Материалдар / Компанияның табыстылығын талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компанияның табыстылығын талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпорын рентабельділігінің көрсеткіштерін талдау. Табыстылықты, оның абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер жүйесін анықтау, нарықтық экономика жағдайындағы табыстың ролі мен атқаратын қызметтерін талдау. Өтімділіктің негізгі көрсеткіштерінің серпінін экономикалық түсіндіру. Аралық көрсеткіштердің серпінін талдау және есеп айырысу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
821
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті

«Бизнес және басқару, қызмет көрсету саласы» кафедрасы



Shape1 Shape2 Shape3


ОӘК отырысында бекітілді

Хаттама №___ «____»________ 2020 ж

Кафедра жетекшісі_______ Жумагалиева Б.З.






Ашық сабақ жоспары




Пәні: «Экономикалық талдау»

Тақырыбы: Компанияның табыстылығын талдау

Мамандығы: 5В050800 "Есеп және аудит"

Тобы: УА каз-401







Кафедра аға оқытушысы Алпамысова Г.Қ.


















Ақтөбе, 2020 жыл

«Экономикалық талдау»пәні бойынша ашық сабақ жоспары


Аға оқытушы: Aлпамысова Гульмира Қазисқызы, «Бизнес және басқару, қызмет көрсету саласы» кафедрасының аға оқытушысы, экономикалық ғылымдар магистрі.


Студенттер тобы: 5В050800" Есеп және аудит" мамандығы УАказ-401 тобы


Өткізу уақыты: 07.12.2020ж., 12.40 -13.30

Өткізу орны: ҚОХУ, 4 корпус, 2 қабат, №213 аудитория

ZOOM, ИК: 5643707058; Код доступа: 332599


Сабақ түрі: Тәжірибелік

Сабақ типі: Аралас


Өткізу нысаны: Тақырыпты талдау, Сұрақ-жауап

Бакылау нысаны: өзін-өзі бағалау, «кіру тесттері», «шығу тесттері»


Оқу-әдістемелік жабдықталуы: силлабус, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары


Көрнекі құралдармен қамтылуы: компьютер, проектор, кестелер, сызбалар, үлестірмелі карталар, тарату материалдары


Қолданылған әдістер: талдау, салыстыру, «Миға шабуыл», «Кіші топтар», пікір-талас. Жаңа тақырып материалдарын игеру барысында алдыңғы алған білімдерін пайдалану.


Ұсынылған әдебиеттер:

1.Экономический анализ: Учебник / Под ред. Бариленко В.И. и др. - М.: КноРус, 2017. - 171 c.
2. Макроэкономический анализ банковской сферы: Учебник / Под ред. Афанасьева О.Н., Дубова С.Е.. - М.: КноРус, 2018. - 192
c.
3. Аверина, О.И. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности (для бакалавров) / О.И. Аверина. - М.: КноРус, 2019. - 94
c.
4. Акуленко, Н.Б. Экономический анализ: Учебное пособие / Н.Б. Акуленко, В.Ю. Гарнова, В.А. Колоколов. - М.: Инфра-М, 2017. - 96
c.
5. Александров, О.А. Экономический анализ: Учебное пособие / О.А. Александров. - М.: Инфра-М, 2016. - 334
c.
6. Александров, О.А. Экономический анализ: Учебное пособие / О.А. Александров, Ю.Н. Егоров. - М.: Инфра-М, 2018. - 336
c.
7. Бабичева, Н.Э. Экономический анализ устойчивого развития субъектов хозяйствования / Н.Э. Бабичева, Н.П. Любушин. - М.: Русайнс, 2018. - 512
c.

8. Байзаков С. Прикладные инструменты системного анализа динамики экономического индикатора.- Караганда, 2008

9. Зенкина И.В. Теория экономического анализа.М, 2007.

10. Абрютина М.С. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. М, 2000

11. Абдыкалыков Т. А. Бухгалтерский учет, анализ и аудит. Алматы, 2001







Тақырып-15. Компанияның табыстылығын талдау

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Перспективті төлемқабілеттілік.

  2. Өтімділіктің негізгі көрсеткіштерінің серпінін экономикалық түсіндіру.

  3. Аралық көрсеткіштердің серпінін талдау және есеп айырысу.


Сабақ мақсаты: Кәсіпорын рентабельділігінің көрсеткіштерін талдау. Табыстылықты, оның абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер жүйесін анықтау, нарықтық экономика жағдайындағы табыстың ролі мен атқаратын қызметтерін талдау. Өтімділіктің негізгі көрсеткіштерінің серпінін экономикалық түсіндіру. Аралық көрсеткіштердің серпінін талдау және есеп айырысу.


Сабақтың негізгі міндеттері:

а) білімділік: студенттердің танымдық белсенділігін, білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Теория мен тәжірибені ұштастыра білу. Студенттердің ой-өрісін кеңейту, кәсіпорын рентабельділігінің табыстылығын талдау көрсеткіштері жөнінде түсініктерді қалыптастыру.

ә) дамытушылық: түрлі дерек көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Біліктіліктерін, ізденімпаздықтарын, сөйлеу тілдерін, талдау, есептеу дағдыларын дамыту. Студенттердің ойлау жүйесінде талдау, жіктеу, салыстыру және пікір түйіндеу т.с.с. логикалық ойлау элементтерін тереңдету.

б) тәрбиелік: жұмыс нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, мәселені топ болып шешу, командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, тарихты құрметтеуге, отансүйгіштікке баулу. Өз жұмыстарын нақты, дұрыс бағалауды үйрену.


Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша дәріс материалдары және ұсынылған әдебиеттерді қолданып семинар сабақтары сұрақтары бойынша дайындалу. Студенттер әр сұраққа жеке түрде жауап береді. Тапсырмалардың тақырыбы алдын ала таратылып, сол тапсырма бойынша әңгімелесу жүргізіледі, студенттерге дәріс мазмұнын, қосымша әдебиеттерді міндетті түрде алдын ала оқып шығуға ұсыныс беріледі.


Пән аралық байланыс: Экономикалық теория, Менеджмент негіздері, Макроэкономика.


Меңгеруге қажетті негізгі түсініктер, терминдер: Кәсіпорын рентабельділігінің көрсеткіштерін талдау. Кәсіпорынның пайдасын, оның қалыптасуы мен таралуын талдау. Пайда түрлері. Пайда ұғымы, мәні және функциялары. Кәсіпорын пайдасының түрлері. Кәсіпорынның баланстық пайдасы. Баланстық пайданың құрамы мен динамикасын талдау. Пайда көрсеткіштері. Пайда мөлшеріне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын кірісінің өсуі-пайданы арттырудың негізгі факторлары мен жолдары. Кәсіпорынның пайдасын бөлу. Пайданы жоспарлау. Ұйымның кірістері мен шығыстары. Өткізуден тыс кірістер мен шығыстар.










1. Табыс - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не болмаса активтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Бұл акционерлер салымдарының есебінен басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады. Олар: өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден алынатын табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен алынатын табыс, салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, төтенше жағдайлардан алынған табыс, кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Тек табыс ғана өзара байланысқан 3 мәселенің шешімін анықтайды: нені? қалай? және кім үшін өндіру керек?. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты. Ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтерімен анықталады:

1.Мемлекеттік бюджет тобының көзі

2.Кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет:

1.Жуықтаудың белгілі - бір дәрежесінде өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуімен өзіндік құнын төмендеуін ескеру қажет.

2.Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болу керек.

3.Табысты бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4.Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде ғана мүмкін (амортизациялық аударымдар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, инвестициялар, қаржылық санкциялар, пай төлемдері, есеп - айырысу нысандары және тағы басқасы).

Кәсіпорынның табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. Өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжау мүмкін. Алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндетіне мыналар жатады:

- табыстың абсолютті көрсеткішінің жоспарының орындалуын анықтау;

- таза табыстың қалыптасуына құрамдас элементтерді зерттеу;

- табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

- табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

- табыстың өсу резервтерін анықтау;

- кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

- табыстың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Табыстың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол табыстар және шығындар туралы есепте қосылған құн салығы, акциздер және т.б. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалды қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайларда кездеседі.

Табыстылықтың 2-ші абсолютті көрсеткіші жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыспен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

1.Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны.

2.Өнім бірлігінің бағасы.

Өткізілген өнім көлемі өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін туралы шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады.

2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті (жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді. Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!