400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компландия әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін байқау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

13 МГ директоры


______________Дуйсенбекова Н.Е.


«____» ______________2016ж.


Келісемін:

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

______________Алауова Г.А.


«____» ______________2016ж.



Қаралды

ӘБ мәжілісінің №1 хаттамасы

__________Жумагазинова А.К.

«____» ______________2016ж



Алматы қаласы Әуезов ауданы

13 мектеп гимназиясының

информатика пәнінің мұғалімдері

Кумарова Гульжанат Манарбековна,

Бегманова Алтынай Мухтаровна




Сайыс тақырыбы:

«Компландия әлеміне саяхат»

6 «Ә» сынып

2016-2017 оқу жылы










Алматы қаласы, 2017ж.


Сайыс мақсаты:

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін байқау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация


Сайыс кезеңдері:


1.Эмблема мен қабырға газетін қорғау

2. Шын жүйрікте шаршау жоқ 

3. Білгенге маржан

4. Үздік оператор.

5. Анаграмма

6. Білгір болсаң тауып көр

7. «Компьютердің пайдасы мен зияны» -пікірсайыс

. Қорытынды бөлім



Барысы:


Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика, физика, математика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 6 сынып оқушылары «Компландия әлеміне саяхат» атты сайыста білімдерін сынамақ. Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуальдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам – дей отырып,

ойыншыларымызды ортаға шақырып, таныстырайық. Әр топ алты оқушыдан тұрады :

«Логика» тобы:

1.

2.

3.

4.

5.

6.
«Алгоритм» тобы:

1.

2.

3.

4.

5.

6.
Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Сайысты бастамас бұрын, алдымен сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.................................................................
2................................................................
3................................................................



І-тур. Эмблема мен қабырға газетін қорғау


ІІ- тур. «Шын жүйрікте шаршау жоқ  » кезеңі

Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады.  Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.

І командаға

1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

ІІ командаға

1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)

4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия)

8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

ІІІ тур. «Білгенге маржан»

Компьютерге байланысты мақалдар айтылады. Айтылған мақалды оқушылар өмірдегі мақалмен байланыстырады.

  1. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсе кәріге күл)

  2. Антивирусы күштіні вирус ала алмайды (Досы көпті жау алмайды)

  3. Байт биттен құралады (теңге тиыннан құралады)

  4. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)


ІV-тур. Үздік оператор.   (қосымша кезең)

Бұл кезеңде оқушыларға тапсырмалар  беріледі. Сол тапсырма бойынша компьютермен жұмыс орындайды: Мәтінді теріп, ағылшын сөздерінің қазақша аудармасын мәтіннің астына жазу керек.


В ЛЕСУ РОДИЛАСЬ ЁЛОЧКА

In forest родилась ёлочка,

In forest she жила,

In winter, summer стройная,

Green she была.

Метель sang her песенку,

Sleep ёлочка Bye-bye,

The forest снежком укутывал,

Look не замерзай.

И вот she is beautiful,

на holiday пришла,

And many, many радостей,

To children принесла.


V-тур Анаграмма: әріптердің орнын ауыстырып жаңа сөзді тап

1. Граммпора

2. Лайф.

3. Нимотор

4. Лайботик

5. Пьюромтек

6. Свитерчен

7. Таксиед


  1. Программа

  2. Файл.

  3. Монитор.

  4. Килобайт

5. Компьютер.

6. Винчестер.

7. Дискета.



  1. Иск, довод

  2. Лай, ботик

  3. Ен, реп

  4. Багет, май

  5. Грамм, пора

  1. Ро, процесс

  2. Крен, ас


  1. Дисковод.

  2. Килобайт.

  3. перне.

  4. Мегабайт

  5. Программа

  6. Процессор

  7. Сканер.



VІ тур . «Білгір болсаң тауып көр»

Слайдтағы сұрақтарға жауап беру.

VІІ тур Компьютердің зияны мен пайдасы.

Балалар қорапшада жасырылған сөздерді алып шығады.

 1-қорапшада «компьютер пайдасы»,

2-қорапшада «компьютер зиян»

Алынған сөздер арқылы өз пікірлерін ортаға салады.

Қорытынды.Оқушылардың ұпайлары есептеліп жеңімпаз анықталадыShape1



Shape2 Shape3 Shape4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.02.2019
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі