400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коммуникация.Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы:Кітап-алтын қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

МДС ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:11.12.2018 ж

Тәрбиеші: Нурканова Н.К.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырыбы: Менің Қазақстаным

Тақырыбы: Кітап-алтын қазына

Мақсаты: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстауБерілген тақырып аясында диалогке қатысу Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.

Педагогикалық әдіс –тәсілдер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді.

1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң-шешен,

Ақылы асқан көсем.

(Кітап).

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.

(Кітап).

2.Негізгі бөлім:

– Қағаз, қаламдарды шашпауға уәде бересіңдер ме? Кітапхана бұрышын көрсетіп:

– Кітаптармен дос болуға уәде бересіңдер ме?

– Балалар, тек адамдар ғана бір-бірімен дос болмайды, кітаппен де дос болуға болады.

Балалардың назарын кітапхана бұрышына бұрып, кітапханаға жақындайды.

– Біз барлық білімді осы кітаптан аламыз. Кітапты сызып бүлдіруге, жыртуға болмайды. Халық «Кітап – алтын қазына» деп, кітапты мол байлыққа, қазынаға теңеген. Көп кітап жинақталған жерді «кітапхана» дейміз.

1-тапсырма. Сен кітапханада болып көрдің бе? Сен ата-анаңмен бірге қандай кітап оқыдың? Суретте не көріп тұрсың, суреттегі балалар қайда жүр?

Кітапханада балалар не істеп отыр? Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды.

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Педагог сотқар бала мен кітапханашы сөзін балаларға диалогпен айтқызады.

(Балалар кітапханашы мен сотқар баланы сахналап береді.)

2-тапсырма. Балалардың қылығына баға бер. Дұрыс суретті көк түсті қаламмен, дұрыс емес, істеуге болмайтын суретті қызыл қаламмен белгілейміз. Педагог кітапханада өзін ұстау ережесін құруды ұсынады. Бірлесіп талқылау.

Көптілділік: кітап – книга – book, кітапхана – библиотека – library Сөздік жұмыс: қазына – байлық.

Сергіту сәті:

3.Қорытынды

1.Талдау.

Суретте не көріп тұрсыңдар? Суреттегі балалар қайда жүр?

Кітапханада балалар не істеп отыр?

Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге бола ма?

Кітапты жыртқан балаға кітапханашы не айтады деп ойлайсың?

2.Мадақтау.

Балалар жасаған істерін мақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
3238
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі