400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережелері, гигиеналық талаптар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады: 1.Жалпы; 2. ДК /дербес компьютер/- де жұмыс істеу алдындағы; 3. Жұмыс кезіндегі; 4. Апатты жағдайдағы; 5. Жұмыс аяқталғандағы:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережелері, гигиеналық талаптар.



Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1.Жалпы;

2. ДК /дербес компьютер/- де жұмыс істеу алдындағы;

3. Жұмыс кезіндегі;

4. Апатты жағдайдағы;

5. Жұмыс аяқталғандағы:



Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

  • Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға, жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүгіруге болмайды.

  • ДК- де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге тыйым салынады.

  • ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады.

  • Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  • Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, секіруге, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.





ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:

  • Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.

  • Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.

  • Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.


ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  • ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.

  • Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.

  • Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.

  • Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.

  • Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.


Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

  • ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.

  • Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.

  • Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.

  • Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.

  • Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.


ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

  • Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.

  • Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.



Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

  • Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.

  • Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  • Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.


Күйген кездегі көмек көрсету:

  • Адам күйікке шалынған жағдайда:

  • Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.

  • Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  • Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.


Талып қалғандағы көмек көрсету:

  • Адам талып қалған жағдайда:

  • Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.


Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:

  • Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:

  • Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  • Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.


Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:


Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  • Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.

  • сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

  • Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  • Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

  • Басты кезекпен екі жаққа бұру.

  • Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

  • Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.


Компьютер сыныбында алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі