400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары 8 cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар 8 сынып

Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мұғалімнің аты жөні:


Күні:

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты өлшеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

8.2.1.1-ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану



Сабақтың мақсаты:

  • Алфавит, алфавит қуаттылығы және алфавит салмағы ұғымдарын біледі;

  • Алфавит қуаттылығы мен ақпарат көлемін анықтайтын формулаларды таниды және ажыратады;

  • Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік тәсілді тәжірибеде бағалайды.



Бағалау критерийлері:


  • Алфавит қуаттылығы мен ақпарат көлемін анықтайтын формулаларды біледі;

  • Ақпарат көлемінің өлшем бірліктерін түсінеді және өлшем бірліктерді бір-біріне аударып жазады;

  • Берілген мәтіннің ақпараттық көлемін алфавиттік тәсілмен анықтайды.








Тілдік мақсаттар:

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар:

Ақпарат көлемін алфавиттік тәсіл көмегімен анықтай алады.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

- Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт,... Йоттабайт

- Unicode, ASCII, екілік код

- Алфавит қуаттылығы, ақпарат салмағы, алфавиттік тәсіл, Хартли формуласы

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  • Ақпараттың қуаттылығын .... формуласымен анықтай аламыз.

  • Компьютерлік алфавит ...... символды қамтиды.

  • N=2i берілген формуладағы i бір символдың ....... білдіреді.

  • V=K*i формуласы арқылы ақпараттың ...... есептейміз.

Үш тілдік құзіреттілік

алфавит – алфавит – alphabet

алфавиттің қуаттылығы - мощность алфавита - power of alphabet

алфавиттің салмағы – вес алфавита - weight of alphabet

байт – байт – byte

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Оқушыларды адал еңбекке, шығармашылыққа, білім алуға баулу.



Пән аралық байланыс

Математика, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері

(Оқушылар математикалық формулаларды пайдалана отырып ақпарат көлемін анықтайды. Компьютерлік алфавит қазақ, орыс және ағылшын тілінің әріптері мен тыныс белгілерін қамтиды.)

Алдынғы білімдер

Ақпарат ұғымы, оның өлшем бірліктері. Ақпараттық үдеріс

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар










Сабақтың басы

(7 минут)

Ұйымдастырушылық кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түрлі түсті және әртүрлі пішіндерге жасырылған ақпарат түрлерінің атаулары бойынша «Мәтіндік ақпарат», «Графикалық ақпарат», «Сандық ақпарат» топтарға бөлу.

«Миға шабуыл» әдісі көмегімен жаңа тақырыпқа көшу. Ол үшін оқушыларға ақпарат тақырыбына байланысты алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады.

  1. Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың қандай түрлерін білесін?

  2. Ақпараттық үдеріс сөзін қалай түсіндіресін?

  3. Ақпарат өлшем бірліктерін ата?

  4. Екілік код деген не?

  5. Берілген “Computer science” cөзінің ақпараттық көлемін анықтандар

Сұрақтарды қоюды аяқтай келе ақпарат көлемін анықтаудың тәсілдері атап өтіледі. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Топ атауларының суреттері және олар туралы жазылған мәліметтер.













Сабақтың ортасы

(30 минут)

Интербелсенді тақтада bilimland.kz сайтынан ақпаратты өлшеу туралы видеоролик көрсетіледі.

Топтарға оқулықпен қоса тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер беріледі.

Топтық жұмыс.

«Өкіл» әдісімен жаңа тақырыпты меңгереді. Әр топтан бір «елші» таңдалып, «елші» келесі топтарға барып, олардың жаңа тақырып бойынша ойларын тыңдап, түсініп, қайтадан өз тобына оралып, білгендерін өз тобына айтып береді.

Дескриптор:

  • Алфавит қуаттылығы, алфавит салмағы ұғымдарын біледі;

  • Ақпараттың қуаттылығын, көлемін есептеу формулаларын ажыратады;

  • Ақпарат көлемін алфавит тәсілмен анықтайды.

Саралау: Дереккөздер.

Топқа ақпаратты өлшеудің басқа тәсілдері ақпарат көлемін анықтаудың мазмұндық тәсілі, ықтималдылық тәсілі туралы қосымша мәліметтер беріледі.

Қ/Б. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Жеке жұмыс.

Оқушыларға алдын ала дайындалған бағдар карталарын үлестіріп, сол тапсырмаларды орындау арқылы сабақты бекітеді.


Дескриптор:

  • Алфавитте қанша символ бар екенін анықтайды;

  • Берілген мәтіннің ақпараттық көлемін есептейді.

Саралау: Тапсырма. Оқушылардың білім деңгейлеріне, қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар беріледі.

Қ/Б. «Температураны өлшеу»

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparatty-olsheu-birlikteri


Информатика оқулығы 8 сынып. Арман-ПВ баспасы.

§1параграф 6-10 б.

Ресурс парақтары,

бағдар карталары.

Сабақтың соңы

(3 минут)

Кері байланыс:

«Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» арқылы оқушылардың бүгінгі тақырыпты меңгергені анықталады.


Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Оқулықтағы 9-10 бет аралығындағы тапсырмаларды орындау.









Информатика оқулығы 8 сынып. Арман-ПВ баспасы. §1 6-10 б.

Саралау

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Дереккөз.

Оқушылардың білімін жетілдіру және тақырыпты жан-жақты қамту мақсатында алдын ала дайындалған ресурс парақтары беріледі.

Тапсырма.

Қабілетті оқушыларды дамыту мақсатында оларға күрделілеу тапсырмалары бар бағдар картасы беріледі.

«Температураны өлшеу» әдісі арқылы оқушылардың тапсырманы қалай орындап жатқандары тексеріледі. Кей оқушыларға тапсырманы орындау әрекеттерін дауыстап айту сұралады. Сол арқылы басқа оқушыларға бағыт, қолдау көрсетіледі.

«Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» әдісі арқылы оқушыларға бағалау парақтары үлестіріліп, олардың жаңа тақырыпты қалай меңгергені анықталады.

Информатика кабинетінде жалпы қауіпсіздік ережелерін ұстанады.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
670
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі