жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: |
8.4В Көміртек және оның қосылыстары |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Әбшүкі Ұлжан Абдуллақызы |
|
Күні:04.05.2026 |
Сыныбы: 8 «Ә» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Тақырыбы: |
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері. №6практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері». |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: |
8.4.3.3 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру 8.4.3.4 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу 8.4.3.8 -көміртектің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру |
|
Сабақтың мақсаты: |
Көміртектің 4 аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстырады Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылу аясын анықтайды. |
|
Бағалау критерийлері: |
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін атайды және қасиеттерін салыстырады Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылу аясын зерттейді. |
|
Ойлау деңгейі: |
Білу,қолдану, талдау |
|
Құндылықтар: |
«Бірлік және ынтымақ» Топтық жұмыс барысында оқушылар көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысы мен қасиеттерін өзара салыстыру арқылы атомдар арасындағы берік байланыс секілді ұжымдық бірлік пен ынтымақ қағидаларын қалыптастырады. Ал жұптық зерттеу тапсырмалары арқылы түрөзгерістердің қолданылу аймақтарын зерделеп, әрбір бөлшектің жүйелі істегі маңызын ұғыну арқылы алған білімдерін практикалық тұрғыда ұштастырады. |
|
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/ уақыты |
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы
3 минут
2 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Топқа біріктіру: «Құпия қималар» Оқушыларды көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері арқылы 4 топқа біріктіреді. 1-топ: «Алмаз» 2-топ: «Графит» 3-топ: «Фуллерен» 4-топ: «Карбин»
«Миға шабуыл» «Жұмбақ элемент» әдісі Мұғалім оқушылардың ойын талқылай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын және оқу мақсатын хабарлайды. |
«Құпия қималар» әдісі арқылы 4 топқа топтасады.
Берілген сілмете арқылы өтіп, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды. Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазады
|
Кері байланыс |
Интерактивті тақта Қима қағаздар Жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқулығы М. Қ. Оспанова Қ. С. Аухадиева Т. Г. Белоусова Алматы «Мектеп» 2018
|
Жаңа тақырыпқа кіріспе 10 минут
|
«Кинометафора» әдісі Ой қозғау мақсатында тыңдалым алды тапсырмасын ұсынады: 1. «Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері несімен ерекшеленеді?» «Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері» тақырыбында бейнежазба көруді ұсынады.
|
«Кинометафора» әдісі Танымдық сұрақтарға жауап береді Білімдерін толықтыру үшін бейнежазба көреді, топта талдайды.
|
Кері байланыс |
https://drive.google.com/file/d/1ytRKc2B8yGh1-PqbsdoLMkH66WY-6QE8/view?usp=sharing
3д модель |
Топтық жұмыс 15 минут
|
Топтық жұмысты «Үштік байланыс» әдісі арқылы ұйымдастырады. Оқушыларға таратпа қағаздар беріледі.Тапсырманы орындау бойынша нұсқау береді: 1.Мәтінді топта мұқият оқыңыз, шағын топта талқылаңыз. 2.Таратпалардағы тапсырмалардың болжамдық жауабын топта ұсыныңыздар. 3.Тапсырмаларды жеке орындаңыз. 1-тапсырма. А) Ассоциациялық карта Мәтінді оқып, әр аллотропиялық түрге тән «ассоциациялық бейнені» (ұқсас затты) тауып, оның басты қасиеті мен пішінін жазыңыз. Ә) Ұқсастық пен айырмашылық Алмас пен Графитті, Карбин мен Фуллеренді Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз. Ортақ бөлігіне — ұқсастығын, шеткі бөліктеріне — электрөткізгіштігі бойынша басты айырмашылығын жазыңыз. 2-тапсырма «Қасиетіне қарай қолданылуын анықта» Көміртектің түрөзгерістерін ерекше қасиетіне қарай нақты қай жерде (салада) және қалай қолданылатынын мәтін бойынша 1 сөйлеммен жазыңыз. |
Оқушылар топта жұмыс жасайды. 1.Топтарға берілген таратпа мәтінмен танысады, топта талқылайды. 2.Таратпалардағы тапсырмалардың сұрақтарға болжамдық жауап ұсынады. 3.Тапсырмаларды әр оқушы жеке жұмыс дәптеріне орындайды.
|
Бағалау рубрикасы арқылы бағаланады
|
Қосымша 1 Таратпа қағаз материалдары, инфографика, Gemini платформасы |
Жұптық жұмыс 5 минут
|
«Ойлан – жұптас- бөліс» әдісі арқылы ұйымдастырады. Жұптарға «Gemini» арқылы жасалған виртуалды зертхана тапсырмасының сілтемесін береді. №6практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері»
|
Оқушылар ұялы телефон арқылы сілтемеге өтіп, жұмыстың барысымен танысып, виртуалды зертхананы орындап, қорытынды жазып, өзін- өзі бағалайды. |
Жұптардың өзін- өзі бағалауы ЖИ платформасы негізінде жүзеге асады. |
|
Жеке жұмыс 5 минут
|
«Логикалық домино» әдісі Тапсырманы орындау бойынша нұсқау беріледі.
|
Оқушылар ұялы телефондарымен тапсырманы орындайды.
|
Тапсырма чек парағы арқылы бағаланады.
|
Қосымша 2 https://gemini.google.com/share/cb19591d81d9
|
Сабақтың соңы 5 минут
|
Кері байланыс «Терең талдау» әдіс Нұсқаулық: Жауапты қысқа қайырмаңыз (мысалы: "түсіндім" деп жазу жеткіліксіз)
|
Оқушылар сілтеме арқылы нұсқаулықпен танысып, бүгінгі сабаққа өз ойларын жазады.
|
Кері байланыс
|
https://gemini.google.com/share/d4ae6e7bdf85
|
Қосымша 1
Топтық жұмыс тапсырмалары
Көміртектің «көпқырлы» табиғаты және болашақ технологиясы
Нұсқаулық:Мәтінді толық оқыңыз. Берілген мәтінді топта талқылаңыз.Төмендегі тапсырмаларға топта болжам жасаңыз.
Химиялық элементтердің бірнеше жай зат түрінде болу қасиетін аллотропия деп атайды. Көміртек — бұл құбылыстың ең айқын мысалы. Оның түрөзгерістері құрылымына байланысты бір-біріне мүлдем қарама-қайшы қасиеттер көрсетеді.
Алмаз — кристалдық торы тетраэдр пішінді, байланыстары өте берік зат. Ол жер бетіндегі ең жоғары қаттылыққа ие. Оның құрылымында бос электрондар болмағандықтан, ол тоқты өткізбейді (диэлектрик). Бұл қасиеттері оны ауыр өндірісте ғана емес, жүзі мұқалмайтын микрохирургиялық скальпельдер жасауда да таптырмас материал етеді.
Графит — атомдары қабаттасып орналасқан, қабаттар арасындағы байланысы әлсіз зат. Соның арқасында ол жұмсақ әрі оңай үгітіледі. Бос электрондарының арқасында электр тоғын жақсы өткізеді. Бұл оны машина жасауда қозғалтқыш бөлшектерін үйкелістен қорғайтын майлағыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Карбин — көміртектің сызықтық тізбегінен тұратын, қара түсті ұнтақ тәріздес жартылай өткізгіш. Ол болаттан мықты және адам ағзасымен жақсы үйлеседі. Осы ерекшелігіне байланысты биоинженерияда жасанды сіңірлер мен протездер жасау үшін қолданылады.
Фуллерен (С60) — молекуласы тұйықталған сфера (футбол добы) пішінді. Ол өте жеңіл, берік және магниттік өрістерге сезімтал. Бұл қасиеттер космонавтикада ракета корпустарын жеңілдетуге және дәрілік заттарды ағза ішіне тасымалдауға (нано-капсула) мүмкіндік береді.
1-тапсырма
А) Ассоциациялық карта
Нұсқау: Мәтінді оқып, әр аллотропиялық түрге тән «ассоциациялық бейнені» (ұқсас затты) тауып, оның басты қасиеті мен пішінін жазыңыз.
Ассоциациялық бейне |
Аллотропиялық түрі |
Пішіні (Құрылымы) |
Негізгі қасиеті |
«Мызғымас қамал» |
|
|
|
«Қатпарлы бәліш» |
|
|
|
«Мықты шынжыр» |
|
|
|
«Футбол добы» |
|
|
|
Ә) Ұқсастық пен айырмашылық
Нұсқау: Алмас пен Графитті,Карбин мен Фуллеренді Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз. Ортақ бөлігіне — ұқсастығын, шеткі бөліктеріне — электрөткізгіштігі бойынша басты айырмашылығын жазыңыз.
2-тапсырма
«Қасиетіне қарай қолданылуын анықта»
Нұсқау: Көміртектің түрөзгерістерін ерекше қасиетіне қарай нақты қай жерде (салада) және қалай қолданылатынын мәтін бойынша 1 сөйлеммен жазыңыз.
Бағалау рубрикасы: Көміртектің көпқырлы сипаты
Критерийлер |
Төмен деңгей 0 |
Орта деңгей 1 |
Жоғары деңгей 2 |
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін атайды және қасиеттерін салыстырады. |
Аллотропиялық түрлердің пішіні мен қасиеттері арасындағы байланысты толық сипаттамайды.Алмас пен Графиттің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алмады.
|
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің ассоциациясын табады, бірақ сипаттамасында 1-2 дәлсіздік бар. Диаграмманы толтырды, бірақ электрөткізгіштігі бойынша басты айырмашылықты ғылыми негіздемеді. |
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің пішіні мен физикалық қасиетін мәтінге сай дәл сипаттады. Алмас пен Графиттің электрлік қасиетін кристалдық тор құрылымымен байланыстырып, нақты салыстырады.
|
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылу аясын зерттейді |
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерісінің қолданылуын жаза алмады немесе қасиетіне мүлдем сай келмейтін салаларды жазды. |
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылуын жазады, бірақ «қасиет қолдану» байланысын толық ашып түсіндіре алмады. |
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің нақты қай жерде және қалай қолданылатынын дәлелді түрде 1 сөйлеммен тұжырымдайды. |
Қосымша 2
Жеке жұмыс тапсырмалары
Оқушының аты-жөні: _______________________________________ Сыныбы: 8 "___"
Нұсқаулық:
Төменде берілген "Логикалық домино" тапсырмаларын оқып, дұрыс жауапты таңдаңыз. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
1-тапсырма: Құрылыс пен Қаттылық
Бұл түрөзгерістің кристалдық торында әрбір көміртек атомы төрт басқа атоммен берік ковалентті байланысқан (тетраэдр). Табиғаттағы ең қатты зат.
A) Графит
B) Алмаз
C) Карбин
D) Фуллерен
2-тапсырма: Электрөткізгіштік
Қабатты құрылымға ие. Қабаттар арасындағы байланыс әлсіз, сондықтан ол жұмсақ және ток өткізеді. Қарындаш өзегін жасауда қолданылады.
A) Алмаз
B) Фуллерен
C) Графит
D) Көмір
3-тапсырма: Нанотехнология
C60 молекуласы футбол добына ұқсайды. Медицинада дәрі-дәрмекті тасымалдау үшін және нанотехнологияда қолданылады.
A) Карбин
B) Графит
C) Фуллерен
D) Алмаз
4-тапсырма: Сызықтық құрылыс
Көміртек атомдары бір түзудің бойында кезектескен қос байланыстар немесе үштік байланыстар арқылы жалғанған. Қара ұнтақ түрінде болады.
A) Карбин
B) Алмаз
C) Графит
D) Фуллерен
5-тапсырма: Қолданылу аясы
Шыны кесетін құралдар мен бұрғылау машиналарының ұштарына неліктен алмаз қойылады?
A) Әдемі болғандықтан
B) Өте қатты болғандықтан
C) Ток өткізгендіктен
D) Арзан болғандықтан
6-тапсырма: Химиялық табиғат
Алмаз, графит, фуллерен және карбиннің барлығына ортақ қасиет қандай?
A) Бәрі ток өткізеді
B) Бәрі мөлдір
C) Бәрі бірдей химиялық элементтен тұрады
D) Бәрі жұмсақ
№ |
Бағалау критерийлері |
Өз-өзімді бағалау +/- |
1 |
Алмаздың кристалдық торы мен қаттылығын білемін |
|
2 |
Графиттің қабатты құрылысы мен электрөткізгіштігін ажыратамын. |
|
3 |
Фуллереннің молекулалық құрылымы мен қолданылуын түсінемін. |
|
4 |
Карбиннің сызықтық құрылысын анықтай аламын. |
|
5 |
Көміртегі түрөзгерістерінің практикалық маңызын түсіндіре аламын. |
|
6 |
Барлық аллотропиялық түрлердің бір химиялық элементтен тұратынын білемін |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген