Ортаңғы «Бәйшешек» тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
айы:қыркүйек
күні.25.09.18ж. Тәрбиеші: К.М.
Досмухамбетова «Коммуникация» ,
«Шығармашылық» білім беру саласының
ұйымдастырылған оқу
қызметі:Сөйлеуді дамыту, сурет салу.
№4 Өтпелі
тақырып «Жиһаз»
Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы:«
Үй жиhазы бізге қайдан
келді?»
Мақсаттары: Үй жиhазы туралы балалардың
білімдерін толықтыру, Балаларды жиһаздар қалай,
қандай материалдан жасалатынын және олардың қажеттілігі туралы
айтып түсіндіру ,грамматикалық сөздерді
құрастыра алу,сөздік қорларын кеңейту,үй заттарына қамқорлықпен
қарауға үйрету.
Сурет
салу
Тақырыбы:
«Қуыршаққа арналған
бөлме»
Балаларға жиһаз сөзінің
мағынасын айтып түсіндіру. Әр жиһаздың қызыметі мен маңызын айту
жөне олардың түрлерін ажырата білуге үйрету ой – өрісін сана-
сезімін , сөздік қорын жиһаз сөзін дұрыс айтуын дамыту. Бір-біріне
қамқор болуға , сыпайылыққа төрбиелеу
Педагогикалық
технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап,
жұмбақ шешу , жиһаздар суреттері,, жиһаз жасайтын цех
суреті, бояу қалам, сурет салуға
қағаз Ресурстармен қамтамасыз ету: ноутбуктан
суреттер көрсету , жиһаздар
слайды Билингвалдық
компонент:Жиһаз-мебель,кереует-кровать, үстел-стол,
орындық-стуля, Сөздік жұмысы
:жиһаздар. оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі.
Балалар жиһаз деген не?
Олар қайда
сатылады? Біз үй жиһаздары туралы
кеңінен білетін боламыз. -Балалар үй жиһаздары
барлығының үйлеріңде бар. -Қандай жиһаздарды білесіңдер?
Жарайсыңдар балалар Осы кезде көмек сұрап қуыршақ келеді. Жаңа үйге
жиһаз керегін айтады.
Слайд арқылы жиһаздар түрлерін
көрсетіп ,олардың атауларын естеріне түсіреді -Жиһаздар не үшін
керек? -Оларды қайдан аламыз? -Оны қайда жасайды? -Қандай
жиһаздарды білесіңдер? Үй жиһаздарын ағаш шебері жасайтынын және
жиһаздардың жасалуына дейінгі кезеңдерді көрсетіп түсіндіру. 1.
Өсіп тұрған ағаш. 2. Сүргіленген бөренелер 3. Тақтайлар,ағаш
үгінділері, фанерлер 4. Жиһаздың дайын болған кезі. Суреттер, слайд
қарап,әңгімелеу. Жиһаздардың атауын есінде сақтап қалу үшін мен
сендерге жұмбақ жасырайын .Жұмбақ:-Төрт аяғы болса да, Етік киіп
көрмеген. Жалқаулығы соншама, -Аттап шықпас
бөлмеден.
(үстел)
Мен
жайлымын жұмсақпын , Мені табу қиын емес Ұнатады әжелер мен сәбилер
Отыруға ,жатуға. (диван)
-Кеш батты,шаршадың сен, ұйқың
келді. Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені
-Ол не?
Д\ойын: «Не артық?» Ал енді
сергіп алайық , ноутбуктан сергіту сәтін қосу, сергіп дем алу. Енді
осы жиһаздардың қайсысы қуыршақтың бөлмесіне керек деп ойлайсыңдар?
Сұрақ-жауап арқылы пысықтау. Қуыршаққа арнап жиһаз салып
беру.
Сурет салу жолдарын түсіндіру.
Өз беттерімен жұмыс . Қуыршақтың қуанышы мен
алғысы.
Қорытып жиһаздарды ,
бекіту.
Суреттерінен көрме жасау.
Қорыту.Бүгінгі жиыннан қандай әсер алдыңдар? Не
үйрендіңдер.