400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату.

Материал туралы қысқаша түсінік
коледжге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Курс:

1

Топ:

МЦМ, ТЭ, СВ,ОПИ-18-9

Сабақ нөмірі (пара)

7

Мамандық, біліктілік:

1113000 «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы, 1003042 Су ерітінділерін электролиздеуші біліктілігі; 1114000 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы, 111401 2- Дәнекерлеуші (барлық атаулары бойынша) біліктілігі; 0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту» (кен байыту) мамандығы 070903 3-Ұсатушы біліктілігі.

Модульдың атауы:

Информатика

Сабақтың тақырыбы:

3 бөлім. Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы

3.2. Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату.

Күн:


Ұзақтығы:

2 сағат

(90 мин)

Өткізу жері:

ЖМ «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі», аудитория №405

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге ДК-дің қосымша құрылғылары туралы дәне оларды баптау туралы түсінік беру.

Сабақ мақсаттары:

а) компьютердің қосымша құрылғыларын орнату мен баптау туралы түсінік беру

Б) логикалық ойлау қабілетін дамыту

В) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер:

Принтерлерді баптай біледә және модем және оның түрлерін ажырата алады, драйверлерді орната алады.

Сабақтың түрі:

Теория

Оқу әдістемесі, әдістемелік, педагогикалық әдістер, педагогикалық технологиялар:

Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап.

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар

желіге қосылған компьютер, мәтіналғы, принтер, web камера, модем, тұсаукесер, оқулық.

Қосымша

көзі (әдебиеттер):

Ә. 1, 45 б.
























Сабақтың барысы

Уақыт (минут)

Оқытушының әрекеттері

1

2

3

1. Ұйымдастыру кезеңі

2

Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру

2. Білімнің өзектілігі

10

Білім деңгейін тексеру мақсатында білім алушыларға сұрақтар қою

3. Жаңа білім мен қызметтің әдістерін қалыптастыру

10

Принтер. Принтерлерді баптау. Модем және оның түрлері. Драйверлер.

4. Білімді жалпылау және жүйелендіру

8

Білім алушыларға карточкалар тарату

5. Оқуды бақылау немесе өзін-өзі бақылау

және қызметтің әдістері

3

Оқытушы жаңа тақырыпты меңгеру нәтижесі бойынша белсенді білім алушыларды бағалайды

6. Үй тапсырмалары туралы ақпарат беру

2

Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға

сұрақтар және тапсырмалар беру.

7. Қорытындылау

сабақ және рефлексия

2

Оқытушы жаңа тақырыпты түсінбеген балаларға қысқаша түсіндіріп өтеді және қосымша тапырма береді
















































Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттерді ұйымдастырып, түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

III. Жаңа сабаққа кіріспе кезеңі

Қосымша құрылғылар –компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.

Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, мәтіналғы, модем және т.б жатады.

Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.

Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.

Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.

Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .

(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.

Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .

Принтерлерді баптау және орнату

Принтерді баптау Windows 7 операциялық жүйесінде орнату үшін көрсетілген. Бірақ егер компьютерде басқа операциялық жүйе орнатылған болса да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы.

Ең алдымен принтерді тоққа қосуымыз керек. Содан кейін арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз.Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті түрде болады. Компьютер қосатын тетікті көлеміне қарай тауып алыңдар. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың формасындай болады.

Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары Басқару панелі деген жерде сақталады. Экранның сол жақ төменгі бөлігінде Пуск батырмасы арқылы сол жерге өтеміз де,Қондырғылар және принтерлер деген бөлімге кіреміз.

Одан кейін Принтерлерді орнату деген батырманы басу керек. Содан соң шыққан терезеден принтерлерді орнату типін таңдаймыз.

Егер сол компьютерге ғана орнату керек болса, Локалді принтерді қосу, ал егер жергілікті принтер болса, Жергілікті принтер қосу деген батырманы таңдау керек. Сонымен Локалді принтерді қосу батырмасын таңдаймыз.

Одан кейін принтердің портын таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз де, дискіден принтердің өз маркасын арналған драйверін орнатамыз.

Қосымша құрылғылар - компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.
Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
Модем дегеніміз - компьютерді интернетпен қосып тұратын құрылғы.
Жұмыс жасауы принципі - модем модулятор және демодуляторлардан тұрады, компьютерден шыққан ақпарат модем ішінде модуляциядан өтіп келесі модемге жетеді, ол жерде қайта демодуляция орындалады

Компакт – дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD - R компакт – дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD - RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт - 8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB – портқа қосады, секундына 1 - 10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Драйвер - компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірақ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.
Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек:
1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетін көрінеді, мәселен видео карта жады 16 - 128 мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек.
2. Құрылығын ІД арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез - келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІД жазылып тұрады.

Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www. drp. su
Сонымен қатар, driver. ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар.
Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер - қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда.
Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады.
Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде Бағдарламаларды орнату және өшіру категориясында көрініп тұрады.


Тапсырма
Веб - камераны компьютерге қосып, орнату
ІҮ. Практикалық жұмыс.
Компьютерде орнатылған электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау.


1 - тапсырма. Компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды
2 - тапсырма. Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз
3 - тапсырма. Компьютерді қосу
4 - тапсырма. Компьютерді өшіру
9 - тапсырма. Ақпаратты тасымалдауыштарды өз орналастыру
Ү. Сабақты бекіту: Тест тапсырмалары
1. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:
А) негізгі құрылғылар
Б) қосымша құрылғылар
В) екі жауап та дұрыс
2. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы
А) принтер
Б) сканер
В) модем
3. Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
А) принтер
Б) модем
В) сканер
4. Драйвер дегеніміз не?
А) компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар
Б) өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
В) мәліметтер типі
5. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғылар:
А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар
Б) негізгі құрылғылар
В) басып шығару құрылғысы
6. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?
А) принтер
Б) сканер
В) модем
7. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің кең тараған түрлері:
А) матрицалық, бүріккіш және лазерлік
Б) планшеттік, сенсорлық
В) антивирустық, операциялық
8. Компьютердің негізгі құрылғылары:
А) сканер, модем, монитор
Б) монитор, пернетақта, жүйелік блок
В) принтер, монитор, жүйелік блок
9. Пернетақтаның жұмысын жеңілдететін құрылғы
А) монитор
Б) тышқан (тінтуір)
В) принтер
10. Дыбыс шығаратын құрылғы
А) колонка Б) модем В) микрофон
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:
Ә. 2, 28 б. Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі