Материалдар / Коммерциялық қызметті ұйымдастыру тақырыбындағы дәріс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коммерциялық қызметті ұйымдастыру тақырыбындағы дәріс

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2021
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Коммерциялық қызметті ұйымдастыру

Тақырыбы: Құжаттарды түгендеу және есеп беру тәртібі


Мақсаты: Құжаттарды түгендеп және есеп беру тәртібімен танысу

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Құжаттарды түгендеу

  2. Есеп беру тәртібі

Сабақ барысы:

1. Көбінесе түгендеу жүргізу жауапкершілігі әкімшілікке жүктеледі және оның мәнін түсінбеу орын алады. Қазіргі кезде түгендеуді клиенттердің сұрауымен немесе оны жүргізу қажеттілігі туғанда аудиторлардың немесе аудиторлық фирмалардың жүргізуіне сұраныс артып отыр. Бұл кезде сыртқы (тәуелсіз) аудиторлардың міндетіне әкімшілік қоса, лауазымды тұлғалардың белгілі бір жауапкершілігінің орындауын тексеру кіреді. Осының барлығы Қазақстанда түгендеу жүргізудегі көптеген мәселелердің шешілмей отырғанын көрсетеді.

Бухгалтерлік есептің бұл саласындағы қазіргі тәжірибе бойынша, кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) түгендеу жұмысының басқарылуын жетілдіру үшін, тұрақты қызмет ететін (жоғары дәрежелі қызметкерлерден тұратын) түгендеу комиссиясын құру қажет.

Олардың құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен белгіленуі тиіс. Тұрақты қызмет ететін комиссиясы құрамы және түгендеудің басқа да маңызды аспектілері есеп саясатында көрсетілгені жөн. Бұл комиссиялардың негізгі қызметі мыналар:

  • Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;

  • Түгендеу комиссиясына нұсқаулықтар беру;

  • Түгендеу мәліметтерінің сенімділігін қамтамасыз ету;

  • Түгендеудің дұрыс ұйымдастырылуы және қажет болған жағдайда тексерулердің қайтадан өткізілуі;

  • Құндылықтарды сақтау орны бойынша бақылау, тексеруі және іріктемелі түгендеу жүргізу;

  • Жетіспеушілікке, бүлінуге, бұзылуға жол берген тұлғалардың түсіндірмелерін қарастыру;

Жұмыс комиссиясының мүшелері мыналарға жауапты:

  • Кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес тәртіптің тиісті уақытында орындалуына;

  • Түгендеу тізімдеріндегі мәліметтердің дұрыстығына;

  • Материалдардың түгенделуін белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті уақытында рәсімдеуге;

Түгендеу комиссиясының төрағасы ретінде бір материалды жауапты тұлғаны қатарынан 2 рет қоюға рұқсат етілмейтінін сәйкес жерде көрсету өте маңызды.

Сонымен қатар тұрақты қызмет етуші комиссиясының бар болуы ірі (орта) кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерді түгендеу жұмысының жүргізілу жауапкершілігінен босатпауы тиіс.

Бірнеше түгендеу комиссиясын құру кезінде тұтас түгендеудің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді төраға басқарады. Комиссия төрағасы мен мүшелері барлық түгендеу тізімдерінің нәтиже мәліметтері бойынша өткізілген түгендеу туралы шоғырландырылған актіні рәсімдеп, оған қолдарын қояды. Олар тауарлы-материалдық құндылықтар мен есептің басқа объектілерінің жетіспеушілігін және шектен тыс жұмсалуын жасыру мақсатымен нақты қалдықтар туралы жалған мәліметтер енгізетін болса, сотпен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Түгендеу комиссиясының тағайындалуы комиссия құрамы, түгендеудің көлемі, жұмыстың басталуы және аяқталуы көрсетілген бұйрықпен рәсімделеді. Бұйрық арнайы кітапта тіркеледі және түгендеудің жұмыс комиссияның мүшелеріне түгендеу жүргізудің алдында тапсырылады. Кемінде бір мүшенің жоқтығы өткізілген түгендеу нәтижелерін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Комиссия төрағасы түгендеу басталмас бұрын есеп берулердің барлық қосымшаларын визалауы тиіс, ол бухгалтерия үшін түгендеу басына қалдықтарды анықтау болып табылады.

Ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық құндылықтардың, құжаттардың немесе басқа да есеп объектілерінің нақты бар болуын тексеруге міндетті түрде материалдық жауапты тұлға қатысуы керек. Егер кәсіпорынның материалдық жауапты тұлғасы болмаса, онда жауапты тұлға болып кәсіпорын басшысы саналады. Құндылықтардың қалдықтары туралы мәліметтерде олардың нақты бар болуын тексерусіз, тек материалдық жауапты тұлғаның сөзіне немесе есеп мәліметтеріне сүйеніп, тізімге енгізуге тыйым салынады.

2.Кез келген есеп объектісінде түгендеу жүргізудің өзіндік техникасы бар. Мысалы, құндылықтарды түгендеу есептеу, өлшеу, таразыға тарту арқылы жүргізіледі, ал кейін олардың орналасқан орны және осы құндылықтарды сақтайтын материалды-жауапты тұлғалар бойынша құндық бағалануы жүзеге асырылады. Кіріс-шығыс кассалық ордерлерінің, банк шотының үзіндісі, расталған сальдо мен жазба мәліметтері бойынша алынған талаптар, қарыздар сияқты мүліктің материалды емес бөліктері сәйкес есеп тіркелімдерін тексеру арқылы анықталады. Аяқталмаған жұмыстар түгендеуге кіргізілуі тиіс.

Түгендеу мәліметтері тізіммен рәсімделуі керек, онда белгілі бір уақыт мерзіміне мүліктің жеке құрамдас бөліктері және түрлері, саны мен құны бойынша қарыздық міндеттемелер көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар түгендеу тізім тексеруге жеңіл және бастапқы есеп мәліметтерімен салыстыруға болатындай етіп жасалуы тиіс.

Қымбат бағалы құндылықтарға олардың алынуын куәландыратын құжаттарды немесе пайда болуы жайлы мәліметтерді (төлем шотының нөмірі, жабдықтаушы және басқа да деректемелер) анықтау керек. Есептеу мен тақсалауға байланысты барлық іс-әрекеттер жасалғаннан кейін және нәтижелерін өзара тексергеннен соң тізімін әр бетінің соңына тауарлы-материалдық құндылықтардың реттік нөмірі қолмен жазылып көрсетіледі. Одан кейін бетте жазылған барлық тауарлы-материалдық құндылықтардың жалпы қорытындысы (өлшем бірлігіне қарамастан, табиғи өлшеммен) шығарылады. Бұл көрсеткіштер тізімнің соңғы бетінде, байқалмайтын түзетулер енгізуге мүмкіндік бермеу үшін, көрсетіледі. Тізімнің әр бетіне материалдық жауапты тұлға мен комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Түзетулер барлық комиссия мүшелерімен келісілген және олардың қолдарымен бекітілген болуы тиіс. Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған жолдарды қалдыруға болмайды. Тізімнің соңғы беттеріндегі толтырылмаған жолдар сызылып тасталады. Одан кейін түгендеу және есеп мәліметтері салыстырылып, салыстыру тізімі жасалады.

Демек, салыстыру тізімі нақты және есептік мәліметтердің сәйкес келмеген жағдайында жасалады және осындай мәліметтер жиі түгендеу тізімімен бір бланкте біріктіріледі. Бұл – түгендеу бойынша ең маңызды қорытынды құжаттардың бірі және оған енгізілетін нәтижелерді мұқият тексеруге көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, анықталған сәйкессіздіктер салыстырылып, дұрыс көрсетілуі тиіс көптеген көрсеткіштердің сапасына тәуелді екенін есте сақтау керек.

Қажетті жағдайда түгендеудің жұмыс комиссиясы атқарған жұмысы хаттамамен рәсімделеді, онда түгендеу нәтижелері және кемшіліктерді жою бойынша қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі. Түгендеу аяқталғаннан соң оның барлық материалдары мен комиссия хаттамасы тұрақты қызмет етуші комиссия қарауына тапсырылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!