Материалдар / "Компьютер Лэнд" ойын сабағының сценарийі

"Компьютер Лэнд" ойын сабағының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Компьютер Лэнд" ойын сабағының сценарийі. 6-сынып
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Компьютер Лэнд»

Түрі: Ойын сабақ

Сыныбы: 6б-сынып

Өту түрі: Қашықтық (zoom платформасы)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Жүру барысы:

Сәлеметсіздерме оқушылар, бүгінгі «Компьютер Лэнд» ойын сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын сабақта, біз сіздермен «Компьютер Лэнд» аралына саяхатқа баратын боламыз. Бұл саяхаттағы басты мақсатымыз, информатика пәнінен алған білімізді жинақтау және ойлау қабілетімізді дамыту. Ендеше уақытты көп созбай саяхатымызды бастасақ, бірінші аралдарға саяхат жоспарымен таныстырып өтсем.

  • Таныстырылым

  • Аралдарға саяхат

* «Жұмбақтас» аралы

* «Құпия алаң» аралы

* «Адасқан әріптер» аралы

* «Тапқырлық» аралы

  • Қорытындылау


Мұғалім: Оқушылар экранға назарға аударайықшы, ненің дауысын және аралда біз нені көріп тұрмыз?! Иә, дұрыс айтасыздар, аралда құмыра ішінде карта жатыр. Қане осы картаны ашып танысайықшы, бұл карта арқылы біз саяхат жасаймыз, бұл бізге жол көрсетуші карта.

- Карта да көрсетілгендей, біз бірнеше аралдардан өту арқылы, қазынаға қол жеткіземіз және ең басты мақсат «Компьютер Лэнд» аралына жетеміз. «Компьютер Лэнд» аралында саяхаттау барысында, белсенділік көрсетіп, өз білімдерін көрсеткен оқушылар марапатталады. Яғни, әр аралда берілген тапсырмаға дұрыс жауап берген оқушыларға монета беріліп, бағаланып отырады. Қазір біз әр аралға жеткен сайын әр аралдың өз тапсырмалары болады, сол тапсырмалады шешу арқылы біз «Компьютер Лэнд» аралына жетеміз. Аралға жолға шықпас бұрын, бізге саяхат барысында көмектесетін саяхатымыздың басты кейіпкерлерімен таныс болайық. Олар: Қарақшы (Пират), Сиқыршы, Су перісі, Алекс. Әр кейіпкердің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, қарақшы- «Адасқан әріптер» аралында бізге тапсырма шешу қиындық туындап жатса, бізге бір жолға көмек бере алады. Сол сияқты біз «Компьюетр Лэнд» аралына адаспай дұрыс жету үшін, әр кейіпкер, әр аралда бізге өз көмектерін көрсетеді. Олай болса оқушылар, бүгінгі ойын сабағымызда өз қалауларыңыз бойынша қай кейіпкер болғыларыңыз келеді сол кейіпкерлерді таңдасаңыздар! Жақсы, олай болса сіздерге сәттілік тілеймін!!!

І-кезең: Біздің ең бірінші саяхатымызды бастайтын аралымыз «Адасқан әріптер» аралы деп аталады. Бұл аралда сіздерге орындары ауысқан бірнеше информатика пәніне қатысты термин сөздер беріледі, әріптерді дұрыс қою арқылы термин сөздерді табуымыз қажет. Жауап берген кезде, аты-жөніңізді айтып, қай кейіпкерді таңдағаныңызды айтып барып бірақ жауап бересіздер! Егер терминдерді табу қиынға соғып жатса, бұл аралда сіздерге «Қарақшы» көмек көрсете алады.

  • ӘТНМІ

  • ЕСТКЕ

  • СИРВУ

  • ПЬЮРОМТЕК

  • ШКАЛЕФ

  • РАКНЕС

  • ЕРЗЕТЕ

  • ИСКД

  • ПРЕАҚЕТНАТ

  • УАМБ

  • ТЕРИНПР

  • ЛООКАНК

  • Өте жақсы! Енді дұрыс жауаптарын тексерейік.

  • МӘТІН

  • КЕСТЕ

  • ВИРУС

  • КОМПЬЮТЕР

  • ФЛЕШКА

  • СКАНЕР

  • ТЕРЕЗЕ

  • ДИСК

  • ПЕРНЕТАҚТА

  • БУМА

  • ПРИНТЕР

  • КОЛОНКА


ІІ-кезең: Келесі, екінші арал «Жұмбақ тас» аралына жолға шығамыз! Оқушылар сіздерге ойын сабағымыз, саяхатымыз ұнап жатырма?! «Жұмбақ тас» аралында бізге келесідей тапсырмалар берілген. Яғни, әр түрлі ребустар және белгілі бір суреттер берілген. Ребусты шешу керек, суреттерде компьютерге қатысты қандай программалар мен құрылғылар жасырылғанын табу керек. Бұл ойында да аты-жөніңізді айтып, қай кейіпкерді таңдағаныңызды айтып барып бірақ жауап бересіздер!

Жауаптары: Слайд, Алгоритм, Компьютер, Сканер, Принтер, Вирустар, вирусқа қарсы программалар, Графикалық бағдарламалар. Тамаша оқушылар, жарайсыздар!

ІІІ-кезең: Олай болса, ары қарай үшінші аралымызға жол тартайық! Бұл арал «Құпия алаң» аралы деп аталады. Бұл аралда сіздерге жұмбақтар жасырылады. Сол жұмбақтардың дұрыс жауабын табу керексіздер.

Жауаптары:

1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын...
(Тінтуір)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан
(Компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған...
(Монитор)

4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді.
(Сканер)

5. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені.
(Кактус)

6. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді...
(Принтер)

7. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз.
(Пернетақта)

8. Интернетпен байланыс

жасайтын құрылғы? (Модем)

9. Жойылған нысандар

орналасатын қапшық? (Себет)

10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге

арналған бағдарлама? (Word)


ІҮ-кезең: Жарайсыздар оқушылар! Саяхатымыз барған сайын қызық болып бара жатыр. Біз «Компьютер Лэнд» аралына да жақындап қалдық! Тапсырмасы бар соңғы аралымызға да жеттік. Бұл арал «Тапқырлық» аралы деп аталады. «Тапқырлық» аралында адасқан әріптерден құрастырылған кесте берілген, осы адасқан әріптерді дұрыс қою арқылы, жасырылған сөздерді табуымыз қажет. Адасқан әріптерді орнына дұрыс қойып, жасырлыған сөзді табу үшін 5 минут уақыт беріледі. Бұл аралда сіздерге «Мадагаскар» мультфильмінің кейіпкері «Алекс» көмек бере алады.

Жауаптары: Сервер, Меңзер, Модем, Нысан, Сурет, Вирус, Сақтау.

Қорытындылау: Міне, оқушылар біз сіздермен сабақ басында қойған мақсатымызға жетіп, картаның және басты кейіпкерлеріміздің көмегімен, «Компьютер Лэнд» аралына және аралдағы қазынаға жеттік. Бүгінгі белсенділіктеріңіз өте жақсы! Ойын сабақ барысында белсенділік көрсетіп, көп монета жинаған алғашқы 3 оқушыны анықтасақ.

Мұғалім: Бүгінгі көріп, тамашалаған «Компьютер Лэнд» ойын сабағымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдап, белсенділік көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Келесі жақсы күндерде кездескенше,сау болыңыздар!!!































«Бауыржан Момышұлы атындағы №34 жалпы орта

білім беретін мектеп» КММ























Shape1

«Компьютер Лэнд»











Сыныбы: 6Б-сынып









Ұйымдастырушы: информатика пәнінің мұғалімі

Тәкібаева Аяулым Тәкібайқызы











Семей қаласы

ЖИ арқылы жасау
06 Наурыз 2025
210
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі