"Компьютер әлемінде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Компьютер әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Таным білім беру саласы, жаратылыстану саласы бойынша "Компьютер әлемінде" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні:

Тәрбиеші: 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: Компьютер әлемінде.

Мақсаттары:

Тәрбиелік:

Балалардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа ,тиянақтылыққа,

қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы туындату және тұлға дамыту.

Қызықты ойындар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамыту.

Оқыту: Балаларды компьютерге үйрету, оқыту.

Заттар әлемі қарапайым ақпарат көздері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: компьютердің макеттері, үлгі суреттер.

Билингвалдық компонент: ақпарат - информация, хат - письмо, сәлемдеме - посылка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Балалар бәрі қосылып:

Қол алысып,кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру

Қандай жақсы дос болу!

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар,біздің бүгінгі сабағымыздың

тақырыбы компьютер деген не,

ол қалай пайда болған екен сол жөнінде шолып кетсек.

2.Негізгі бөлімі:

Алғашында компьютерлер өте үлкен болған екен.

Үлкендігі сондай осы бөлмеміздей болған екен.

Сондықтан ғалым ағаларымыз жұмыстарын жеңілдету үшін

осындай кішкентай компьютерлер ойлап тапқан екен.

Компьютерлер адамзат баласының теңдесі жоқкөмекшісі болып табылады екен.

-Балалар біздер компьютерді барлығымыз білеміз,солай ма?

-Балалар үйлеріңде компьютер бар ма?

-Сендерге компьютер ұнай ма?

-Компьютермен жұмыс жасағыларың келе ме?

-Өте тамаша, балалар жарайсыңдар,дұрыс айтасыңдар.

Д/о: «Отбасы»

3.Қорытынды:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетіндегі алған білімдерін пысықтайды.

Балаларды мадақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2022
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі