Коммуникативтік дағдыларды меңгертуде мұғалім көшбасшылығының маңыздылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коммуникативтік дағдыларды меңгертуде мұғалім көшбасшылығының маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы

Жекеменшік «Төржан» гимназиясының

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі

Тайтелиева Гүлмира Абдихаймовна

педагог-зерттеуші

еңбек өтілі – 30 жыл



Коммуникативтік дағдыларды меңгертуде мұғалім

көшбасшылығының маңыздылығы

Ұлы Абайдың даналық сөздерінің дүниеге келгеніне қаншама уақыт өтсе де, өшпестей ұранға айналған қасиеттілігіне тіл жетпес байлық деп қастерлеп қараймыз. Иә, еңбек етеміз, жалыққан да емеспіз, біз үнемі іздену үстіндеміз, әлі де іздене береміз, іздене отырып дамимыз, жетілеміз. Өткен уақыт бізден осыны күтті, келешек бізден нені күтеді? Еткен еңбегіміздің далаға кетпесіне, біздер- мұғалімдер, ұзақ уақыт керек екендігін сабырмен, шыдамдылықпен нәтижесін көре алатындығымызға осы мамандықты таңдаған сәтте-ақ өзімізді дайындап қадам жасаған жандар болғандықтан да «қадірлі», «құрметті», «ұлағатты» теңеулерге лайықты ел үмітін арқалап табан тірей күресуден жалыққан емеспіз.

Білім беру мазмұнынын меңгеру барысында «мұғалім- оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» екендігін түсіндік. Өз тәжірибеңді басқара отырып, мұғалім көшбасшы ретінде дамуы қажет екенін білдік. Өз тәжірибемізде курстан алған білімдері мен әдіс-тәсілдерін ендіріп, жаңартылған білім мазмұны аясында бағдарламаның негізгі идеяларын қамти отырып, көшбасшылық жасау, өзгеру, алға қарай бет алу, ұмтылу, даму үдерісін іске асыру керекпіз. Бұл қарапайымды күрделендіру мен күрделіні қарапайым ету алдағы күннің еншісінде десек, ертеңнің бүгіннен басталарын айдан анық.

Бағдарламаның идеясын мақсат етіп қоюды нақты, қолжетімді, шындыққа сай, өлшемге бағытталған болуын басты назарда ұстауды үйретеді. Өзгерісті қажет еткен қоғамда өмір сүре отырып еш өзгеріссіз қалу мүмкін емес. Ал, бірқалыптылық, бір сарындылық, жылдар бойы бізге өзгеріссіз өмір сүрудің тоқтап қалғаны секілді ілгерушілік байқалғанын білдірмейді. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Сол үшін де өзгерісті жалғыз емес қоғам болып, бірлесе отырып жасауға әрекет жасауымыз керек.

«Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Қазақ тілін оқыту бағдарламасы қолданыстағы бағдарламадан несімен ерекшеленеді?

Оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

  • Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген. Қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады.

  • Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған.

  • Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады.

  • Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Лексикалық тақырыптарды меңгерту осы пәндермен тығыз байланыста жүргізіледі.

  • Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.

  • Грамматиканы бөлек қарастырмай, функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға негізделген. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту функционалдық грамматиканың міндеті болып табылады.

  • Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оларға қызықты болатын өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылған. Лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға пәннің мазмұнын меңгеру қиын болады ма?

Оқу бағдарламасындағы коммуникативтік әрекеттер жыл сайын қайталанып, қарапайымнан күрделіге қарай өзгеріп отырады. Сол себепті де оқушылардың бойында дағды қалыптасады. Жазылым әрекетіндегі жоспар құруды алсақ, оқушылар 5-сыныпта қарапайым жоспар құраудан бастап, жоғарылаған сайын тезистік, күрделі жоспарларды құрауға үйренеді.

Мысалы:

5-сынып: 5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

6-сынып: 6.Ж1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

7-сынып: 7.Ж1.Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

8-сынып: 8.Ж1. Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру.

9-сынып: 9.Ж1.Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

Оқу бағдарламасындағы лексикалық тақырыптар оқушының жас ерекшеліне сай құралған.

Оқушылар қазақ тілі пәнін меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі негізінде дамытады; олар қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алады; қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді өздігінен түсініп оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін бөліседі.



«Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістері қалай өзгереді?

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.

Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым). Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында барлық төрт дағдыны қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді.

Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс.


Тыңдалымға арналған сабақ құрылымы:

  • Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы тірек сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

  • Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.

  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады.

Оқылымға арналаған сабақ құрылымы:

  • Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздердің мәнін ашу, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

  • Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

  • Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.

Жазылымға арналған сабақ құрылымы:

Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.

Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.

Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.

Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді.

Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады.

Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:

  • Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;

  • ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;

  • шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру

  • түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)

  • тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)

  • дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.


Мұғалімдер сабаққа дайындалуда қандай қосымша дереккөздерге жүгіне алады?

Оқу бағдарламасымен қатар, мұғалімдерге «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жоспары құрастырылды. Оқу жоспарында әр оқу мақсатын жүзеге асыру бойынша үлгі тапсырмалар, әдіс-тәсілдер ұсынылған. Оқу мақсатын жүзеге асыру бойынша мұғалімге арналған ұсыныстар, түсініктемелер берілген. Сондай-ақ, қатар оқу жоспарында мұғалім қолдана алатын оқыту ресурстары бар, олардың көбі Қазақстандық, шетелдік білім беру интернет ресурстары, деректі фильмдер мен бейнематериалдардың сілтемелері ұсынылған.

Сонымен қатар, еліміздің барлық мұғалімдері өздеріне қажет ақпарат пен ресурстарды http://sk.nis.edu.kz сайтынан ала алады. Педагогикалық білім қоры сайты үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Білімнің ауыр жолында, осындай мүмкіндіктерді орнымен қолдана білу, бүгінгі таңда барынша өркендеп келе жатқан жасанды интеллектіні қолдана білу, заман талабына сай болу үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2025
11
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі