Тақырыбы:
Компоненттері
химиялық әрекеттесетін жүйелер.
Конгруэнтті балқу нүктесі бар қосылыстар
түзетін жүйелер, оладың диаграммасын
сызып,
талдау жүргізу
Жоспары
-
Компоненттері химиялық әрекеттесетін
жүйелер.
-
Конгруэнтті балқу нүктесі бар қосылыстар
түзетін жүйелер
-
Оладың диаграммасы
Жүйе
компоненттері бір - бірінде балқып
еріген кезде олардың химиялық реакцияға
түсуі жиі байқалады . Реакция нәтижесінде
түзілетін қосылыс бастапқы алынған
компоненттерге ыдырамайтын тұрақты
қосылыс болса, оны конгруэнтті
балқитын қосылыс деп атайды ( латын сөзі
congruentis – бірдей болу ).
Конгруэнтті балқитын қосылыстар балқыған
кезде тепе - теңдіктегі қатты және сұйық
фазалардың құрамдары бірдей болады.
36 - суретте конгруэнтті балқитын
косылыс түзетін екі компонентті жүйенің
балқу диаграммасы берілген .
Магний
мен қорғасын химиялық әрекеттесіп ,
PbMg2,
қосылысын түзеді . Сондықтан магний мен
қорғасын қоспаларының балқымасын
суыткан кезде жалпы алғанда , үш қатты
фаза кристалға түседі, олар бастапқы
алынған компонентте PbMg және Pb кристалдары
мен химиялық қосылыстың PbMg2
, кристалы . Балқу диаграммаларында әр
қатты фазаның өзіне тән кристалдану
қисығы болады : AE
кисығы магнийдің , BE қисығы — қорғасынның
, СЕ
қисығы — қосылыстың кристалдану ( балку
) қисыктары
. Химиялық қосылысқа ( PbMg2
, ) магнийдің немесе қорғасынның
кристалдарын біртіндеп қосса , қосылыстың
балқу температурасы төмендейді . Соған
байланысты қосылыстың ликвидус қисығында
( Е1СЕ2
, -қисығы ) максимум нүктесі ( С
нүктесі ) пайда болады . Максимум
нүктесінің ординатасы қосылыстың балқу
температурасын ( T = 824 ) абсциссасы оның
құрамын (80 % Pb + 20 % Mg) көрсетеді . С нүктесінен
абсцисса осіне түсірілген перпендикуляр
диаграмманы екі бөлікке бөледі : бұл
бөліктердің әрқайсысын химиялық
әрекеттеспейтін екі компонентті жүйенің
( РЬ – PbMg2
, және PbMg2
, - Mg жүйелері) балқу диаграммасы деп
қарастыруға болады . Сөйтіп Mg - Pb жүйенің
балқу диаграммасын екі қарапайым
диаграммадан құралған деуге болады .
Егер магнийге химиялық қосылысты ( PbMg2
, ) біртіндеп қосса , магнийдің қоспалардан
кристалдану температурасы ТАЕ1.
қисығы бойымен төмендейді , ал керісінше
, химиялық қосылысқа магнийді қосса ,
косылыстың балқу температурасы CE1
, қисығы бойынша төмендейді CE1
, және ТВЕ2
ликвидус қисықтары екінші эвтектикалық
нүктесінде қиылысады . Сол сияқты CE2
, және ТВ
Е2
, ликвидустары химиялық қосылыстың оған
қорғасын қосылғандағы және қорғасынның
оған химиялық қосылыс қосылғандағы
балқу температураларының құрамға
байланысты өзгеруін көрсетеді . СЕ2
, және ТЕ2
, қисықтары екінші эвтектикалық нүктеде
( Е2
, нүктесі ) қиылысады. Сөйтіп
жүйеде екі эвтектикалық нүкте және екi
солидус кисықтары пайда болады
. Диаграмманың әр бөліктеріндегі жүйенің
фазалық күйлерін жоғарыда қарастырылған
қарапайым жүйелердің балку диаграммасындағы
сияқты оңай анықтауға болады . Ликвидус
қисықтарынан жоғары жатқан бөлікте
жүйе бір фазалы ( сұйық балқыма ) , яғни
бивариантты ; ликвидус және солидус
қисықтарымен қоршалған бөліктерде жүйе
екі фазалы ( сұйық балқыма + кристалл )
, моновариантты ; солидус сызықтарынан
төмен жатқан бөліктерде жүйе тағы да
екі фазалы ( Mg + PbMg2
, кристалдары ; PbMg2
, + Pb кристалдары ) , моновариантты .
Диаграммадағы С нүктесі диcтeктика
нүктесі
деп аталады . С нүктесінде жүйе бір
компонентті ( PbMg2
, компоненті) және екі фазалы ( PbMg2
, балкымасы + PbMg2
, кристалы ) , яғни бұл нүктеде жүйе
инвариантты : ( E = 1-2 + 1 = 0 ) .
Егер
жүйе компоненттері өзара бірнеше
қосылыстар түзетін болса, балқу
диаграммасында олардың әрқайсысына
тән максимум нүктелері болады .
2-
суретте екі қосылыс түзілетін жүйенің
балқу диаграммасы сызбалық түрде
көрсетілген , мұнда құрамдары AmBn
және Аm1
Вn1
қосылыстарының ликвидус қисықтарындағы
максимум нүктелері С1
, және С2.
Бірнеше қосылыс түзетін екі компонентті
жүйелерге Ag - Си , Ce - Sn , Cu - Mg т.б. жатады
. Жүйеде түзілетін химиялық қосылыстардың
тұрақтылығына байланысты олардың
ликвидус кисығындағы максимумның
формасы әртүрлі болады; қосылыс неғұрлым
тұрақты болса , максимум соғұрлым үшкір
болып келеді . Үшкір максимум нүктесін
сингулярлық
нүкте немесе дальтондық нүкте деп атайды
( 37 - сурет , C1
, C2
, нүктелері ) . Бірақ көптеген қосылыстар
балқыған кезде азды көпті диссоциацияға
ұшырап , бастапқы алынған компоненттерге
ыдырайды : Am
Bn
= ) mA + nB . Максимум нүктесінде бұл кезде
қосылыстың таза өзі болмай , оның бастапқы
А және В компоненттерімен қоспасы
болатындықтан , максимумның формасы
доғал болады . Қосылыстың тұрақтылығы
азайған сайын максимум доғалдана береді
( 2 - сурет) .