Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу.Жоба құру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу.Жоба құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу.Жоба құру қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

3-бөлім. Роботтехника. Жоба (ортақ тақырыптар: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар»)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

Сыныбы: 3

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу.Жоба құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.3.1.1 ақпаpрат іздей алу (құжаттағы мәтін үзіндісі);

3.2.1.5 суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Компьютерде файлдар мен бумаларды іздеуді үйреніп, мәтін үзіндісін құжаттан іздеуді біледі.

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» ойыны

Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен, мысалы: «Алма, шие, өрік, банан» деп санап шығады. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп немесе «Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. (бірнеше оқушымен осы әдіс бойынша жалғасады).

Топтастыру:

Топтастыру

Оқушылар шеңбер бойымен тұрған сәтінде алма, өрік, банан жемістерін кезекпен атау арқылы үш топқа бірігеді. І топ: «Алма»

ІІ топ: «Өрік»

ІІІ топ: «Банан»

Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,

суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде

білгендері

бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Компьютердегі сақталған файл немесе бумаларды қалай жылдам табуға болады?

  • Құжаттың ішінен мәтін үзіндісін қалай іздеп табуға болады?

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс – «Жарайсың!», Сары түс – «Жақсы»! Қызыл түс –

«Талпын!»

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

( 26 мин)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «DEAL» әдісі

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау). L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).


Топтық жұмыс. 1тапсырма «Достық кітапханасы».

«Түлкі мен тырна» ертегісіне салынған иллюстрацияға

қарап, ертегі

мәтінін құрастырыңдар.

Ертегі мәтінін қағазға түсіруде кейіпкерлердің атын, ертегінің маңызды тұстарын ерекшелеңдер.

Шрифт (Қаріп)

бөліміндегі батырмаларды қолданып, мәтінді редакторға теруді жоспарлаңдар. Мәтінге иллюстрация кірістіру үшін, суретті мәтінмен қоршау түрлерін анықтаңдар.

Дескриптор

  • «Түлкі мен тырна» ертегісіне салынған

иллюстрацияға

қарап, ертегі

мәтінін құрастырады.

  • Ертегі мәтінін қағазға түсіруде кейіпкерлердің атын, ертегінің маңызды тұстарын ерекшелейді.

  • Шрифт

бөліміндегі батырмаларды қолданып, мәтінді редакторға теруді жоспарлайды.

  • Мәтінге иллюстрация кірістіру үшін, суретті мәтінмен қоршау түрлерін анықтайды.

Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бірін-бірі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жұптық жұмыс

2- тапсырма

Мұғалім ұсынған құжаттық файл ішінде барлық 2020 жыл сөзін 2021 жылға ауыстырыңдар.

Неше рет орын

ауыстыру орындалды?

Анықтаңдар.

Дескриптор

  • Файл ішіндегі барлық 2020 жыл сөзін 2021 жылға ауыстырады.

  • Неше рет орын ауыстыру орындалғанын анықтайды.

Қалыптастырушы

бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне әрі тапсырманы орындау деңгейіне қарай бірін-бірі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жеке жұмыс

(қосымша тапсырма)

3- тапсырма

Файл мен Бума терминдеріне «Бес жолдық» өлең құрастыр. Құрастырған өлеңіңді көпшілік алдында таныстырыңдар.

Дескриптор

Файл мен Бума терминдеріне «Бес жолдық» өлең құрастырады.

Қалыптастырушы

бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай өзін-

өзі «Стикерлер» әдісімен бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жеке жұмыс

4- тапсырма

 Компьютерде

файл мен бумаларды іздеуді білу неліктен

маңызды деп саналады?

Дескриптор

  • Бір сұраққа жауап береді.

  • Екі сұраққа жауап береді.

  • Үш сұраққа толық жауап бреді.

Қалыптастырушы

бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне әрі тапсырманы орындау деңгейіне қарай өзінөзі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



  • Мәтіндік редакторда мәтін үзінділерін іздеу мен ауыстыруды қандай жағдайда қолдану тиімді?

  • Файл мен бумаларды іздеу мен редакторда мәтін үзіндісін іздеудің қандай айырмашылығы бар? Екеуі бір нәрсе ме?




Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс. «Бес саусақ» әдісі

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлеріне саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың әр саусағына интерактивті тақтадан көрсетілетін әр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып болған соң, бес саусаққа жазылған жауаптарын оқиды.

  • Басбармақ – өзімді қалай сезіндім?

  • Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

  • Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

  • Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін, сұрақтарға жауап беру деңгейін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!»

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды

болуын қадағалайды.

Үй жұмысы

81 беттегі Ойлан тапсырмасы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі