400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коммуникация.Сауат ашу негіздері.Тақырыбы: Жолың болсын, жолаушы! И дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұйымдастырылғант оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

МДС ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:16.01.2019 ж

Тәрбиеші: Нурканова Н.К.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сауат ашу негіздері

Өтпелі тақырыбы: Табиғат әлемі

Тақырыбы: Жолың болсын, жолаушы! И дыбысы мен əрпі

Мақсаты: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу

Педагогикалық әдіс –тәсілдер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді.

1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Кəне, балалар, барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!

– Ата-анам ауырмасын! – Үлкендерді сыйлайық! – Анамызды ардайық!

слайдтан көлік түрлерін көрсетеді. «Артығын тап!» ойынын ойнайды.

Берілген көлік артық көлікті табады.

1-сурет: жеңіл мəшине, автобус, камаз, ұшақ. 2-сурет: тікұшақ, зымыран, троллейбус, ұшақ.

3-сурет: Жеңіл көлік, жүк мəшинесі, қайық, троллейбус.

2.Негізгі бөлім

1-тапсырма

Суреттегі жолаушылар көлігі туралы не білесің?

Сурет бойынша қандай сұрақ қояр едің?

Суреттегі адамдардың іс-əрекетін айтады. Кімде қандай көлік түрі барын табады.

Көліктерді түрлеріне қарай топтастырады;

Əуе, су, жер көлігі.

Ж. Смақовтың өлеңін мəнерлеп оқып береді.

Ал, келіңдер, ат арбаны жегейік,

Ал, келіңдер, сайрандап біз келейік.

Барайық біз орман, тауға, көлге де.

Дөңгелектер, дөңгөлектер дөңгеле.

Балалар өлеңді мазмұндап, ондағы көлік түрі ат арба туралы пікірлеседі. ат арба туралы түсіндіреді.

Алысқа баратын жəне жылдам жүретін көліктерді əңгімелейді.

Əр ұлттың өзіне ыңғайлы көлік түрлері болатыны жəне көліктердің техникалық жəне жануарлар көлігі деген екі тобы болатыны туралы таныстырады.

И дыбысы естілетін көлік түрлерін атайды.

Мотоцокл, мəшине, ит пен шана.

Сөздерді буынға бөледі.

2-тапсырма

Ине, инелік, ит сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

И дауысты дыбыс екенін біледі. Айтқанда созылып айтылады. Еркін айтылады

Сергіту сəті

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

3-тапсырма. Сурет бойынша өлең жолдарын суреттеп көрсетеді.

И əрпінің баспа түрін тақтаға іліп қойып, салыстырады.

Екі л əрпінен и əрпін жасап көрсетеді. Ол үшін бір л дыбысын тоңқайтып, екіншісін түзу қалпында қасына қояды.

И əрпінің баспа түрін ауада жазып, сөз ойлап айтады.

4-тапсырма

И əрпін жаса

Санағыш таяқшалары арқылы и əрпін жасайды. Педагог тақтаға и əрпі жазылған плакатты іліп қояды. Педагог балаларға көрсете отырып сұрайды.

Екі кітіптан и əрпін жасауға бола ма?

Əлде үш кітаптан и əрпін жасай ма?

3.Қорытынды

1.Талдау.

Суреттегі жолаушылар көлігі туралы не білесің? Сурет бойынша қандай сұрақ қояр едің?

Қай көлікпен өте алысқа баруға болады? Ең жылдам көлік қайсы?

Көліктерді түрлеріне қарай топтастырып ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

2.Мадақтау.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1220
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі