15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көмекші құрал саптық дайындық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ТАРАЗ-ҒАСЫР» КОЛЛЕДЖІ
Саптық дайындығы
тарауынан көмекші құрал
(Оқу әдістемелік нұсқау)
Дайындаған:
"Тараз-Ғасыр" колледжің
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Маханов Үсен Абдукадирович
ТАРАЗ -2018
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – оның әр азаматының абыройлы міндеті. Қарулы күштердің ұрысқа дайындығы мен қабілеттілігін жоғары дәрежеде қамтамасыз етудің негізгі кепілі – жанжақты дамыған, қазіргі техникамен қару-жарақты игерген, денсаулығы мен дайындығы жоғары әскери қызметшілер бойында қазақстандық патриотизм, интернацианализм қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борышпен әскери антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеу - әскери тәртіпті күшейтуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының 2005 жыл 8 шілдедегі «Әскери міндер мен әскери қызмет туралы» Заңына байланысты міндетті әскери қызмет 1 жылға өзгертілді. Сондықтан әскери қызмет етуге даярлау жалпы білім беретін және кәсіптік - техникалық мектептер мен арнаулы оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән АӘД пәні болып табылады. Олай деуіміздің себебі қазіргі уақытта Армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтандыруына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделіленді. Қысқа мерзімде өздеріне сеніп тапсырған қару жарақ пен техниканы меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жас өспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметте дайындауға, өз Отанын ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғынуға тиіс.
Құрметті әскери жетекшілер мына өздеріңізге арналған көмекші құрал кітапшасындағы жауынгерлердің жеке қаруының даму тарихына тоқталдым. Болашақ жастарды тәрбиелеуде, оларға білім беруде көмегі тиіп жатса дұрыс деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саптық жарғысының жалпы ережелері.
Саптар және оларды басқару
Сапты басқару (машинада) командалармен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.
Командалар лек бойынша бөлімшелер командирлері (машиналар жетекшілері) және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.
Сапта аға командир, оған команда беруге ынғайлы жерде болады. Қалған командирлер Жарғымен немесе аға командирмен белгіленген орындарда бола отырып, командаларды береді.
Рота және одан жоғары бөлімшелер командирлеріне батальон мен бригаданың (полктін) жорықтық сабында командалар беру және олардың орындалуын тексеру үшін саптан шығуға рұқсат етіледі.
Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін.
Алдын ала берілетін команда әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғаның түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
Орындалатын команда (Жарғыда ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.
Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.
Мысалы: «Взвод (3-ші взвод) - ТОҚТА». «Қатардағы жауынгер Әлімов, Артқа -БҰРЫЛ».
Командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде және алдын ала берілетін команда бойынша саптағы орныңда тұрған әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді. Бастық саптан тыс әскери қызметшіге назар аударған кезде ол бастыққа қарай бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
Егер бастық сапта тұрған әскери қызметшінің әскери атағы мен тегі бойынша назар аударса, ол: «МЕН» деп жауап береді, ал тек әскери атағы бойынша назар аударса, әскери қызметші өз лауазымын, атағы мен тегін атап жауап береді. Бұл ретте қарудын күйі өзгермейді және кол бас киімге апарылмайды.
Алдын ала берілетін
командада қарумен тәсілдерді орындаған
кезде қажет болған кезде қарудын атауы
аталады.
Тақырыпты
оқып-үйрену үшін студенттерді сап туралы
ұғыммен таныстырудан бастауды ұсынамыз.
Түсіндіру көрнекілігі үшін бөлімшені
бір қатарға сапқа тұрғызып және үлгі
ретінде көрсете отырып, сапқа анықтама
беруге болады.
Студенттердің командалық әдістемесін көтеру, шыңдау.
Cапқа тұрудың орнын, уақытын, тәртібін, киімнің нысаны мен жабдықты, сондай-ақ қандай қару және әскери техника болу керектігін ескертуге; қажет болған жағдайда бақылаушы тағайындауға;
саптағы өзінің бөлімшесінің (бөлімнің) санын, сондай-ақ қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, жеке қорғану құралдарын және бекініс құрал-саймандарын тексеруге және білуге;
қарамағындағылардың сыртқы келбетін, сондай-ақ жабдықтарының бар-жоғын және оның дұрыстығын тексеруге;
саптың тәртібін сақтауға және бөлімшелердің пәрмендер мен белгілерді, ал әскери қызметшілердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауларын талап етуге;
жаяу сапта пәрмен берілгенде саптық тұрысты қабылдауға;
бөлімшелер қару-жарақпен және техникамен сапқа тұрғанда оларға сыртқы шолу жасауды жүргізуге, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдауға арналған жабдықты түгендеуге және түзулігін, тасымалданатын (тіркелген) материалдық бөліктің, мүліктің салынуының дұрыстығын тексеруге;
қауіпсіздік талаптарын жеке құрамның есіне салуға;
қозғалыс кезінде белгіленген ара қашықтықты, жылдамдықты және қозғалыс ережелерін сақтауға міндетті.
Әскери қызметші:
өзінің қаруының, өзіне бекітіліп берілген қару-жарақтың, техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының түзулігін тексеруге;
нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;
саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға; қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралықты, ара қашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын орындауға; (машинадан) саптан рұқсатсыз шықпауға;
сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге және темекі тартпауға, өзінің командирінің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, оларды жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;
бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге (айтып жеткізуге) міндетті.
Бұрылыс кезiндегi аяқтардың күйi (солға, оңға).
Бөлімше командирі бірінші есеп бойынша жылдам бұрылғанда оң қол жаққа оң аяқ өкшеде және сол аяқтың ұшында дененің қалыпты күйін сақтаған жөн және аяқ тізелерін бүкпеген дұрыс екенін түсіндіреді және соның барысын қадағалайды. Артқы тұрған аяқтың өкшесі және алда тұрған аяқтың ұшы бұрылысты аяқтағаннан кейін тиісті деңгейде бір қалыпты болуы тиіс . Қолдардың күйі саптық тұрыс кезіндегідей болуы тиіс.
«БІР» есебі дұрыс орындалмағандығы байқалса, «ТОҚТА» пәрмені беріледі.
«Жаса - ЕКІ» есебі бойынша, қысқа жолмен, тізені бүкпей сол аяқты қояды. Тәсілді орындағанда іштей есепті жүргізуге болады.
Бұрылысты үйренген кезде, тек аяқтың көмегі арқылы емес, сондай-ақ дененің толық тез қозғалуы арқылы болатындығына назар аудару қажет.
Оңға бұрылысты көрсетуді аяқтай келе оқытушы солға бұрылу жаттығуларына көшеді.
«Солға, жаса - БІР» пәрмені бойынша студенттер сол аяқпен бұрылып, тізені бүкпей және бұрылыс кезінде қолмен сермемей оң аяқпен дененің ауырлығын сол бойынша оң аяқты қысқа жолмен сол аяққа қосу керек, мұнда өкшелер маңдайшеп сызығы бойынша бірге болуы керек.
Солға бұрылысты көрсеткеннен кейін оқытушы айналу бұрылысына көшеді. Ол тәсілді толық көрсетіп, екі есеп бойынша жүргізеді. Сонан соң айналу «Ай - НАЛ» пәрмені бойынша орындалатынын оқытушы түсіндіреді. Ол солға бұрылыс секілді тек 1800 айырмашылықпен орындалады.«Айнал, жаса - БІР» пәрмені бойынша сол аяқпен тізені бүкпей тез бұрылу қажет, бұл орайда ауырлық күйін сол аяққа жұмсап, денені кішкене алға жіберу керек. Айналу бұрылысында, сонымен қатар қолдың сермелуіне рұқсат берілмейді. «Жаса - ЕКІ» саны бойынша оң аяқты сол аяққа тақау тиіс.
Айналуды оқытқан кезде оқытушы студенттерге айналым қозғалысын жасау барысын жіті қадағалауы, әсіресе қозғалған кезде екі аяқты бірдестен жұмсап қоймауын ескеріп отыруы міндет. Орнында бұрылыс кезінде, яғни оқытылу барысында студенттерге келесі қателіктеріне назар аудару керек: кейбіреулер тізе бүгеді, қолды сілтейді, басты төмен қарай иеді, көкіректі түсіріп немесе ішті тартпайды, айналым бұрылысы кезінде толық жасалмайды т.б.
Оқыту барысында командир өз саптық білімін жетілдіреді, себебі ол, жеке құрамға пәрмен бере отырып, өзі тәсілдерді үлгілі орындайды.
Студенттер мен сабақ жүргізу кезінде олардың басқарушылық және әдістемелік тәжірибесін дамыту үшін мақсатты түрде оларды студенттің орнына кезекпен қойған дұрыс.
Сап- әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің олардың өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы Жарғымен белгіленген орналасуы.
Одан ары қарай қатар, оң (сол) жақ қаптал, саптың тыл жағы, саптық маңдайшебі және т.б. не екенін түсіндіру қажет.
Қатар– қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.
Машиналар бойы – машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
Сап қапталдары – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілері тіке қарап тұрған жағы (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
Аралық– маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралығы.
Ара қашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.
Сап ені – сап шеттерінің арасындағы аралық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші шетінен (алдыңғы тұрған әскери қызметшіден) саптың соңғы шетіне (соңғы тұрған әскери қызметшіге) дейінгі аралық, машиналар қозғалысында – машиналардың бірінші сызығынан (алдыңғы тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (соңғы тұрған машинаға) дейінгі аралық.
Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына салу). Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардың әскери қызметшісі тұрмаса, онда мұндай қатар толық емес деп аталады.
Екі қатарлы сап кері бұрылған кезде толық қатардағы әскери қызметші алдынңғы қатарға ауысады.
Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп қатарлы болуы мүмкін.
Лектер бөлімшелерді және бөлімдерді жайылма немесе жорық сапты орналастыру үшін қолданылады.
Жайылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығында) немесе лектің сызығында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтыөта орналасқан.
Жайылма сап тексерістер, санақтар, байқаулар, парадтар жүргізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Жорық сабы – бөлімше лекке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Жорық сабы марш жүргізудегі, ән салып салтанатты шерумен жүріп өтудегі бөлімшелердің қозғалысы үшін, сондай-ақ басқа қажетті жағдайларда қолданылады.
Бағыттаушы– көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өздерінің қозғалыстарын реттейді.
Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).
Студенттерді сап элементтерімен таныстырып және оны түсіндіріп болған соң білімдерін бекіту мақсатында 2-3 студенттен сұрауға болады. Бұл жағдайда студент сұрақ-жауап алуға көп уақыт кетіріп қажеті жоқ. Сап элементтерінің анықтамасын қатаң түрде қайталау маңызды емес, ең бастысы студенттің нені түсінгендігін білу. Студент сенімсіз немесе шала жауап берген болса, оқытушы өзі көрсетіп, содан кейін барлық студенттердің назарын бақылай отырып, басқа студенттен сұрағаны дұрыс.
Қозғалыс кезіндегі міндеттер.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы - 70-80 см.
Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы -.85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады. Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл - дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
екінші тәсіл - кысқа жолмен екінші аяқты қою керек.
Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастықка) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.
Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен - БАС» командасы бойынша басталады.
Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым - БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.
Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек;
орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.
Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға - оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре — БАС» командасы бойынша басталады.
Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.
Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, колды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек. Саптық адыммен Қозғалыс жасауды оқыту.
Саптық адым, саптық тәсілдерді үйренудегі ең күрделісі, қиыны болып табылады, оларды орындау студенттерден жинақтылықты, нақтылықты және қол мен аяқтың үйлесімділігін талап етеді.
Саптық адымның қолданылуын айта келе оны оқытуға оқытушы көшеді. Саптық адыммен қозғалыс жасауды оқытуды әр жаңа тәсіл секілді үлгілі көрсету арқылы бастаған жөн.
Саптық адым қозғалысын толық көрсеткеннен кейін, оқытушы бірінші дайындық жаттығуына – қолдың қозғалуын көрсетеді. сонан соң мынадай пәрмен береді: «Қолмен қозғалыс, жаса – БІР, жаса - ЕКІ».
Саптық адыммен қозғалыс кезiнде қолдардың күйiн көрсету.
«Жаса – БІР» есебі бойынша студенттер оң қолды жұдырықтап қозғалысқа келтіреді және қол белдіктен жұдырық көлемінде жоғары, ал денеден бір жұдырық қашықтықта ұстау керек, бір мезетте сол қолды артқа жіберу керек. Қолдардың саусақтары, жартылай бүгулі, ал оң қолдың жұдырығын сәл жоғары көтерген жөн. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша, олар сол қолды алға ал оң қолды артқа қозғалысымен қайталайды.
Әр есеп сайын оқытушы қолдың қозғалыстағы күйін тоқтатып қателіктерді жөндейді. Студенттердің көпшілігі кемшіліктерге бой алдырса, оқытушы «ТОҚТА» деген пәрмен береді, ал егер бір студент қана қателіктер жіберсе, онда «Қатардағы Асанов - ТОҚТА» деген пәрмен беріледі.
Дайындық жаттығудан кейін (қол үшін) студенттердің өз есебіне жаттығуды жалғастыруға болады. Бұл жаттығуды күрделендіру үшін орнында тұрып адымдауды қосуға мүмкіншілік бар.
Орнында тұрып адым жасауды көрсету «Орнында, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша студенттер аяғын жерден 15-20 см биіктікке көтереді және аяғын қалыпты күйге қояды.
Бір орнында тұрып адыммен қолдарды қозғалысқа келтіру жаттығуын қайталау үшін командир «Орнында адыммен қолдардың қозғалысы, жаса – БІР, жаса - ЕКІ». Дайындық кезеңінде қолдардың күйіне баса назар аударылуы тиіс.
Орнында адым кезінде қолдардың дұрыс күйін үйренгеннен кейін, екінші дайындық жаттығуына көшеді.Алғашқыда минутана 60 адым төртке, екіге және бір есебі бойынша саптық адыммен қозғалыс, сонан соң қалыпты деңгейге (110–120 адым минутына) 70 – 80 см адымның көлемімен көшу.
Қолдардың қозғалысын бiр мезетте орнында тұрып адын жасау арқылы үйрену.
Екінші дайындық жаттығуын төрт есебі бойынша көрсеткеннен кейін,
бөлімшені алға төрт адым жасатып, оңға бағыттап мына пәрмен беріледі: «Саптық адыммен төрт есепке, АДЫМДА».
Осы пәрменнен кейін: «БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» деп т.б. санайды. «БІР» санағы қаттырақ дыбысталуы тиіс.
Алдыңғы «Саптық адыммен төрт есепке» пәрмені бойынша студенттер денесін, әсіресе көкірек жағын алға қарай, дене ауырлығын оң аяққа түсіре отырып жібереді. «АДЫМДА» атқарушы пәрмені бойынша және «БІР» есебі бойынша олар аяқтың ұшын алға қарай тарта отырып, сол аяқтан адымды толық орындай бастайды.
Бұл орайда, аяқтың ұшын алға қарай соза отырып, жерден 15-20 см биіктікте ұстаған жөн және оны нық қайта жерге қойып, сол мезетте оң аяқты жарты адымға сол аяққа қарай алға, жерден алшақтата отырып созады. Бір мізетте, Студенттер оң қолды алға, сол қолды артқа қарай бағытталған қозғалыспен жалғастыру қажет (бірінші дайындық жаттығуда көрсетілгендей) және сол аяқта тұру дұрыс болады. «ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» есебі бойынша кідіріп, осы уақытта жіберілген кемшіліктерді түзейді.
Келесі «БІР» есебі бойынша оң аяқпен қозғалысты қайталаса, «ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» есебі бойынша қайта кідіріс жасайды.
Екінші дайындық жаттығуын орындағаннан кейін бөлімше командирі (төрт есепке) осы қозғалысты екі есепке жүргізеді, ол үшін мынадай пәрмен беріледі: «Саптық адыммен, бөлім бойынша екі есепке, АДЫМДА» және «БІР, ЕКІ, БІР, ЕКІ» және т.б. «БІР» есебінде адым алға жасалады, «ЕКІ» есебінде кідіріс жасайды.
Егер студенттер қателік жіберсе, жаттығуды төрт есепке қайтадан қайталаған жөн. Жаттығуды орындағаннан кейін бөлімше командирі кідіріссіз әр есеп бойынша саптық адыммен қозғалыс жасау үшін мынадай пәрмен береді «Саптық адыммен бөлім бойынша әр есепке, АДЫМДА» және санайды: «БІР, ЕКІ» т.б. Сонан соң бөлімше командирі минутына 60-70 адым деңгейінде, бірте-бірте қозғалысты шапшаңдату, яғни минутына 110-120 адымға дейінгі деңгейде қозғалысты оқытуға кіріседі. Дем алу мен кемшіліктерді түзеу үшін оқушыларға толық жылдамдықтағы саптық адыммен қозғалыстан қайтадан төрт немесе екі есепке бөлім бойынша қозғалысқа өткені дұрыс. Жаттығу барысында тәсілді орындауда бөлімше минутына 110-120 адым деңгейде қозғалысты сақтауы қажет.
Бөлімше оқытушысы тік бұрыштың ортасында тұрып қажетті пәрмен береді. Егер, ол қозғалыста кемшіліктерді байқаса, оларды тоқтатып қажеттісін көрсетіп, одан әрі дайындықты жалғастырады.
Бөлім бойынша оқыту және толық үйрету студенттердің өз есебінде, пәрмен бойынша және командирдің есебі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Студенттерге өз есебі бойынша жаттығуды орындау ұсынылуы мүмкін. Студенттерді кезекпен бөлімше командирі етіп тағайындау пәрмен беру тілі мен әдістемелік дағдының қалыптасуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген