады. Бұл автомат сынақтан сүрінбей өтті. М.Т. Калашниковті 1949 жылы Мемлекеттік сыйлықпен марапаттады.
АК-47 автоматы құрылысы қарапайым, қолдану қасиеті өте жоғары бағаланды, бұған айғақ Вьетнам патриоттарының американ агрессиясына жүргізген ұрыстарында толық дәлелденді.
АК-47 автоматы
Бұдан кейінгі жылдары конструктор автоматқа бірқатар өзгерістер енгізіп, жаңартылған АКМ автоматы дүниеге келді. АК-47 мен АКМ автоматтарының ұрыстық қасиеттерін төмендегі 3 – кестеде көрсетілген. Төмендегі кестеде көріп отырғанымыздай АК-47 мен АКМ автоматының арасында бірқатар өзгерістер бар, олар көздеу қашықтығы артқан, салмағы жеңілдеген және сүңгінің орнына сүңгі пышақ ауыстырылған.
Негізгі көрсеткіштері |
Ак-47 |
АКМ |
Калибрі (мм) |
7,62 |
7,62 |
Көздеу қашықтығы (м) |
800 |
1000 |
Нақты атыс қашықтығы (м) |
400 |
400 |
Тура атыс қашықтығы (м) |
|
|
Көздерлік фигураға |
350 |
350 |
Жүгіруші фигураға |
- |
525 |
Шоғырланған атыс қашықтығы (м) |
|
|
Жер үстіндегі нысана бойынша |
800 |
800 |
Ұшақтар мен парашюттер бойынша (м) |
500 |
500 |
Атыс қарқыны (мин) |
600 |
600 |
Үзбей атқанда |
100 |
140 |
Жекелей атыспен атқанда |
40 |
40 |
Жарақталған оқжатармен қоса массасы (кг) |
4,8 |
3,6 |
Сүңгі пышақтың массасы (гр) |
370 |
450 |
Оқжатар сиымдылығы |
30 |
30 |
Оқтың шекті ұшу қашықтығы |
2000 |
3000 |
Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтығы |
1500 |
1500 |
Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с |
710 |
715 |
АКМ автоматы
Негізгі өзгерістердің бірі деп соққыш ағытқыш механизмдегі шүріппе баяулатқышының қосылуы деп ойлаймын. Шүріппе баяулатқышының міндеті атыс кезіндегі тұрақтылықты арттыру, тербелісті азайту және оқтың нысанаға шоғырланып барудың қамтамасыз ету. Осы жаңашылдықтың арқасында АКМ автоматының нысанаға дәл атуы артқан, оқтың нысанаға шоғырланып баруы артқан. Осыған дәлел ретінде төмендегі екі автоматында соққыш ағытқыш механизімнің құрылысын беріп отырмын.
АКМ автоматы
Қазіргі кезде қару-жараққа Калашниковтің 1974 ж үлгідегі АК-74 автоматы қабылданған.
АК-74 автоматында АКМ автоматына қарағанда жақсы жақтары мен ерекшеліктері бар, оларға мына төмендегі 4-ші кестеден өздеріңіз көз жеткізулеріңізге болады.
Негізгі көрсеткіштері |
АКМ |
Ак-74 |
Калибрі (мм) |
7,62 |
5,45 |
Көздеу қашықтығы (м) |
1000 |
1000 |
Нақты атыс қашықтығы (м) |
400 |
500 |
Тура атыс қашықтығы (м) |
|
|
Көздерлік фигураға |
350 |
440 |
Жүгіруші фигураға |
525 |
625 |
Шоғырланған атыс қашықтығы (м) |
|
|
Жер үстіндегі нысана бойынша |
800 |
1000 |
Ұшақтар мен парашюттер бойынша (м) |
500 |
500 |
Атыс қарқыны (мин) |
600 |
600 |
Үзбей атқанда |
140 |
100 |
Жекелей атыспен атқанда |
40 |
40 |
Жарақталған оқжатармен қоса массасы (кг) |
3,6 |
3,2 |
Сүңгі пышақтың массасы (гр) |
450 |
490 |
Оқжатар сиымдылығы |
30 |
30 |
Оқтың шекті ұшу қашықтығы |
3000 |
3150 |
Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтығы |
1500 |
1350 |
Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с |
715 |
900 |
АК-74 автоматының ұрыстық қасиеттерінен көрініп тұрғандай ұңғы калибрі кішірейтілген, нақты атыс қашықтығы артқан, салмағы азайған сонымен бірге қарудың негізгі көрсеткіштерінің бірі оқтың бастапқы жылдамдығы артқан, салмағы азайған. Автомат қолдануға ыңғайлы, ұрыстық қасиеті жоғары.
АК-74 автоматының негізгі сипаттамалары мен ұрыстық қасиеттерін кеңес армиясының Ауған жерінде жүргізілген ұрыс қимылдарында толығымен дәлелдеп, жауынгердің сенімді қаруына айналды. Қазіргі ҚР Қарулы Күштері толығымен осы автоматпен қаруланған.
Қазақстан Республикасының достастық қарым-қатынастағы мемлекеттердің бірі Ресей Федерациясы болғандықтан бұл елдің Қарулы күштері қандай автомат пен қаруланған және келешекте қандай автоматпен қаруланбақшы, осы салаға тоқтала кетсек.
Ресей Қарулы Күштері де біздегідей АК-74 автоматымен қаруланған соңғы кездері оларда жаңа автоматтар шығарылып жан-жақты сынақтан өткізілуде және келешекте осы автоматтармен қарулануы да мүмкін.
«Абакан» тақырыбында жасалған біраз автоматтардың ішінде ату кезіндегі тебілуі өте аз, сериялық шығарылымға жататын қару-жараққа қабылданған бір автомат болды. Ол АН-94 деп аталды.
Бұл автоматтың шығарылу дайындығы Ижевск заводында 80 жылдар да ақ конструктор Г.Н. Никоновтың басшылығымен басталған болатын. Бұл автоматқа негізгі қойылатын талап қолайсыз жағдайларда, нақты атыс жүргізу мен оқтың шоғырлана тиюін арттыру. Генади Никонов «Калашников» автоматындағыдай газ түтігін қолданбай жаңа дизайнды үшінші атыс режимін ендірді. 1997 жылы бұл автомат штатты 5,45 патронға және стандартты оқжатармен қару – жараққа алынып, «5,45 мм автомат Никонова АН-94» аты берілді.
Калибр ………………………….……………...
5,45 мм Длина ствола …….…..………..
405 мм
Патрон ……… ….…………………………..…5,45х39
Начальная скорость пули ..….900 м/с
Масса патрона с магазином без патронов
... 4,1 кг Темп стрельбы ………………..………..
Длина оружия без штыка-ножа :
………………….… 1800/600 выстр/мин
с откинутым прикладом……………..…...
943 мм Прицельная дальность …………
700 м
со сложенным прикладом ………...……..
728 мм Емкость магазина …...… 30
патр/шт
АН – 94 автоматы
АН – 94 автоматы
Автоматтың ерекшелігі ату агрегаты бұрандалы бекітпемен кожух ішіне лафетта орналасқан, ату кезінде ол артқа қозғалады, осы кезде оқталу мен соққышты босатады. Лафетте ату агрегаты артқа қозғалғанда амортизаторға соғылады. Осы арқылы тербеліс азайып қарудың тұрақтылығы артады. Автоматтың тағы бір ерекшелігі алғашқы екі оқтың ату жылдамдығы (1800 ату/мин) мұнда оқ осындай жылдамдықпен ұңғыдан шыққанда автомат тербеліс күшімен, тебіліс беріп үлгермейді. Екі атылыстан соң атыс қарқыны жай қалыпқа түседі. (600 ату/ мин).
Соңғы ақпарат бойынша АН-94 автоматымен Ресейдің спецназ бөлімдері, бұл қарудың құрлысының күрделілігі мен өзіндік құнының жоғарылығына қарамай қаруланып отыр. Оған себеп ату кезіндегі нысанаға тию эффектісі қолайсыз жағдайда да жоғарылығымен болса керек.
АН-94 автоматы конструктор Г.Н. Никоновтың басшылығымен Ижевскіде жасалса. Ковровск механикалық заводында С.И. Кокшаровтың басшылығымен «Абаканның» өзгеше үлгісін жасап шығарды. Бұл автоматтың ерекшелігі қозғалыстағы бөліктер екі бөліктен тұрады - бекітпе жақтауынан және балансирден (теңестіргіштен) олар өзара тиісті рейкамен немесе шестерна (тиісті доңғалақпен) байланысты. Мұнда поршен жақтау және балансир (теңестіргіш) газ қысымымен қарама-қарсы бағытқа бірдей жылдамдықпен қозғалады.Нәтижесінде екеуінің екпіні бір-бірін теңестіру арқылы атқыш сәл ғана тербелісті сезінеді және тебілу өте аз болады.
Сонымен қатар АЕК-971 ижевскілік әріптесінен 0,5 кг жеңіл, Соққыш - ағытқыш механизм жалаушалы ағытқышпен жабдықталған, ол сақтандырғышта шүріппемен қоса газ жүру жолдарында жабады.
АЕК-971 автоматында өзгертілген АК магазині жеңілдету мақсатында жиналмалы жеңіл дүмбі, жақтау (рама) түрінде, пластикалы тапанша тұтқа мен құндақ, ұңғы жапсырмасы.
Ұңғы асты гранат атқышқа ГП-25 немесе ГП -30 жалғастырғыш планкасына орын бар. Сонымен қатар оптикалық көздеуіш пен түнде көздеуге арналған көздеуіш жалғастырғыш планкасы бар. Автоматқа штаттық 5,45 мм патронына арналған түрі шығарылды. 5,56 х 45 патронына арналған автомат нұсқасы АЕК-972, Ал 7,62 мм патронға арналған нұсқа АЕК-973 бұл автоматтың ерекшелігі дүмбі ұңғы қорабына енгізіледі де атуға кедергі жасалмайды. АЕК-971, АЕК-972,АЕК-973С түрлері суретте көрсетілген.
Калибр …………………………..….... 5,45 мм
Темп стрельбы …………..900 выстр/мин
Патрон ……… ….……………….……5,45х39
Прицельная дальность ….……….. 1000
м
Масса оружия без магазина ……… …..
3,3 кг Емкость магазина ………..… 30
патр/шт
Начальная скорость пули …….…….. 880
м/с
АЕК – 971 автоматы
АЕК – 972 автоматы
Калибр ……………………………..…... 5,56 мм
Темп стрельбы …………..….900 выстр/мин
Патрон ……… ….…………………..…5,56х45
Прицельная дальность …….………..
1000 м
Масса оружия без магазина ……..….. 3,3
кг Емкость магазина ..….………… 30
патр/шт
Начальная скорость пули ………..… 850
м/с
АЕК – 973 автоматы
Калибр ……………………………..……. 6,62 мм
Темп стрельбы …………..….900 выстр/мин
Патрон ……… ….…………………….…7,62х39
Прицельная дальность …….………..
1000 м
Масса оружия без магазина ……..…..
3,25 кг Емкость магазина ..….…………
30 патр/шт
Начальная скорость пули ………..……
700 м/с
Қорытынды
Бұл көмекші құрал кітапшасын теріп реттеп жинақтаудағы мақсатым. Әскери жетекшілердің атыс дайындағы тарауында жауынгерлердің жеке қаруы мен оның шығуы және дамуы жайында студенттерге мол мағлұмат беруіне көмек. Бұл студенттердің қызығушылығын артуы мүмкін деген ойым.
Кеңестер Одағы кезінен осы салада қызмет етіп келе жатқан Әскери жетекшілерге бұл жаңалық емес, ол жаңа буын әскери жетекшілерге көмегі тиері әбден мүмкін. Соңында айтарым білгеннің еш уақытта артықтығы болмайды деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген