жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Компьютер
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА ҚЫЗМЕТІ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
Компьютерлік
желі дегеніміз
– ресурстарды (дискі, файл, принтер,
коммуникациялық құрылғылар) тиімді
пайдалану мақсатында бір – бірімен
байланыстырылған компьютерлер
тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы
мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.
Ең шағын желілер жергілікті деп
аталады да, компьютерді біріктіру үшін
қолданылады. Жергілікті желіден кейінгі
орынды масштабы бойынша корпоративті
есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді
ірі мекемелерді, банктер мен олардың
филиалдары, сақтандыру компаниялары,
бұқаралық ақпарат құралдары құрады.
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы
компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық
есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай
желіде байланыс желісі ретінде телефон
байланысы, телефон тораптары немесе
сымсыз байланыс серігі
қолданылады.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар
аймақтық және коммерциялық желілерге,
Интернетке қосылады.
Интернет
желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп
болған 70 – жылдар басында АҚШ
қорғаныс инистрлігінің APRANET
компьютерлік жүйесі болып
саналады.
1973ж. APRANET Англия
мен Норвегия мемлекеттеріне
байланыс орнатып
әлемдік
кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен
таралуына себеп 1982
жылы
пайда
болған ТСР/ІР
хаттамасы
(протоколы) болды. Оны соғыс бола қалған
жағдайда бір-бірімен телефон арналары
арқылы қосылған компьютер
желілерімен
байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық
барлау
басқармасының
қызметкерлері ойлап тапқан
ЖЕРГІЛІКТІ
ЖЕЛІЛЕР.
Жергілікті
желі –
саны шектеулі компьютерлерді біріктіру
үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге
қосу үшін компьютерден басқа
құрылғылар:желілік адаптер, кабель,
концентратор (HUB) немесе коммутатор
(SWICH) қажет. Желілік
адаптер –
компьютердің байланыс желісімен
сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін
құрылғы. Коммутатор мен
концентратор
ақпарат алмасу сапасын жақсартады және
деректерді таратудың әр түрлі стандартын
қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін
біріктіреді. Сонымен, жергілікті
желі дегеніміз
– бір – бірімен қатар орналасқан
компьютерді біріктіретін жүйелер (бір
бөлмеде немесе бір ғимаратта,
қатар орналсқан компьютерлер). Жергілікті
желінің екі түрі бар:
клиент
– сервер және бір деңгейлі (бір рангілі),
яғни тең дәрежелі желі.
Сервер
– ортақ пайдалануға арналған барлық
ресуростарды қамтитын компьютерлер.
Ортақ ресуростарды пайдалану үшін
сервер қосулы болуы қажет. Серверге
принтерлер, модем, ортақ қолданбалы
программалар (мысалы, электрондық
пошта), факстер және т.б. қамтылған
ресуростарды толығынан қолдануға
мүмкіндік береді. Жергілікті желідегі
компьютерлердің бір – бірімен геометриялық
байланысу тәсілі топология
деп аталады. Байланыстыру топологиясының
бірнеше түрі бар:
1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланға тиімді.
Тапсырма
1.Компьютерлік желі дегеніміз не?
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобын айтамыз.
2.Компьютерлік желілердің түрлерін ата?
Дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар.
3. Желі топология дегенді қалай түсінесіңдер?
Желі топологиясы деп (ағылш. network topology) — есептеу желісіндегі машиналардың физикалықконфигурациясы, яғни қандай түйіндер жүбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен тораптарын, олардың жол үзындығы, тораптар қуаты төрізді сипаттамаларын ескермей, жалғастыру қүрылымын зерттейтін қолданбалы ғылым.
4.Қарапайым желі мен Сервердің айырмашылығын атап көрсет
Сервер есептеу желілері құрамындағы бірнеше компьютерлерге ортақ шалғай құрылғыларды: лазерлік принтерді, дискілерді, модемдіпайдалану кезегін тағайындап отыратын негізгі түйінді компьютер.
Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
5. Сервер түрлерін жікте.
Сервер негізінде (server based) |
Мамандандырылған серверлер: - файлдар мен баспалар серверлері - қосымшалар серверлері; - факстық серверлер; - пошталық серверлер; - коммуникациялық серверлері - каталогтық қызметтер серверлері. 6. Компьютерлік желіден басқа байланыс құралдарын ата? Интернет компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
|
Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:
- жұмыс станциялары;
- желі серверлері;
- қатынастық тораптар.
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген