Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

"Компьютер дос па, әлде жау ма?"

Автор:ЖУМАГУЛОВА ГУЛЬЖАН ИШАНҚЫЗЫ
Бағыты: Аттестаттау материалдары
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: 5 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-30

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

компьютердің жалпы адам баласына дос немесе жау екенін айту,

Тәрбие сағаты "Компьютер дос немесе жау"Мақсаты: Компьютердің адам өміріне зияны мен пайдасын білу.
«Компьютер» латын сөзінен аударғанда ( санау, шығару) деген мағынаны береді.Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады
Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады.Ауру бірден басталмайды.Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады.Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды.Ересек адамдардың пікірінше, ойынды балалар ойнауы қажет. Ойын ойлау қабілетін, есте сақтауды, зейінді дамытады . Балалар көп ойнайды: қуыршақтар, дойбы, құрастыру… Әрине қазіргі заманның балалары компьютерлік ойындарына әуестенеді.
Интернет – адамдарды әлеуметтік бөлшектеу, жалғыз, депрессияға шалдығуға апарып соғуы мүмкін. Интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды. Қиындықтар шынайы өмірде туындаған кезде, адамдармен қарым-қатынас жетіспегенде компьютердің алдынан іздейді. Тағы да бір мәселе -компьютер психиканың бүлінуіне әсерін тигізді. Бұндай психикалық бүлінуге біріншіден, интернетке тәуелді болу және компьютерлік ойындарға тәуелді болу. Компьютермен жұмыс істеу кезінде біздің өмірімізде күйзелістер пайда болады. Ол компьютерге тәуелді болуынан пайда болады.  
Компьютер оқуға қалай әсер етеді ?Компьютер 1.Компьютерді не үшін қолданасыз? 2.Компьютер мен жұмыс істеу кезін де қандай жайсыздықты сезінесіз?
 Монитордың анық еместігі. Түстердің дұрыс күйге келтірілуі. Суреттердің жылт-жылт етуі. Экрандағы жыпылықтаудың болуы.
Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады.
  • көздің тартуы,
  • бас ауруы,
  • жүйкенің жұқаруы,
  • ұйқының нашарлауы,
  • шаштың түсуі,
  • терінің қызаруы,
  • аллергиялық іш ауруы,

Компьютермен жұмыс кезінде, тышқан мен пернетақта арқылы жұмыстанамыз.Бұл бізді алуан түрлі қозғалыс жасауға мәжбүрлейді. Пернетақтамен көп жұмыс істеуі кезінде саусақтардың,қолдың ауруына себепші болады. Қазіргі уақытта ультрадыбыстың есте сақтау қабілетіне, оқуға кері әсері бар екені белгілі.Шу құлаққа , миға әсер етеді.
 — Көңіл аударуды жылдамдатады; — саусақтардың қозғалу шапшаңдығы; — объектіні визуалды қабылдау; — назар және есте сақтау қабілеті ; — логикалық ойлау; — көздің шапшаң қабылдауы.
 — қорыту және сараптау; аналитикалық ойлау; өз мақсатына жету; интелектуалдық қабілеттерін дамыту.

Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады.
Назар аударғандарыңызға рахмет!





















Тақырыбы:Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?Білімділік: іс-шара кезінде білімгерлерді ізденімпаздық,  тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.Дамытушылық: пікірталас аты іс шара білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл- ойын дамытады.Тәрбиелік: Білімгерлерді ұстанымдылыққа мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.Түрі: дебат (пікірталас)Көрнекілік:  плакаттар (тақырыпқа байланысты), ұлағатты сөздер, сандық фотоаппарат.Тәрбие сағатының барысы :Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ал ақпаратпен жұмыс істеудің незізгі құралы болып компьютер пайда болды. Алайда, жаңа ақпараттық технологияларды өте шапшаң қарқыны қоғамда кез келген жерде адамдардың жұмысын жеңілдету үшін компьютерді пайдалануға әкеліп соғады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе күн пайда болып, олардың  даму үрдісі үздіксіз ғылыми техникалық үрдіске айналып отыр. Дегенмен компьютердің де пайдалы және зиянды жақтары бар екен.Сонымен, бүгінгі ойынымызды бастайық! Бүгінгі біздің резолюция: «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген пікірталасты 5 сынып оқушылары мен мектеп психологы талқыламақшы.  Ал, ендеше пікірталасқа қатысушы екі жқты қарсы алайық. Қошемет!Мұғалім:Пікірталастың  мазмұны:
  • Пікірталасқа екі топ (пайдасы және зиянын айтатын) қатысады.
  • Конструктивті бөлімде топ  мүшелері ақпаратты баяндайды. Баяндауға әр топ мүшесіне 5 минут, 7 минут және 10 минут беріледі.
Пікірталас кезінде екі топ та-       өз ойларын баяндаған кезде бір - бірімен мәдени сөйлесуге,-       сұрақтарға нақты жауап қайтаруға,-       сұрақтарға сыйластықпен жауап беруге,-       бір-бірін ренжітпеуге,-       қарсы топтың ойын кекетпеуге,-       берілген уақыттан аспауға міндетті.Сонымен пікірталасымызды  бастайық. Алдарыңызға  «компьютер пайдалы» позициясын ұстанатын  «Намыс» тобын шақырамын. Сізге баяндауға 5 минут уақыт беріледі.«Намыс»   тобы Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және қарсы топ. Біз бүгін ˝Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?˝ деген мәселені қарастырамыз. Біздің пікіріміз: компьютер пайдалы. Неге? Осыған байланысты біздің аргументтеріміз:1)   уақытты үнемдейд;і2)   ойындар;3)   сана сезімді жетілдіреді.Бұрынғы кездерде адамдар хаттарын, керекті, қажетті қағаздарын, мағлұматтарды белгілі бір уақытта жүргізетін. Ол күн 1 күн, 1 апта, кейде 1 жылға дейін созылатын. Компютер мұндай іс-әрекеттерді сол бірер сағатқа жеткізеді. Адамдардың бір-бірімен араласуын интернет арқылы жүзеге  асырады. Адам бір жерде отырып компютер арқылы көптеген мағұлұматтар алады. Ол біздің уақытымызды үнемдейді.Біз бір жерде отырып басқа мемлекеттердің  кітапханаларынан  кітап ала аламыз. Адам сол кітапты алу үшін басқа мемлекетке ұшып жатпайды. Біз  күнделікті  тұрмыста  қолданып  жүретін  құралдарды да  компютер алмастыра алады: калькулятор, теледидар, магнитафон және т.б. соны ескерсеңіз.2. Қазіргі кезде ойындардың неше түрлісі  бар. Сіздердің көкейлеріңізге  Ойынның  қандай  пайдасы  бар? Деген сұрақ  туған  шығар.  Бұл  сұраққа көптеген жағдайлар, мәліметтер  бар. Компютер  арқылы  балалар,  жастар  үйлерінде,  салондарда  бір  орнындарында  отырйды. Әрине,  кейбір  балаларда жағдайлары  бар  өздеріне  компютер  сатып  алуға, ал  кейбір  балалардың  жағдайлары  келмейді. Бірақ  балалар   компьютер  алдында  отырып ойындарды, интернет арқылы сөйлесуді үйренеді.Ол тамағын ішіп алып,бос уақытын далада өткізбейді. Ал компьютер болмаса бала сабақтан келіп,тамағын іше салып далаға безіп шығады.Ол оған зиян.Өйткені ата-анасы оның қандай ортада жүргенін,қандай жағдайларға тап болғанын біле алмайды. «Ол бала қайда жүр екен,не істеп жүр екен?» деген сұрақ туады. Ол бала далада жүріп нашақорлыққа, темекі шегуге, қылмыстиы жасауға жол береді. Соны болдырмау үшін, баланы далаға шығармай, үйде компьютер арқылы ұстауға болады. Осы жағдайды қарастырып кетіңіз.3. Компьютер адамның сана-сезімін дамытады. Адам компьютер алдында отырып, басқа мемлекеттермен ақпарат алмасады, басқа адамдармен танысады және бұл оны қызықтырады. Компьютер адамның саясатқа, музыкаға, экономикаға, мәдениетке және т.б. нәрселерге деген қызығушылығын тудырады. Оның сана-сезімін жан-жақтан дамытады. Жаңағы айтып кеткен ойындар осыған дәлел бола алады. Ойындар адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы көптеген қиын жағдайларға тап болады. Адам сол жағдайлардың дұрыс шешімін табуды ойластырады. Қиын жағдайлардан қалай шығуды ойлайды. Сол үшін адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті дамиды. Осыны ескеріңіздер. Сұрақтарыңыз болса, қоюға рұқсат.Мұғалім:  Рахмет, келесі бізге компьютер зиянды позициясын ұстанған «Тұлпар» тобын ортаға шақырамын. Қарсы топ сияқты сізге де, баяндауға 5минут уақыт беріледі. («Тұлпар» тобы).«Тұлпар» тобыСәлеметсіздер ме, құрметті Намыс тобы. Біз бүгін сіздермен «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпта дебат өткізіп, пікір таласпақпыз.1)      Денсаулыққа өте зиян. Мысалы, адамдарды әр түрлі ауруларға ұшыратады. Көзге зиян. Компьютер адамның көзіне кері әсер береді.2)      Ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер сөйлемейді, яғни адам жұмысты пернелер арқылы жазып, жауап беріп, жұмыс орындайды және компьютер жұмысты автоматты түрде орындайды. Адам ойланбайды, жұмыстарды компьютер атқарады. Соның салдарынан адамның ойлау қабілеті нашарлайды.3)      Жеткіншектерді зорлық-зомбылыққа үйретеді. Қазір компьютерде көптеген атысып ойнайтын ойындар бар, бұл баланы қатыгездікке үйретеді.Жүргізуші: Рахмет. Келесі кезекте «Намыс» тобының сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз 7 минут. («Намыс» тобы ) Мен біздің топтың айтқан аргументтерін толықтырып кетемін.Мысалы, бөлмеде көп өрмекшілер бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық өрмекшілер еш қиындықсыз өрмек арқылы бөлменің кез келген нүктесіне бара алады. Дәл солай телефон арқылы үйде отырып, жер шарының кез келген қаласындағы телефонмен сөйлескенде интернет арқылы планетаның кез келген нүктесіндегі компьютер мен және оны пайдаланушы байланыс жасай алады. Интернеттен біз медицинадан  бастап, техниканың барлық салаларының шексіз ақпараттарын ала аламыз. Уақытты үнемдеу үшін біз бір жаққа барып, оны іздеп жүрмейміз, осы интернет арқылы керек хабарды ала аламыз. Дәл солай, электронды пошта арқылы біз хат тез арада жетіп және ол хат жоғалып кетпейді деп айта аламыз. Ол бізге не үшін керек? Хабар тез арада жетеді. Мысалы кәдімгі ойынды алсақ, онда бір лабиринттен шығу керек болады дейік, ойлап отырған адам бірінш қалай шығу керек екенін ойланады.   Не үшін компьютерлерде мұндай ойындар бар. Өйткені, бұл ойындар адамның ойлау қабілетін арттырады. Педагогика және медицинада мынадай тұжырым бар: баланың,жеткіншектің ойын дамыту үшін оның іс-әрекетін проблемалық жағдайға тақау керек.Сондықтан компьютер адамға пайдалы да маңызды.Жүргізуші: Рахмет, келесі сөз   «Тұлпар» тобына беріледі. Баяндауға 7 минут беріледі.    Біз қазір «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпты қарастырып отырмыз. Біздің топ компьютер зиян дегенді талдайды. Біздің топтың айтып кеткен аргументтерге мен өз сөзіммен нақты тоқталып кетейін.
  • Компьютер денсаулыққа зиян.
  • Компьютер балалардың ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады.
  • Компьютер жасөспірімдерді зорлық-зомбылыққа үйретеді.
Қазір компьютерде неше түрлі ойындар бар. Әрине, олардың көбі төбелес немесе соғыс туралы. Ойынды  балалар, көбінесе 5-6 сынып оқушылары күні бойы ойнайды. Ертеңіне осы ойындардан үйренген әрекеттерді достарына немесе жалпы адамдарға қолданбайтынына кім күмән келтіреді. Содан кейін оны кіші інілері қайталайды. Тағы да компьютер арқылы кинолар көруге болады. Әсіресе, жасөспірімдер неше түрлі диск алып көреді. Әрине, дисктің көбі тәлім-тәрбиесіз, зорлық-зомбылық, ұрыс, соғыс туралы. Бәрі осылай жалғаса берсе, біз мәдениетімізден, ұлтымыздан, салт-дәстүрлерімізден айырыламыз. Тағы да бір айтып  кететін жайт – қазір қаланың кез келген бұрышында компьютерлік салондар қаптап кетті. Балалар таңертең сабаққа шығады, бірақ жете ме, жетпей ме біз білмейміз және де оған қосымша ақшаларын жұмсайды.Мұғалім:  Сөз кезегі  «Намыс» тобының психологке беріледі. Сіздің баяндау уақытыңыз 10 минут.  Армысыздар, құрметті көрермендер, қарсы топ. Бүгінгі ˝Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?˝ деген пікірталаста біздің алға ұсынып отырған позиция «Компьютер пайдалы және ол біздің өмірімізге қажетті құрылғы».
  • Компьютер уақытты үнемдейді.  Оған айтар дәлеліміз күнделікті көп қолданылатын жазбалар,  рефераттар, ғылыми жұмыстар, мақалалар, шығармалар және т.б. жатады. Осы аталған жұмыстарды қолмен, яғни жай сиямен жазғаннан гөрі компьютерде басып шығарған өте тиімді. Ал осы жазылған жұмыстардың бірнеше көшірмесі керек делік, ондай жағдайда қолмен қайта жазып отырғаннан, компьютердегі принтер көмегімен аз уақыт ішінде бірнеше көшірмесін шығара аламыз.
  • Ойындарға келетін болсақ, сіздер компьютерлік ойындар (атыс-шабыс) балаларға кері әсер етеді дедіңіздер. Ал осының  екінші жағын ойлап қарадыңыздар ма? Спорттық ойындардың, қолөнерлерінің баланың уақытын тиімді пайдаланады дедіңіздер. Ал осыған қабілеті жетпейтін, тіпті мүгедек, тіпті қызықпайтын оқушылар бар, солар қайтпек? Әрине, бұл жағдайларда компьютерлік ойындардың көп көмегі тиеді.  Барлық компьютермен енгізілген ойындар оқушылардың жан-жақты жетілуіне жақсы көмектеседі.
  • Қазіргі балалардың психологиясы басқаша. Олар кітаптағы үздіксіз жолдар мен шектеулі парақтағы ақпаратты оқуға қызықпайды. Компьютерде электрондық оқулықтар, тесттер,іздеген бір тақырыптың нақты мағлұматтары және қызықты тапсырмалар бар.
  • Осы отырған көрермендердің көкейінде  «Компьютермен жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тогы сөнгенде қайтпекпіз?» деген сұрақ болуы мүмкін. Компьютермен жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тогы сөнді делік, бұл жағдайларда компьютерге UPS қоректендіру блогы қосылуы тиіс.Ол 20-30 минут аралғына дейін ток сақтап тұрады. Бұл уақытта, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Мұны әрбір пайдаланушы білуі тиіс.
  • Сіздер жаңа компьютер адам денсаулығына зиян деп айтып кеттіңіздер. Бірақ, олай емес. Әрбір адамның денсаулығы өздерінің қолында. Денсаулықты сақтау үшін адам компьютермен жұмыс жасап отырғанда техникалық қауіпсіздік ережелерін   сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса, денсаулыққа зиян емес. Көзге әр 20-25 минут сайын жаттығулар жасалып тұруы қажет. Көз бен компьютердің ара қашықтығы 50-60 cм болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисе, ультракүлгін сәулесінен сақталады. Ал көзді сақтау үшін, қазіргі кезде  қорғаныс көзілдірігі бар. Ал ол жоқ жағдайда, компьютер алдына кактус гүлін қою керек. Кактус гүлі бойына компьютерден бөлінген сәулелерді бойына тартып алады, ал осы айтылған ережелер орындалса, денсаулығымызды сақтаймыз. Компьютер заман талабы болғандықтан: сауда саттық қатынастарда, банктерде, мектептерде, зауыттарда т.б. салаларда қолданылады. Тіпті бір сөзбен айтқанда, адамның компьютерсіз күні жоқ.
  • Ал енді медицина саласына келетін болсақ, Гарворд және Принстон университетінің ғалымдары микроскопиялық құрылымда биокомпьютерлер жасауда аса маңызды қадам жасады. Ол емдеуге алынған жеке ауру жасушаны табуға қолданылады, яғни қатерлі немесе ауру жасушаны сау жасушадан бөлек емдеу қиын, бүгінде оны емдеу тек компьютердің арқасында дей аламыз.
  • Компьютер тек жұмысқа ғана қажетті құрал емес, ол бірсыпыра қосымша ақпараттық құрылғылар мен бағдарламалар болған жағдайда музыкалық орталыққа немесе үйдегі шағын кинотеатрға да айналып, көңіл көтеруге қажетті құралдардың бірі болып табылады. Компьютердің әуендерді ойнату мен фильм көрсету мүмкіндіктері арқылы дыбыстық файлдарды түрлендіріп, бейнеклиптерді жасап, сүйікті әндерәіәздә орындап, оны цифрлық түрде дискілерге жазып шығаруға болады. Әрине, бұның барлығы компьютердің арқасында жүзеге асып отыр.
Мұғалім: Рахмет. Келесі кезекте «Тұлпарлар»тобының психологтың сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз 10 минут.  Сәлеметсіздер ме, Біз бүгін сіздермен бірге «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпта  пікір таласпақпыз. Мен өз тобымдағы оқушылар атап өткен пункттерді толықтырып өтемін.
  • Компьютерде қажетсіз зиянды болып табылатын атап айтқанда: ойындар, интернет сайты т.б. программалар жүйесі бар. Ойындар терраристік, антиимпериалистік бағыттарда құрылады.
Бұл ойындарды жастар, соның ішінде әлі толық өзіндік пікірі қалыптаспаған 7-8 жастағы жас-жеткіншектер ерте әрі көп ойнайды. Ол адамды неге үйретеді? Жауыздыққа, қатыгедік пен кекшілдікке, айналасындағы адамдарға немқұрайлы, мейірімсіз қарауға, қылмыс істеуге үйретеді. Еліміздегі кең қанат жайған жекеменшік клубтарындағы: төбелес, суық қару қолдану деген секілді оқиғалардың орын алуы.
  • Компьютердің дүниеге келуімен елімізде оң өзгерістен гөрі сол өзгеріс басым. Атап айтсақ, жастардың білім деңгейі төмендеді. Бұрын бос уақытын кітапханаға барып, кітап оқитын, әдеби шығармаларға қызығатын балар саны азайды, мемлекеттік тілдің даму аясы тарылды. Яғни, мемлкеттік тілін жоғалтқан ел, мемлекет бола алмайды. Осы орайда, біз компьютерсіз өмір сүре аламыз. Сонау заманда ата-бабаларымыз компьютерсіз табиғаттың тылсым сырларын ашып, есеп-қисаптарды өздері жүргізді. Сонда да халық арасынан ұлы данышпан ғалымдар, математиктер алға шықты. Осы қаралған мәселелерге ұсыныс мынадай ойын таспаларына жұмсаған ақшаны неге кітап сатып алуға жұмсамасқа? «Ұлттық ойыны ұмыт болған жұрттың баласында ойыншық та болмайды» - демекші, электрондық ойындардың орнына ұлттық ойындарымызды шығарып, ұмыт қалған ойындарымызды  қайта жаңғыртамыз. Неге салт-дәстүріміз дәріптелген кино туындыларын жасамасқа?
  • Елбасы Н.Ә.Назарбаев және бүкіл мемлекет болып алға қойған биік мақсат – 2030 жылыдамығанелуелдіңқатарынақосылудағыайқараесіктіашаркомпьютеремес, ол – еліміздің келешегі болып табылатын жастар – еліне адал, жемісті еңбек еткенде ғана, бұл мақсат орындалады. Осы биікті бағындырып, елудің арасына қалқайып емес, шалқайып тұрып, бабалардың аманатын арқалап, қазақша марқайып барсақ, не сын? Рахмет!
Мұғалім: Сонымен конструктивті бөліміміз аяқталды. Біз әр топтың ақпараттық кейсін тыңдадық. Ендігі кезекте дебатқа келіп отырған көрермендерге өз ойын айтуға мүмкіндік берейік.Мұғалім: Сонымен, құрметті оқушылар, пікірталастың шешуші сәтіне келіп жеттік. Жеңімпаз анықталады.Соғыста мәселе жеңуде емес, мәселе қатысуда дейді. Сондықтан, екі топқа да шығармашылық табыс тілейміз. Ал оқушыларға көп-көп рахмет айтқым келеді. Кездескенше, күн жақсы болсын.
Бағалау бетшесі
           «Намыс» (компьютер пайдалы)            «Тұлпар»  (компьютер зиян)
        1с          2-с 3-сЖалпы  ұпай  2-с 3-сЖалпы  ұпай
Сөйлеу манері (2)         
Өзін ұстауы (1)         
Сөйлеу шешендігі (1)         
Сендіре білуі (2)         
Қарсыласты сыйлауы (2)         
Аудиторияны тартабілуі (2)         
Факт дәделдеуі (5)         
Жалпы ұпай:          

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.