Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютер пайдалы ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютер пайдалы ма?
Материалдың қысқаша нұсқасы













Тақырыбы: «Компьютер пайдалы ма?»




Дайындаған: машықкер Кабасов Б.Б.







2011/2012 оқу жылы


Тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: Компьютер пайдалы ма?

Сабақтың мақсаттары

а) білімділік: компьютердің пайдасы әлде зиянын анықтау

ә) тәрбиелік: өзгені тыңдай білу, өз пікірін негіздеп,

шешендікке тәрбиелеу.

б) дамытушылық: компьютердің пайдасы әлде зияны

туралы білімдерін тереңдету, ойлау

қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру болімі:

а) Әнұран

ә) Ант

II Негізгі бөлімі:

а)Компьютердің шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет

ә)Топтарды бөлу

б)Пікірталас

в)Қортынды























XXI ғасырдың басы адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтумен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойынжазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Алақпаратпен жұмысістеудің негізгі құралы болып компьютер пайда болды. Компьютердің пайда болып, дамуы туралы қысқаша айтып кететін болсақ:

Компьютердің дамуы ерте кезден-ақ басталады. Мысалы: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль сандарды қоса алатын механикалық құрылығы ойлап тапты.XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда И.Бэббидж механикалық машинаны пролграмма арқылы басқару жүйесімен біріктірді. XX ғасырдың 30-жылдардың соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. 40-жылдардың соңында қазіргі кезде қолданылып жүрген ЭЕМ-дердің құрылу принципінің негізінде бірсыпыра машиналар дайындалады. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947ж.ж. атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындапшықты. Мұнда өнделетін информация мен рпограмманы машинаның жадында орналастыру тәсілдері де қарастырылған.

Алайда жаңа ақпараттық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны қоғамда кез-келген жерде адамдардың жұмысынжеңілдету үшінкомпьютерді падалануға әкеліп соғады.Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму үдерісі үздіксіз ғылыми-техникалық үдеріске айналып отыр.дегенмен компьютердің де пайдалы және зиян жақтары бар екен


















Компьютер пайдалы

Уақытты үнемдейді

Бұрынғы кездерде адамдар хаттарын, керекті, қажетті қағаздарын, мағлұматтарды белгілі бір уаөытта жеткізетін. Ол күн 1 күн, 1 апта, кейде 1 жылға дейін созылатын. Компьютер мұндай іс-әрекеттерді сол бірер сағатта жеткізеді. Адамдардың бір-бірімен араласуын интернет арқылы жүзеге асырады. Адам бір жерде отырып компьютер арқылы көптеген мағлұматтар алады. Ол біздің уақытымызды үнемдейді. Біз бір жерде отырып басқа мемлекеттердің кітапханаларын кітап ала аламыз. Адам сол кітапты алу үшін басқа мемлекетке ұшып барып жатпайды. Біз күнделікті тұрмыста қолданып жүретін құралдарды да компьютер алмастыра алады: калькулятор, теледидар, магнитафон және т.б.

Компьютер адамның сана-сезімін дамытады.

Адам компьютер алдында отырып баска мемлекеттермен ақпарат алмасады, басқа адамдармен танысады және бұл оны қызықтырады. Компьютер адамның саясатқа, музыкаға, экономикаға, мәдениете және т.б. нәрселерге деген қызығушылығын тудырады. Оның сана-сезімін жан жақтан дамытады. Жаңағы айтып кеткен ойындар осыған дәлел бола алады. Ойындар адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы көптеген қиын жағдайларға тап болады. Адам сол жағдайлардың дұрыс шешімін табуды ойластырады. Қиын жағдайлардан қалай шығуды ойлайды. Сол үшін адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті дамиды. Осыны ескеріңіздер. Сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат.

Компьютер уақытты үнемдейді.

Мысалы, бөлмеде кқп қрмекшілер бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық өрмекшілер еш қиындықсыз өрмек арқылы бөлменің кез-келген нүктесіне бара алады. Дәл солай телефон арқылы үйде отырып жер шарының кез келген қаласындағы телефонмен сөйлескендей интернет арқылы планетаның кез-келген нүктесіндегі компьютермен және оны пайдаланушы байланыс жасай алады. Интернеттен біз медицинадан бастап техниканың барлық салаларының шексіз ақпараттарын ала аламыз.Уақытты үнемдеу үшін біз бір жаққа барып, оны іздеп жүрмейміз, осы интернет арқылы керек хабарды ала аламыз.

Қазіргі кезде ойындардың неше түрлісі бар.

Сіздердің көкейлеріңізде «Ойынның қандай пайдасы бар?» деген сұрақ туған шығар. Бұл сұраққа көптеген жағдайлар, мәлеметтер бар. Компьютер арқылы балалар, жастар үйлеріне, салондарда бір орындарында отырады. әрине, кейбір балалардың жағдайлары келмейді. Бірақ балалар компьютер алдында отырып ойындарды, интернет арқылы сөйлесуді үйренеді. Ол тамағын ішіп алып, бос уақытын далада өткізбейді. Ал компьютер болмаса бала сабақтан келіп, тамағын іше салып далаға безіп шығады. Ол оған зиян. өйткені ата-анасы оның қандай ортада жүргенін , қандай жағдайларға тап болғанын біле алмайды. «Ол бала қайда жүр екен, не істеп жүр?» деген сұрақ туады. Ол бала далада жүріп нашақорлыққа, темекі шегуге, қылмысты жасауға жол береді. Соны болдырмау үшін баланы далаға шығармай үйде компьютер ұстауға болады.

Компьютер зиян


Отырып жұмыс істеу жағдайы.
Адам компьютер алдында босаңсу жағдайында отырған сияқты, дегенмен бұл ағза үшін мәжбүрлі және ұнамсыз болып табылады: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттері күштенген жағдайында, осыдан омыртқаға  артық жүктілік, остеохондроз, ал балаларда – сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықтың отырғышы мен дене арасында жылу жыншуы пайда болады, бұл жамбас мүшелерінде қанның тоқтауына әкеліп соғады, мұнын салдарынан - простатит және геморрой пайда болады, бұларды емдеу – ұзақ және ұнамсыз процесс. Бұдан басқа, аз қозғалыста өмір сүру жиі май басуға әкеледі.
Электрмагнитті сәуле шығу.
Қазіргі мониторлар денсаулыққа қауіпсіз, бірақ әлі де толығымен емес. Ал егер сіздің үстеліңізде ескі монитор тұрса, онда одан аулақ жүріңіз.
Көруге әсері.
Көз мәтіннің немесе суреттің ең ұсақ  теңселуін, сонымен қатар экранның жыпылықтауын тіркейді. Көздің артық жүктелуі көрудің өткірлігін жоғалтуына әкеліп соғады. Сізбен қолданылатын бағдарламалардағы түсті, шрифтерді, терезелердің құрастыруын сәтсіз талдау, экранды дұрыс орналастырмау көруге зиян келтіреді.
Қол ұшы буынының артық жүктілігі. Қол саусақтары жастықтарының жүйке негіздері пернеге үнемі соққаннан жарылады, жансыздану, әлсіздік пайда болады, жастықтарда түршігулер жүгіреді. Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы болуы мүмкін.
Ақпаратты жоғалтудағы күйзелу.
Барлық пайдаланушылар өзінің ақпараттарының резервтік көшірмелерін жиі жасамайды. Ал вирустар ұйықтамайды және ең үздік фирмалардың винчестерлері де сынады және ең тәжірибелі бағдарламалаушы кейде керек емес батырмаға басып қалуы мүмкін... Осы күйзелістің нәтижесінде инфаркттар да пайда болған.
Шаң мен лас: аллергия және ішек жұқпалы аурулары.
Компьютерде және оның маңында шаң мен лас ақырындап көптеп жиналады, алайда оларды жинау жиі қиын болады. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар және саңырауқұлақтар, ал шаң болған жерде шаң кенелері болады. Осының бәрі әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін – аллергиядан бастап  «кір қолдан пайда болатын ауруларға» дейін.
Компьютер және жүктілік.
Компьютер жүкті әйелдерге қатерлі ме? Әрине, жүктілікке және ұрықтың дамуына компьютер жағымсыз әсер тигізе алады, бірақ қандай әсер тигізеді? Осыған байланысты дәрігерлерде біркелкі пікірлер қалыптасқан жоқ...


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12