400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коммуникативті дағдыларын тәжірибеде қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету" пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді: ____________________________________ МДОЖЖО Б.Кожбанова
08.05.2025

Пәні

Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету

Сыныбы

3-сынып

Педагогтың аты жөні

Есекенова Гүлжан Нәубетқызы

Күні

08.05.2025ж

Тақырыбы

Коммуникативті дағдыларын тәжірибеде қолдану

Мақсаты

Халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру; өзара сыйластық қарым-қатынастары туралы білу.

Күтілетін нәтижелер

- Оқушылар бірлік, достық туралы түсінік алады;
- Өзара сыйластық қарым-қатынас туралы ойларын айта алады;
- Қарапайым сөйлемдер құрастыра алады.

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Сәлемдесу, көңіл-күйін сұрау, мақсатпен таныстыру. «Жылы сөз – жанға шипа» ойыны.

Амандасады, сабаққа назар аударады.


Жаңа материалды меңгеру (10 мин)

«Достық», «Бірлік» туралы түсінік беру. Сұрақ-жауап, сюжеттік суретпен жұмыс.
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мысалы: жергілікті ұлт-қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықтан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары бар. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді.

ұлт-нация - nation, достық-дружба - friendship, ынтымақ-единство – unity.

Сұрақтарға жауап береді, пікір білдіреді, сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Суреттер
қима қағаздар

Практикалық жұмыс (15 мин)

1. Досың туралы сөйлем жаз.
2. Мақалды түсіндір.
3. Сөйлемді жалғастыр.
4. Сурет бойынша сөйлем құрастыр.

Жеке және жұмыс орындайды, сөйлем құрастырады.


Қорытынды және рефлексия (5 мин)

«Сиқырлы дорба» әдісі арқылы сөйлем құрату. Кері байланыс (бағдаршам әдісі).

Сабақтан алған әсерін айтады, сөйлемдер құрайды.





Сипаттама

1

Әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмірі

2

Жақын, сенімді адам

3

Адамдар арасындағы жақсы қарым –қатынас

4

Адамның ішкі адалдығы

5

Адамдарға жылы қабақ таныту

6

Қиын сәтте қол ұшын беру

Жауабы

Көмек


Достық


Бірлік


Сыйластық


Дос


Шындық


1. Қазақ халқы – Бесікке салу дәстүрі
Жаңа туған сәбиді алғаш рет бесікке бөлеу – ерекше салт. Бұл кезде жақын туыстары мен көршілері келіп, балаға ақ жол тілеп, арнайы жырлар айтады. Бесік балаға тыныш ұйқы мен аман-есен өсу тілегінің белгісі.
2. Жапондар – Шай ішу рәсімі
Жапонияда шай ішу – тек сусын ішу емес, бұл – өнер мен сабырлықтың көрінісі. Шай рәсімі кезінде әрбір қимылдың өз мәні бар, ол қонаққа деген сыйластық пен үйлесімділікке негізделген.
3. Үндістан – Түсті фестиваль (Холи)
Холи – көктемнің келуін қарсы алатын мереке. Адамдар бір-бірін түрлі түсті ұнтақпен бояп, би билеп, ән айтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Бұл – достық пен ренішті ұмытып, жаңа бастама жасау мерекесі.
4. Мексика – Өлілер күні (Día de los Muertos)
Бұл мерекеде мексикалықтар қайтыс болған туыстарын еске алады. Олар үйлеріне арнайы үстел жасап, суреттер, гүлдер, тамақтар қояды. Бұл үрейлі емес, керісінше қуанышты, естеліктермен бөлісетін күн.
5. Қытай – Ай фестивалі
Қытайда күзде Ай фестивалі тойланады. Бұл – отбасылық мереке, онда арнайы "ай кәмпиттері" дайындалып, Айдың толықтығы мен бірліктің белгісі ретінде тойланады.

6. Оңтүстік Корея – Жаңа жылда ата-бабаға тағзым (Себа)
Кореялықтар Жаңа жылда үлкендерге иіліп сәлем береді. Бұл – құрмет пен алғыс білдірудің белгісі. Сондай-ақ, олар ата-бабаларына арнайы тағам әзірлеп, дұға етеді.
7. Шотландия – Бірінші аяқ дәстүрі (First Footing)
Жаңа жыл түнінде бірінші болып үйге кірген адам «жақсылықтың иесі» саналады. Егер бұл адам жақсы көңілді, сәтті, сыйлықпен келсе – жыл бойы бақыт пен молшылық болады деп сенеді.
8. Кения (маасай тайпасы) – Би арқылы қарсы алу
Маасай халқы қонақтарды ерекше биімен қарсы алады. Олар жоғары секіріп, би арқылы күш пен қуатты көрсетеді. Бұл – құрмет пен қуаныштың белгісі.
9. Түркия – Қонақжайлық дәстүрі
Түріктер үшін қонақты күту – үлкен абырой. Қонаққа міндетті түрде шай, тәттілер немесе дәстүрлі тағам ұсынылады. Олар: "Қонақ – Құдайдың сыйы" дейді.
10. Моңғолия – Ақ дастарқан мен сүтті шай дәстүрі
Моңғолдар әр қонақты сүт қосылған шаймен қарсы алады. Бұл ақ ниеттің, бейбітшіліктің белгісі. Сондай-ақ, үлкендерге арнайы сый-құрмет көрсету дәстүрі бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
08.05.2025
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12