Сабақтың
тақырыбы: Көмірсутектер
жəне олардың табиғи көздері, пайдалы
қазбалары, олардың шығу тегі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:Көмірсутектердің
табиғи көзі мұнай,газ,көмірді
таныстыру.Мұнайды өңдеу әдістері және
өнімдері туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: бұрынғы
өтілген материалды жаңа тақырыппен
байланыстыра алу қабілетін, ой-өрісін,
ойлай қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Қоршаған
ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу
I.Пайдалы
қазбаларға жалпы сиапттама
II.
Мұнайды өндеу қондырғысы
I.Пайдалы
қазбаларға жалпы сиапттама
Органикалық
қосылыстар тегіне байланысты табиғи
және синтездік болып екіге бөлінеді.
Табиғи
органикалық заттарға: табиғи газ,
мұнай,көмір, шымтезек(торф), тақтатас
т.б жатады.
Синтездік:
органикалық синтез арқылы жасанды
жолмен алынады.(полимерлер, дәрі-дәрмектер,
каучук,жасанды синтездік талшықтар
Мұнай
(парсы тілінен neft- тұтанатын) – жанғыш,
майлы, түсі – кен
орнына
байланысты ашық қоңырдан қара- қоңырға
дейін болатын, өзіне тән иісі бар
сұйықтық. Ол судан жеңіл, тығыздығы
0,80- 0,95 г /см, суда ерімейді, органикалық
ерткіште ериді.
Мұнай
– органикалық заттар қоспасы, кен
орындаына байланысты мұнайдың сапалық
–сандық құрамы әртүрлі.
Кез
келген мұнайдың құрамына үш түрлі,
қаныққан, циклопарафин, арамат
көмірсутектер кіреді.
Қазақстанда
160 мұнай кеніші бар. Олардың ішінде
Атырау – Елебі және Маңғыстау алаптарында,
Каспий мен Торғай қайраңдарынан табылған.
Табиғи
газ — Жер
қойнауларында органикалық заттардың
анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған
газдар қоспасы.
Табиғи
газ пайдалы қазбалар қатарына жатады.
Табиғи газ қабаттарда (жерқойнауларында)
орналасқанда газ тәрізді күйде –
жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде
немесе мұнай-газ кен орындарының беткі
бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка)
ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда
суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты
жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи
газ тек газ тәрізді күйде болады.
Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары
түрінде кристалл күйінде де кездесе
береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі
болмайды.
Табиғи
газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды
— 80-ден 97 %-ке дейін. Табиғи газдың
құрамына ауырырақ көмірсутектер –
метанның гомологтары кіре алады:
Көмір.Қазақстанда көмір
қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр
көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар.
Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд
тоннаға жетті. Республика жылына 100 млн
тонна (2010) көмір өндіреді. Көмір кен
орындарының басым бөлігі Қарағанды,
Павлодар және Қостанай облыстарында
орналасқан. Қазіргі кезде Қарағанды
алабы 3600 шаршы км жерді алып жатыр. Бұл
– Қазақстанның негізгі көмір базасы.
Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен
сапасы өте жоғары. Ашық әдіспен өнлірілетін
болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең
арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі
ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн
тонна көмір өндіріледі. Соңғы кезде
Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай
(Обаған) көмір алаптарын игеру басталып,
сондай – ақ Екібастұз көмір алабының
«Алып», «Солтүстік» және «Шығыс»
кеніштерінде қайта құру, қайта жабдықтау
жұмыстары жүргізілуде
II.
Мұнайды өндеу қондырғысы
Ректификациялық
қондырғы – мұнай өнімдері өздерінің
қайнау температурасына сәйкес фракцияларға
бөлініп жиналатын қондырғы.
Мұнайды
өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын
қондырғы атмосфералық қондырғы деп
аталады. Бірақ мұнай өнімдеріне деген
сұраныстың артуына байланысты тек айдау
арқылы алынған жанармай жетіспейді.
Мұнайды өңдеу кезінде ең алдымын түтікті
пеште 350° С-та қыздырады.Одан кейін
ректификациялық қондырғыда фракцияларға
бөлінеді.Ең алдымен Бензин(40-150),лигроин(150-200)
,керосин(180-300),газойль(250-350),мазут алынады.