Компьютерді құрастыру ережелері және қауіпсіздік
Мақсаты:
Оқушыларға компьютерді құрастыру барысында қолданылатын негізгі ережелерді, құрал-жабдықтарды пайдалану тәртібін және қауіпсіздік техникасын түсіндіру, жинақтау барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Компьютерлік қауіпсіздік — есептегіш құрылғылар (компьютерлер, смартфондар және басқа), сондай-ақ компьютерлік желілерді (жеке және көпшілік желілерді, Интернетті қоса алғанда) қорғау үшін қолданылатын қауіпсіздік шаралар. Жүйелік әкімшілердің қызмет өрісі барлық үдерістер мен механизмдерді, олардың көмегімен цифрлық құрал-жабдық, ақпараттық өріс және қызмет кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген кіру, өзгерту немесе деректерді жоюдан қорғалады, және дамыған қауымдастықта компьютерлік жүйелердің тәуелділігінің өрбуіне байланысты көптеген маңызға ие болуда
Киберқауіпсіздік — құпиялылық, тұтастық және қол жетімділіктің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын процес. Жүйелік администратор активтерді қоса алғанда, компьютерлердің жергілікті желі деректерін, серверлерді қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тікелей ғимарат және, ең бастысы, персонал күзетке алынады. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында деректерді қорғау (беру процесінде және/немесе алмасу және сақтауда) болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында деректер контршаралар қолданылуы мүмкін. Кейбір осы шараларды кіруді бақылау, персоналды оқыту, аудит және есеп беру, бағалау, ықтимал ену тәуекелдерді тестілеу және авторизацияны талап етуді қамтиды (бірақ шектелмейді)
Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша
дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда
арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауруы
мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен
бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы
арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс.
1. Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес;
құныспай тік отырыңыз деген осы жерде
орынды!
2. Иықтарыңызды бос
ұстаңыз, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген болсын. Басыңызды
сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.
3. Орындығыңыздын отырғышы жұмсақ болуы,
тізелеріңіз тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай
тіреліп тұруы тиіс.
4.
Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық
70 см - ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға
созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.
Жұмыс уақытын дұрыс
ұйымдастыру.
1. Компьютер алдында
күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Ең дұрысы – осы
уақытта түске дейін және түстен кейін 2 (екіге) бөліп алу. Балалар
үшін бұл режимінің талаптары қаталдау: 1 сынып – 10 минут, 2 - 7
сыныптар – 15 - 20 минут, 8 - 9 сыныптар – 25 минут, 10 - 11
сыныптар – әрбір 30 минут сайын 5 минуттық үзіліс жасап 50 минут
қана.
2. Әр сағат сайын көзге
арналған жаттығулар жасап, әрекет түрін өзгертіп отырыңыз,
орныңыздан тұрып, шай, су ішіп келуге болады. Егер тұруға
болмайтындай «шұғыл» жұмыс істеп отырсаңыз, тым болмаса, басыңызды
айналдырып, құйрық бұлшық еттеріңізді жиырып, босатып, балтыр
бұлшық еттерімен аяқтың басын
көтеріңіз.
3. Үзіліс жасаған кезде
бөлмеңізді желдетіп алыңыз.
Көзді тынықтыруға
арналған жаттығулар кешені.
Халықаралық стандарт бойынша, монитор алдында
жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты
сағат сайын үзіліс жасап отыруы
тиіс.
1. Монитордан теріс
қараңыз да, көзді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді
қысыңыз. Көзіңізді недәуір үлкен жиілікпен және амплитудамен ашуға
тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соңында,
қатты таңғалғандай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды
түйіңіз.
2. Саусақтарыңызға жылу
тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен
көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде,
оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың
саусақтары оған қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды
еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық
еттер мен тамырларға әсер етеді.
3.
Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынандай. Терезеге қараңыз.
Арқаңызбен мойыныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір
алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрыныңыздың
ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы
да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың арасына
қараңыз.
4. Көздеріңізді еркін
ұстап, жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен
бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес - бестен толық айналым
жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы
жасаңыз.
5. Көздеріңізді жабыңыз.
30 секунд бойы оларды саусақ ұштарымен
уқалаңыз.
6. Басыңызды оңға, солға,
жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым
жасаңыз.
7. Әдемі бір суретке
немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз.
Көзіңізді 10 - 20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз.
Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп,
содан соң раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы
бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге
жайғасыңыз. Деніңізді еркін ұстап, қалай жақсы тыныққаныңызды
сезініңіз.
Қазіргі таңда компьютер – ақпараттық технологияның негізгі құралы. Оны пайдалану үшін тек бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру жеткіліксіз, сонымен бірге компьютердің құрылғыларын дұрыс таңдай білу, құрастыру және қауіпсіздік техникасын сақтау маңызды.
1. Компьютерді құрастырудың маңызы
Компьютерді құрастыру дегеніміз – оның құрамдас бөліктерін (компоненттерін) белгілі бір реттілікпен жинақтау.
-
Дұрыс құрастырылған компьютер ұзақ уақыт бойы сенімді жұмыс істейді.
-
Қате құрастырылған жағдайда құрылғылардың істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы мүмкін.
2. Компьютерді құрастыру кезеңдері
-
Қоректендіру блогын орнату
– компьютердің барлық құрылғыларын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. -
Аналық платаны орнату
– барлық құрылғыларды біріктіретін негізгі тақша. -
Процессорды орнату
– компьютердің «миы», есептеу операцияларын орындайды. Процессорды орнатқанда аналық платамен үйлесімділігіне мән беру қажет. -
Салқындату жүйесін орнату
– процессордың қызып кетуін болдырмау үшін қолданылады. -
Жедел жады модульдерін (RAM) орнату
– уақытша ақпаратты сақтайды. -
Қатты диск немесе SSD орнату
– мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтауға арналған құрылғы. -
Қосымша карталарды (бейне, дыбыс, желі) орнату
– компьютердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. -
Кабельдерді қосу және тексеру
– барлық құрылғылардың дұрыс жалғануын бақылау.
3. Компьютерді құрастыру кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері
-
Электр қауіпсіздігі: құрылғыларды электр желісінен ажыратып барып орнату.
-
Антистатикалық қауіпсіздік: арнайы білезік немесе қолғап пайдалану.
-
Құрылғыларға ұқыптылық: бөлшектерді шамадан тыс күш салмай орнату.
-
Жұмыс орнының тазалығы: ұсақ бөлшектерді жоғалтпау үшін үстел үстін реттеу.
-
Сымдарды дұрыс жалғау: кабельдерді артық бүктемей, қысылмайтындай етіп орналастыру.
4. Құрастырудан кейінгі тексеру
-
Барлық кабельдердің дұрыс жалғанғанын тексеру;
-
Құрылғылардың орнында мықтап бекітілгеніне көз жеткізу;
-
Компьютерді іске қосып, BIOS деңгейінде құрылғылардың анықталғанын тексеру;
-
Жүйеге операциялық жүйе орнатып, толық жұмыс қабілеттілігін сынау.
Тапсырма 1. «Құрылғыларды сәйкестендір»
-
Оқушыларға әртүрлі компьютер бөлшектерін көрсету.
-
Әр топ құрылғылардың атауын, қызметін айтып шығады.
Тапсырма 2. «Компьютерді жинақтау»
Әр топқа нақты қадамдар беріледі:
-
Қоректендіру блогын орнату.
-
Аналық платаны бекіту.
-
Процессор мен салқындатқышты орнату.
-
RAM модульдерін орнату.
-
Қатты дискіні қосу.
-
Кабельдерді жалғау.
-
Бейне картаны орнату.
Бақылау сұрақтары:
-
Компьютерді құрастырудың негізгі кезеңдерін атаңыз.
-
Аналық платаның қызметі қандай?
-
Компьютердің «миы» деп қай құрылғыны айтамыз?
-
Қоректендіру блогының міндеті қандай?
-
Процессорды орнатқанда қандай ерекшеліктерді ескеру керек?
-
Компьютерді құрастыру кезінде антистатикалық білезік не үшін қолданылады?
-
Жедел жады (RAM) мен қатқыл дискінің (HDD/SSD) айырмашылығы неде?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз