жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады? Сабақ жоспары
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: «Балқаш қаласы жалпы білім беретін 5.1 В Интернеттегі қауіпсіздік №24 орта мектебі» КММ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бекмаганбетова Н.С. Сынып 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады? |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату
|
|||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар істеуге дағдыланған: Компьютердегі деректерді қорғау ерекшеліктерін және құпия сөздің қажеттілігін түсінеді; Оқушылардың көпшілігі істей алады: Құжаттарға құпия сөз орнату ерекшелігін игереді; Кейбір оқушылар істеуге қабілетті: Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғау керек екенін және құпия сөзді орнатып дәлелдей алады. |
|||
Бағалау критерийі |
Тақырыпқа қатысты түйінді сөздерді алгоритм бойынша құра алады; Microsoft Word- қа құпия сөз орната алады; Құпия сөзді өздігімен өзгертіп қолдана алады. |
|||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар істей алады: Оқушы компьютердегі деректерді қорғап оларды құпия сөз орната алады. Пәндік лексика мен терминология: Құпия сөз-(Пароль), файл, жүктеу, мұрағаттау сөз тіркестерін анықтайды. Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер топтамасы: Сендер айта аласыңдар ма, неге .... .......істеу үшін қандай әрекет орындау қажет Бұл сабақта мен..... түсіндім. |
|||
Құндылықтарға баулу |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға және басқа пәндермен қарым-қатынас жасау қабілетін арттырады; |
|||
Пәнаралық байланыс |
Математика – логикалық ойлау; Ағылшын тілі, орыс тілі терминалогияларын түсінеді; Тілдік дағдыларын дамыту. |
|||
Алдыңғы білім
|
Интернетпен жұмыс жасау барысында қауіп қатерден сақтану. Құжаттарды зақымдап алмай жүктеу. ДК қауіпсіз жағдайда пайдалану. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
||
Сабақтың басы 2 минут
4 минут
1 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушыларды
ортаға шақырып, шеңберге тұрғызу,
бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
Шаттық
шеңбері:
ынтымақтастық орта орнату. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Жалпы сыныпқа өткен тақырыпты қайталау. «Серпінді сұрақ» әдісі арқылы сұрақтар қою: 1.Ақпараттық қауіпсіздік ұғымын қалай түсінесің? 2. Өткен тақырыптың кілтік сөзін үш тілде айт. 3. Неліктен біреудің ақпаратын көшіріп алу заңсыз болып саналады? 4. Сандық ақпарат дегенміз не?
Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты балалар қолындағы қағазын көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса, "жасыл" түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса "қызыл" түсті қағазды көрсетеді. Жасыл түсті көрсеткен кез келген оқушыдан жауап сұралады. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізу. (Оқушылар өздерінің және басқа балалардың жауабын бағалайды)
Жаңа сабаққа байланыстырып топқа бөлу: 1 2-топ: «Кілт» тобы Оқушылар орындықтарына жапсырылған стикер түстері бойынша II- топқа болінеді. Әр топ өз тобының басшысын сайлайды. |
Компьютер,флипчарт
Көк ,қызыл қағаздар, «Бас бармақ»
Қима қағаздар
Стикер
|
||
Сабақтың ортасы 2 минут
10 минут
3 минут
8 минут
9 минут
1 минут |
«Ой қозғау» кезеңінде жаңа тақырыпты анықтау мақсатында әдісін қолдана отырып, топтағы оқушылардың алдына құпия сөздері бар суреттер тастаймын. Суретті тастай отырып, түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты анықтауға тырысады. Бала файлды құпия сөзбен кодтау керектігін айтады. Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Құжатта құпиясөз шығару үшін құжатты ашып, Құпия сөз жолағына құпия сөзді енгізіңіз. Содан соң, Файл > Ақпарат >Құжатты қорғау > Құпия сөзбен шифрлау тармағын басыңыз. Құпия сөз жолағының мазмұнын жойып, OK түймешігін басыңыз да, құжатты қайта сақтаңыз. Компьютерде тапсырмалар орындау: (А) «Визуалды аймақтар» әдісі арқылы тапсырма шартын және орындалу тәртібін жұппен анықтап, кейін компьютерде жеке жұмыс жасайды . Тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Қиынды қағаздар арқылы сөздің ретін тауып алгоритм құрастырады.
Осы құрған алгоритм бойынша компьютермен жұмыс жүргізіледі. «Түрлі түсті жұлдызша» әдісі арқылы топтың үйлесімділігін бағалау. (В) «ТӨДК» тәсіл арқылы мына тапсырманы орындаймыз. Жұмыс үстелінде үй жұмысы атымен сақталған файл тұр. Марат файлға құпия сөз қоямын деп шешті. а) құпия сөз орнату алгоритмін толықтырыңыз
М «Құпия сөзді шифрлеу» таңдау.Құпия сөзді растау және «Ok» батырмасын басыңыз.
«Смайликтер» әдісі арқылы бағалау
(С) «Сыныптан шығу билеті» Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумада «Құттықтау»файлы орналасқан.Көрсетілген бумада файлды жүктеп алу алгоритмін жазыңыз. __________________________________________________ _____________________________________________
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.
Оқулықтағы тақырып тапсырмаларын орындата отырып, алған білімдерін әр түрлі жағдайда тиімді қолдана білуіне ықпал ету, өз пікірін даярлауға қолайлы жағдай тудыру
С
|
Сурет қиындылары
Тұсаукесер
А4 қағазы, желім,қима қағаздар
Компьютер
Компьютер |
||
Сабақтың соңы
3 минут
2 миут |
Қорытынды: (С). Сұрақтар топтамасы әдісі арқылы сабақты түйіндеу. 1. Құпия сөз орнату командалар тізбегін атап өтіңіз. 2. Құпия сөз деген не? 3. Құпия сөзін қалай өзгертесің?
Мадақтау айту!Жарайсың!!! (С) Үйге тапсырма: Тақырыпты мазмұндау 28 беттегі № 2 кестені орындау
(С) Рефлексия «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы сабағымызды бағалаймыз.
*Мен..............
БІЛЕМІН*, *Мен..................
ТҮСІНЕМІН*,
|
|
||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||
Сабақтың табыс критерийлері мен мақсаты оқушылардың деңгейлеріне байланысты орындалады.
Оқушылар деректердегі қорғау ерекшеліктерін құпия сөздің қажеттілігін түсінеді. Оқушылардың білім деңгейіне байланысты құпия сөздің маңыздылығын анықтау үшін тапсырмалар орындау барысында дереккөздерге жүгіне отырып, қарқынды жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сабақ барысында “Серпінді сұрақ” әдісін пайдаланып үй тапсырмасын тексеру жұмысы «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі арқылы жүзеге асады .Мұғалім оқушылардан бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қояды.
Тапсырма бере отырып білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға арналған әр түрлі деңгейде тапсырмалар кіреді.
Қосымша тапсырмаларда көп Күш жұмсауды талап ететін оқушыларға көңіл бөлу;
|
Оқушылардың қажеттілігін анықтап оларды бағалау «Бағдаршам» әдіс – тәсілі арқылы жүзеге асырылады . «Бас бармақ» әдісі өткен тақырыптарды сұрау арқылы бағаланады.
«Түрлі түсті жұлдызша» әдісі арқылы топтың үйлесімділігін бағалау.
«Смайликтер» арқылы және компьютерлік тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы біліктіліктері жүйеленіп бағаланып отырады. Сабақты қорытындылау кезіндегі оқушылардың сұрақтарға жауап бергенде «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы сабағымызды бағалаймыз.
|
Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
|
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||
Сатының
1 - ші баспалдағы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген