400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютер құрылғылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты: компьютердің негізгі құрылғыларының қызметі жөнінде білу, компьтерде еркін жұмыс істеуді үйрену

Сабақтың міндеттері:

-         Компьютер құрылғыларымен танысады, алған білімдерін тапсырма орындау барысында қолданады.

-         Шығармашылық қасиеттерін  арттырады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.

-         Зеректік пен білімге деген сенім мен қызығушылығын арттыру, достыққа, еңбектенуге тәрбиеленеді. Оқушының патриодтық сенімі қалыптасады.

Стратегия: «Елес жетелеу»,  «Диалог», «Ой қозғау», «Білемін,  Білдім, Білгім келеді»

Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,  сөйлесу,  көрнекілік қолдану,  тәжірибелік әдіс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Ресурстар:  компьютер,  электрондық оқулық, таратпа,  интерактивті  тақта,  Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Балалар көздерін жұмып, «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша уақыт машинасына мініп, болашақ «Компьютер» заманына аттанады.

Топқа бөлу. Боялған дисктерді таңдау арқылы.  Оқушылар таңдаған түстеріне  сәйкес топқа бөлінеді.

«Монитор», «Жүйелік блок» , «Пернетақта»  болып үшке  бөлінеді

ІІ. Ой қозғау сұрақтары :   

а) Информатика деген не ? 

ә) Компьютер деген не?;

     Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде  шолу :

1.     Компьютер қандай функцияларды орындайды?

2.     Дербес компьютерлердің түрлерін атаңдар.

3.     Ноутбуктер мен алақан компьютерлерін не үшін пайдаланамыз?

4.     Компьютер түрлерін атаңдар.

5.     1 байтта неше бит бар?

ІІІ. Мағынаны таныту

         Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.

Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.

Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.

Тышқан – ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы.  Сол жақ батырма – негізгі, оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.

Енгізу  құрылғылары :   пернетақта , тышқан , сканер

Шығару құрылғылары :   монитор, принтер, колонка 

ЖҮЙЕЛІК БЛОК
Жүйелік блок ішінде ең маңызды құрауыштар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар коректендіру блоктарымен бірге қойылады (жабдықталады).
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп аталады.
Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (периферийный) деп атайды.
Компьютердің ішкі құрылғылары:
Аналық тақша – ДК - нің негізгі тақташасы.
Оған мыналар енгізілген:
- Жедел жад (ЖЖҚ – жедел жадтайтын құрылғы) – компьютерге қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
- Процессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.
- ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.
- Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.
- Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар).
- Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.
Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле, Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғылар оқулықта толық қарастырылған.
Көпке есте қалу үшін, мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы парағрафты оқумен қатар кестені толтыру ұсынылады.
ПРОЦЕССОР
Процессор – компьютердің негізгі микросхемасы, ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ – басқару құрылғысы және АЛҚ арифметикалы - логикалық құрылғы.
Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.
                                                                                                  

Бүгінгі сабақта не білгенімізді қорытындылайық:                                

1.     Топтар аттарына сәйкес  постер жасап, оны қорғайды. (Бүгінгі сабақта алған білімдері арқылы)

 

2.       Электронды оқулықтағы тапсырмаларды толтырып, сұрақтарға жауап беру

       

                                             

 3   Таратпалар :

  Жұмбақтар                      1.   Бар  нәрсеге  жетік

                    Миы  күшті  тетік

                    Ол  арқылы  сөйлесіп

                                        Кетесің  шетелге  де  өтіп          / компьютер /

                                       2.  Әдетте үнсіз  тұрамын

                    Белгі  берсең  ұғамын

                    Жазуы  бар  қағаздың

                    Құралы  боп  шығамын     / принтер /  

                 3. Компьютердің  айнасы

                  Бағдарыңды   таңдашы 

                  Сурет,  сөзін көрсетіп

                              Тиер  саған  пайдасы      / монитор  /

3. «Кім жылдам?»  Топ мүшелері төмендегі сұрақтарға жауап береді

1-слайд. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар (процессор, пернетақта, жүйелік блок)

   2-слайд. Ақпаратты енгізу құрылғыларын атаңдар (пернетақта, тышқан, сканер, микрофон)

  3-слайд. Ақпаратты шығару құрылғыларны атаңдар. (Монитор, колонка, құлаққаб)

  4-слайд. Слайдтың оң және сол жақтарын сәйкестеңдер (1-1, 2-5, 3-7,  4-6)

 

Сабақты бекіту  «Не білемін,  Нені білдім, НЕ білгім келеді?» инсерт таблицасын толтырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2025
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі