400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тимирязев қазақ мектеп-интернаты

«Компьютер мен жүйелердің

техникалық сипаттамалары»


Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Батырхан Қ.С.


Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты өлшеу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

8.2.1.1 – ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік және ықтималдық амалдарын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: ақпаратты өлшеуде алфавиттік және ықтималдық тәсілдерін қолдану

Көпшілігі: алфавиттік және ықтималдық тәсілдерін сәйкестендіреді

Кейбіреуі: формулаларды қолданып, есептер шығарады

Бағалау критерийі

Ақпарат көлемін aнықтау формуласын қолданады.

Хартли формуласы арқылы мәтіндегі символдар санын есептейді.

Алфавиттік және ықтималдық амалдары арқылы ақпарат көлемін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Алфавиттік тәсіл, ықтималдық тәсіл, алфавит қуаттылығы, символ салмағы, байт, бит, килобайт, мегабайт, гигабайт, терабайт, петабайт, эксабайт, зеттабайт, йоттабайт

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі .....

Ақпаратты өлшеудің екінші өлшем бірлігі....

1 байт .... битке тең.

1 символ ..... байтқа тең.

Байланыс арналарының ақпарат жеткізу жылдамдығының өлшем бірлігі.....

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу

Пəнаралық байланыс

Математика – есептер шығаруға байланысты

Физика – формулаларды дұрыс қолдануға байланысты.

Алдыңғы білім

Білім алушылар бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт, Тбайт, Пбайт, Эбайт, Збайт, Йбайт, бод бірліктерін біледі. Бір өлшем бірлігінен екінші өлшем бірлігіне ауыстыра алады.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


8 мин.












Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу

«Сәлемдесу» әдісі

Шаттық шеңбері: оқушылар бір-бірімен әр елдің сәлемдесу үлгісімен сәлемдеседі.

Мақсаты: сыныпта ынтымақтастық атмосфераны орнату, психологиялық ахуал туғызу.

Ширату жаттығуы:

«Жылдам ойын» әдісі.

Сабақ ақпаратты өлшеу тақырыбына байланысты өткен тақырыпты еске түсіру. Білім алушылардың тақырып бойынша білімін жинақтау.

Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сабаққа деген белсендігін арттырып, қызығушылығын ояту.



ҚБ: «Смайликтер» әдісі.

Мақсаты: Өзін-өзі бағалау

Еске түсүру керек (жазады)

Білемін (жазады)

Кері байланыс арқылы оқушыны ынталандыру, оқушының білім деңгейін анықтау.


Таныстырылым материалдары, интербелсенді тақта








learningapps.org, маркер, компьютер

Сабақтың ортасы

27 мин.

Жаңа білім.

«Мен-Сен-Екеуміз бірге» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар мәтіннен алған білім арқылы жаңа тақырыпты анықтайды, ойларымен бөліседі.

(Ж) Оқушыларға мәтін беріліп, 3 сұраққа жауап беру керек.

1. Ақпарттың көлемін анықтауда қандай тәсілдер қолданылады?

2. Шеннонның формуласын қалай қолданылады?

3. Хартли формуласы қалай қолданылады?

Қалыптастырушы бағалау: ауызша мадақтау, ынталандыру


Топқа бөлу:

«Мозайка» әдісі.

Оқушылар компьютер құрылғылары салынған суреттердің қиындыларын құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.


Тапсырма 1.

«Бірге ойлаймыз» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, бірлесіп жұмыс істеуге ынталандыру.

Саралау тәсілі: тапсырма, қарқын, бағалау

Бағалау критерийі: кестедегі ақпарат көлемін анықтау мәліметтерін дұрыс сәйкестендіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: талдау.

Тапсырма:

(Т) Кестедегі мәліметтерді сәйкестендіріңіз


Алфавит

Х

N

Мәтіннің ақпараттық көлемі

Ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын символдар жиыны





Алфавиттің қуаттылығы





Символдың ақпараттық салмағы





Ақпарат санының шамасы





Дескриптор

- Ақпарат ұсыну үшін қолданылатын символдар жиынын біледі;

- Ақпараттың қуаттылығын анықтайды;

- Ақпараттың салмағын анықтайды;

-Ақпарат санының шамасын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Геометриялық фигуралар» әдісі.

Мақсаты: мәтіннен алған түсініктерін ортаға салып талқылау, ойларын қорыту.


Сергіту сәті. «Айна» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, көңіл - күйін сергіту, демалдыру.

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.


Тапсырма 2

«А Ә Б В» әдісі.

Әр топқа А, Ә, Б және В әріптері бар карточкалар беріледі. Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек.

Мақсаты: оқушылар бірлесіп жұмыс істеп, топ болып өз ойларымен талқылау.

Саралау тәсілі бағалау, диалог және қолдау көрсету

Бағалау критерийі: Хартли формуласы арқылы мәтіндегі символдар санын есептейді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: қолдану

Тапсырма:

Алфавит қуаттылығы 32 әріптен тұратын, ақпарат көлемі 2,5 Кбайт болса, мәтінде қанша символ бар?




Берілгені: Шешуі:

N=32 символ N=32=2i=25 i=5

I=2,5 Кбайт I 2,5*1024*8

Табу керек: К-? K= = =4096

I 5

Жауабы: 4096 символ


Дескриптор

- Мәтіндегі символ санын есептейді

Қалыптастырушы бағалау: «Бесбармақ» әдісі

Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлауын қалыптастырып, Хартли формуласы арқылы есеп шығарту


Тапсырма 3

«Қызықты есептер» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, шығармашылығын дамытып, белсендігін арттыру.

Саралау тәсілі: дереккөздер, бағалау, жіктеу

Бағалау критерийі:

Ақпарат көлемінің ықтималдығын анықтап, есептейді

Ойлау дағдыларының деңгейлері: қолдану, талдау

Тапсырма:

  1. Себетте түрлі түсті 8 доп бар. Себеттен қызыл қызыл доп алынды деген хабар қандай ақпарат мөлшерін береді?

  2. 32-ге тең ықтималды оқиғаның болуы жайлы хабардың көлемі қанша?

Дескриптор

- көлемінің ықтималдығын анықтайды

-Ақпарат көлемінің ықтималдылық тәсілмен есептейді.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Мақсаты: оқушылар тақырыпты пысықтау немесе әлі де жетілдіру керектігін бағалайды.




А4- мәтін парағы, таныстырылым материалдары










Компьютер құрылғылары салынған қиындылар









А4- кесте парағы, таныстырылым материалдары, түрлі-түсті қарындаштар, интербелсенді тақта
















Әріптері бар карточкалар, интербелсенді тақта







learningapps.org



















Интербелсенді тақта, таныстырылым материалдары,

А4-парағы












стикерлер

Сабақтың соңы


5 мин.

Қорытынды

Міне, біздің бүгінгі сабағымызда аяқталып қалды.

Бүгінгі сабақта не істедіңіздер?

Осы сабақтан өздеріңізге қандай жаңа, қажетті білім қабылдадыңыздар?

Болашақта бүгінгі сабақ сіздерге пайдасын тигізе ме?

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Мақсаты: Оқушының сабақта тапсырманы орындау деңгейін анықтау.

Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.

Егер сіздер тақырыпты түсінген және барлық тапсырмаларды орындадым деп ойласаңыз - стикерді ең жоғарғы баспалдаққа қоюға болады. Егер сіздер сабақта толық жұмыс істемедім, барлық тапсырмаларды орындай алмадым деп ойласаңыз - онда стикерді екінші баспалдаққа қоясыздар. Ал, егер сіз ештеңе түсінбедім және сабақта ештеңе жасамадым деп ойласаңыз - стикерлеріңізді бірінші қадамға қоясыздар.

Үйге тапсырма: тапсырма ақпараттың алфавиттік және ықтималдық амалдарина есеп құрастыру.







А4- сурет парағы

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

«Бірге ойлаймыз» әдісі.

Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді, ал кейбіреулері баяу жұмыс істейді. Сондықтан жұпта біршама уақыт беріледі де, қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырады.

«А Ә Б В» әдісі.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында топтағы сыныптастарынан және мұғалімнен жан-жақты көмек қажет болады. Оқушылар үнемі бағаланып отырады.

«Біз ақылдымыз» әдісі.

Талаптары әр түрлі оқушылар баспадан шыққан және электронды дереккөздерді пайдаланады. Саралау әдістері арқылы оқушылар қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп, бағаланып отырады.


Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді жоспарлау мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Смайликтер» әдісін қолданамын. «Смайликтер» әдісі арқылы оқушыларды өзін-өзі бағалауға, еңбекке және әділеттікке баулимын.

«Геометриялық фигуралар» әдісінде үшбұрыш, шаршы, жұлдызды пайдаланамын. Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды.

«Бесбармақ» әдісі. Дескриптор арқылы мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Оқушылар тақырыпты пысықтау немесе әлі де жетілдіру керектігін бағалайды. Бірін-бірі бағалау.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. «Айна» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, көңіл - күйін сергіту, демалдыру.


Сабақ бойынша рефлексия


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі