400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютер құрылғылары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер әріптестерге көмек болады деген үміттемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы

Атырау қаласы

№4 облыстық шипажайлы мектеп-интернатының

информатика пәні мұғалімі

Нұрмұханова Гүлсезім Нармағамбетқызы

Тақырыбы: Компьютердің құрылғылары



Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Компьютер және программалар. "Жанды табиғат"

Сынып:

3 б

Сабақ тақырыбы:

Компьютердің құрылғылары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату;

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: енгізу (тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (монитор мен принтер) ажыратады.

Көптеген оқушылар: сандық құрылғылар туралы білімді меңгереді.

Кейбір оқушылар: компьютердің негізгі құрылғыларымен танысады.

Бағалау критерийлері

  • енгізу (тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (монитор мен принтер) ажыратады.

  • сандық құрылғылар туралы білімді меңгереді.

  • компьютердің негізгі құрылғыларымен танысады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Құрылғы, Монитор, Пернетақта,Тінтуір.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Компьютер қандай құрылғылардан тұрады?

Сандық құрылғыларға нелер жатады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, қазақ тілі, математика, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Алдыңғы білім

Қоршаған орта, ақпарат

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ширату. Үй тапсырмасын сұрау. (Тақтада өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі. Сұрақтар бір-бірден ашылып болған соң арт жағынан интернаттың суреті шығады.)

  1. Ақпарат дегеніміз не?

Ақпарат дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар мен хабарлар туралы мәліметтер. Ал қоршаған орта – ақпараттың қайнар көзі.

  1. Ақпаратты қайдан және қалай қабылдаймыз?

Ақпаратты қоршаған ортадан аламыз. Адам ақпаратты көру, есту, иіскеу, дәм сезу және сипап сезу арқылы қабылдайды.

  1. Компьютер дегеніміз не?

Компьютер дегеніміз – ақпаратты өңдейтін және сақтайтын құрылғы.

  1. Компьютерлік сауаттылық дегеніміз не?

Компьютерлік сауаттылық дегеніміз компьютерді пайдалана отырып, мәліметтерді оқу, жазу және ақпарат іздеу жолдары.

  1. Интерфейс дегеніміз не?

Интерфейс дегеніміз компьютер мен адамның, яғни пайдаланушының арасындағы байланыс.

  1. Не себепті біздің өміріміз үшін ақпарат маңызды рөл атқарады?

Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап отырады. Ақпарат алу арқылы біз айналамызда болып жатқан құбылыстар туралы хабардар болып отырамыз.

  1. Мәтіндік ақпарат дегіміз не?

Мәтін түрінде берілген ақпарат.

  1. Сандық ақпарат дегеніміз не?

Математикалық әрекеттерді белгілейтін сандар мен белгілер түрінде берілген ақпарат

Алдыңғы сабақты еске түсіруге арналған сұрақтар






Білу


Компьютер ақпаратты пернетақтадан, тінтуірден, камерадан және сканерден алады. Сондықтан оларды енгізу құрылғылары деп атайды.

Компьютерден ақпаратты алу үшін шығару құрылғылары қолданылады. Мысалы, монитор мен принтер суреттерді, мәтіндерді шығара алады, ал колонка мен құлаққап дыбысты шығарады.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/kompyuterding-periferiyalyq-qurylhylarynyng-mindetteri

Сабақтың ортасы

Түсіну


Жеке жұмыс. «Кестені толтыр»

Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары











Дескриптор:

  • ақпаратты енгізетін құрылғыларды жазады

  • ақпаратты шығаратын құрылғыларды жазады

Слайд







5 минут

Жұптық жұмыс. «Құрылғыны тап»

Слайд

Сергіту сәті


Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

https://my.mail.ru/mail/shkola14.anusipbaev/video/_myvideo/1.html

Қолдану


Топтық жұмыс. «Тарсиа» әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру. Оқушылар мозайка құрастыру арқылы бүгінгі тақырыпқа байланысты берілген сұрақтарды жауабына сәйкестендіреді.

Сабақтың соңы

Рефлексия «Блоб ағашы» әдісі арқылы жүргізіледі. Тақтаға «Блоб ағашы» суреті ілінеді. Оқушылар сабақты түсінгені, түсінбегенін білдіру үшін ағаштан өзін тауып, бояйды.


«Блоб ағашы»


Үйге тапсырма: Төменде берілген құрылғыларды салыстырып, ұқсастығы мен ерекшелігін жазу.


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдану көрсетесіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабылетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар деңгейіне қарай сараланады.

Топтағы қабілетті оқушы көшбасшы қызметін атқара алады.

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Әрбір тапсырманың орындалуын өзара бағалау, талдау арқылы қорытындылаймын, белсенділігіне қарай мадақтап, оқуы үшін мүмкіндік жасаймын. Ынталандырып отырамын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Топтарға бөлу және техникалық құралдарды пайдалану кезінде оқушыларға қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздік ережесін сақтау.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
926
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі