400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютер құрылғылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушылар үшін сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

3.1А Компьютер және программалар

Мектеп: №104 Е.Юсупов



Күні: 9.09.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Хожашов Нурилла Убайдуллаевич


СЫНЫП: 5 Е, Ж

Қатысқан оқушылар саны: 24



Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Компьютердің құрылғылары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату


Сабақтың мақсаттары

  • компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру

  • енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу

Бағалау критерийлері

  • компьютерге ақпаратты енгізу құрылғыларын атайды, олардың қызметін айтып береді;

  • ақпаратты шығару құрылғыларын және олардың қызметін атайды;


Тілдік мақсаттар

Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап олардың қызметін айтады.

Пәндік лексика және терминалогия:

  • енгізу құралы, шығару құралы, камера, монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Ақпаратты енгізу құрылғыларына … жатады.

  • Ақпаратты шығару құрылғыларына … жатады.

  • Пернетақта ... қажет, монитор .. қажет.

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдыққа, өмір бойы оқуға бағыттау.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу, орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың компьютердің құрылғылары туралы түсінігі бар (монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок)

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5


  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын көзбен шолу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Оқушылар мұғалімге бір-бірден жақындап, кеспе қағазын алып, 3 топқа бөлінеді.

(Кеспе қағазында монитор, пернетақта, жүйелік блок бейнеленген болсын).

  1. Мақсатты тұжырымдау


Талқылау арқылы топ ережесін тақтаға жазып қою. (алдын ала плакатқа жазып қоюға да болады)

  1. Бір – бірін тыңдау

  2. Бірлесіп шешу

  3. Өзара көмек көрсету

  4. Ойды ашық айту

  5. Уақыт үнемдеу

  6. Тыныштық сақтау

Топтарға монитор, жүйелік блок, пернетақта бейнеленген парақша таратылып суреттердің атауын ақылдасу арқылы жазады. Оқушылар ақылдасу арқылы сабақтың тақырыбын табады. Алдарына мақсат қояды.

Презентация




Қосымша 1

Сабақтың ортасы


6-37 мин


















  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі «Зигзаг»

Әр топқа жаңа сабақ бойынша ақпарат жазылған парақша қағаздарын тарату керек. Оқушылар алдымен асықпай оқып танысып, содан кейін өз тобында ақылдасып, ойларын жинақтайды.

Оқушылар тақта алдына шығып оқып білгенін түсіндіреді.

Бекіту

«Сұрақ жауап» ойыны

Оқушыларға сұрақтар дайындап отыру тапсырылады. (егер оқушылар сұрақтар дайындамаған жағдайда, тақта алдындағы оқушылар қаншалықты оларды сынып тындағанын білу үшін сыныпқа сұрақ қояды).

Қалыптастырушы бағалау

«Өзіңді тексер».

Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөз тіркестерін жазыңыз.

Дескрипторлар:

-жүйелік блокты атайды

-мониторды атайды

-пернетақтаны атайды

- тінтуірді атайды


Бағалау 

Сабақ соңында көп фишка жинаған оқушылар бағаланады. Сабаққа белсенді араласқан оқушылар мадақталынады, белсенділік танытпаған оқушылар болса ескерту беріледі. Оқушыларға саралау жұмысы ретінде (немесе үй жұмысы) «Компьютер құрылғысы» тақырыбына сөз жұмбақ құрастырып келуін ұсыныңыз.




Қосымша



















Қосымша 2















Қосымша 4

Сабақтың соңы

38-40 мин


Рефлексия.

«Бағдаршам» әдісі

Оқушыларға сары, қызыл, жасыл түсті жетон таратылады. Егер оқушы бәрін түсінген болса, –жасыл түсті жетонды көрсетеді, егер түсінбей қалған ақпараттар болса,- сары түсті көрсетеді, егер сабақ түсініксіз болса, – қызыл түсті көрсетеді.

Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсету.



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық жүмыс атқарған кезде әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасайды.

Қалыптстырушы бағалау тапсырманың екі жағдайын қарастырады(кесте түрінде және сурет түрінде). Бірінші түрі күрделі болып келеді сондықтан қабілеті жоғары балдарға ұсынуға болады. Егерде екі түрін де қолданса мінсіз болар еді, себебі өзара бағалау кезінде бірнеше нұсқа қарастыруға болады. Білімді жетілдіруге көмектеседі.

Тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау, сұрақ-жауап, қалыптастырушы бағалау арқылы қарастырылды. Онда оқушылар еңгізу және шығару құрылғыларын жазып береді.

Оқушылармен көзге және қолға арналған жаттығулар өткізіңіз









1 қосымша

Сыныпты топқа бөлуге арналған кеспе қағазы





2 Қосымша

Бос торға құрылғылардың атауын жазып толтырыңыз


3 Қосымша

Топтық жұмыста дайындалуға арналған ақпарат

Компьютер кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.

Блоктардың номенклатурасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, тінтуір, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. Компьютердің жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша.

ДК (дербес компьютер деген атау бір-ақ адам қолданады дегенді білдіреді) бірнеше құрылғыдан тұрады. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, тінтуір және т.б.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі монитор, жүйелік блок, пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып-қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тінтуір, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады..

Жүйелік блок

Жүйелік блокта компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен Процессор   Жедел жад (ОЖҚ)





Дисплей

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады. Бейнелеу түсі бойынша және шығаратын ақпараты бойынша

Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Ол таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.

Шартты түрде пернетақтаны 5 бөлікке бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционалды пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және өңдеу пернетақтасы.

-сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер. Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан, компютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әртүрлі программаларда әртүрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық қосымша NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі, – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын символдарды бір-бірінен ажыратады.

← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

Shift  кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock  үлкен әріптер енгізеді.

Delete  меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt

Тінтуір. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тінтуір» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек Тінтуір (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты Тінтуір деп бекер аталмаған. Себебі ол - сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик - компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын нысандарды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі