400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютерлік желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспарының шаблоны


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары


Күні: 21.06.2019 жыл


Сынып: 8

Мектеп: «Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ»КММ


Мұғалімнің аты – жөні: Утегалиева Алтынай

Каримгалиевна


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік желілер

Осы сабаққа қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 Желінің өткізу қабілетін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлығы

  • Ақпарат беру арналары арқылы деректермен алмасу барысында желінің өткізу қабілетін, желінің өткізу қабілетінің факторларын анықтайды;

Көпшілігі

  • Практикалық кезеңінде желінің, яғни интернет көзінің өткізу қабілетінің өлшем бірлігін пайдаланады;

Кейбірі

  • Берілген ақпарат көлемін, ақпаратты тарату жылдамдығын, арнаның өткізу қабілетін формулалар арқылы есептей алады.

Бағалау критерийі

  • Желінің өткізу қабілеті ұғымын түсіндіреді

  • Желінің өткізу қабілетін анықтап, формуласын көрсетеді

  • Желінің өткізу қабілетінің формуласын пайдаланып есептер шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Хабарламаның ақпарат көлемін анықтаудың алгоритімін құра алады.

  • Практикалық кезіңде компьютермен жұмыс жасай алады.

Пәндік лексика және терминалогия:

  • Ақпаратты тарату жылдамдығы, өткізу қабілеті, пакет

  • Ақпаратың өткізу қабілетінің формулалары, есеп

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

  • қамтамасыз ететін, процессор функцияларының бірі ……………болып табылады

  • Ақпаратты қорғау үшін ………………………………… қажет.

Құндылықтарға баулу

  • Жауапкершілік

  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқор көрсету

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс

  • Математика және физика пәнімен байланыстыра отырып формулалармен және өлшеу бірліктерімен есептерді шешуде байланысы бар.

Алдын ала менгеруге ұсынылған білім

Оқушылар қарапайым деңгейде процессор, кэш-жады қызметін, компьютердің негізгі құрылғыларының әрекеттестігін түсіндіре алады. Жады түрлерін суреттейді, ақпарат түрлерін атайды, ақпаратты түрлі формада көрсетеді, барлық ақпарат екілік жүйеде сақталатынын түсіндіреді, ақпараттты өлшеу бірліктерін атайды, бір жүйеден екінші жүйеге аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Тілек шамы» тренингін ұйымдастыру. Оқушылар шеңбер құрып, әр қайсысы оң жақтағы сыныптасына майшам беру арқылы жылы лебізін білдіріп бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мақсаты:

  • Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады;

Тыңдау дағдыларын дамытады, сонымен қатар барлығын теңестіру және жағымды ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Сұрақтар жауыны» әдісі

Сұрақ-жауап.

Оқушыларға үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Процессордың сипаттамалары, яғни процессор деген не?

  2. Қандай қызмет атқарады.

Мақсаты: өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру

Дағдысы: сұрақтарға жауап беру арқылы, еске түсіру дағдысы қалыптасады.

(Қ) Қалыптастырушы бағалау:

«Жұлдыз» беру арқылы бағалау. Толық дұрыс жауап берген оқушыға әрқайсысына 1 жұлдыздан беріледі, кейбіріне ескертулер жасап, ұсыныстар айтылады. Кеңес беріліп, оқушылардың келесі сабаққа үйден дайындалып келуі ынталандырылады.

Мақсаты: сұрақтарға жауап беру, оқушыларды ынталандыру

Дағдысы: жауапкершілік, ынталандыру, өзін-өзі талдауға үйрету, өз-өздерін бағалау дағдылары қалыптасады


Сурет (Компьютерлік желі, Интернет) қиындыларын құрастыру арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.


Жаңа тақырыптың атын ашу үшін, бейне клип көрсетілді.

«Стоп кадр» әдісін қолданамын

Жаңа сабақты ашу оқушылармен бірге ашу мақсатында осы суретке, бейнероликке түсінік бере отырып жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, талқылайды, ой бөліседі.

  • Компьютерлік желі деген не?

  • Интернет деген не?

Мақсатым: Оқушылардың зейінін аудару, сабақтың тақырыбын ашу және видеоның мазмұнына оқушының сыни ойлауына мүмкіндік береді

Дағдысы: оқушылардың көру, есте сақтау, сыни тұрғыда ойлау дағдысы қалыптасады.

Оқушылармен бірге бүгінгі сабақтың мақсатын анықтаймыз


Күтілетін нәтиже: Желінің өткізу қабілетін анықтау






















https://bilimland.kz/kk/courses/

informatika-kk/8-synyp/lesson/kompyuterlik-zhelilerding-mindetteri


СТО, Диалогтік оқыту, ЖАДА, Дарынды/талантты балаларды оқыту, Көшбасшылық пен басқарушылық

Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту

Сабақтың ортасы

Осы тақырыпты түсіндіріп, пысықтау барысында

«Галереяға саяхат» әдісі бойынша топтық жұмыс ұйыдастырылады.

bilimland.kz/ сайытынан көрген видео арқылы жаңа сабақты ары қарай пысықтаймын

Топтық жұмысты ұйымдастыру:

1 топ

  • Желінің өткізу қабілетін қалай жіберуге болады?

2 топ

  • Желінің жылдамдығы неге байланысты?


Мақсаты: Желінің өткізу қабілеті ұғымын түсіндіру

Дағды:

  • Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады;

  • Бұл тапсырма негізінде оқушылардың ойлауы, топтасуы, ой бөлісуі арқылы бір-бірін тыңдай білу дағдылары қалыптастырылады.

Саралау тәсілі: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан – жақты әрі нақты көмек қажет болады, сол себепті диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдандым. Өйткені бұл тәсілді қолданғанда оқушыларда сыни тұрғыда ойлау дағдысы қалыптасады.


ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.

М ақсаты:. Үш түсті дөңгелекшелер арқылы бағаланады. Мысалы: қызыл түсті «Түсінген жоқпыз, сұрағымыз көп»; сары түсті «Бірен – саран, сұрағымыз бар»; жасыл түсті «Барлығы түсінікті, сұрағымыз жоқ» арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.

Дағдысы: сұрақтарға жауап беру, оқушыларды ынталандыру, өз-өздерін бағалау дағдылары қалыптасады.


Тапсырма №1

Топтық жұмыс «Ассоциация» тәсілі

Мақсаты: Ғаламтордың зиянды жақтары мен пайдасын ажырату.

Дағдысы: Алған білімін жинақтап шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру.

Берілгені:

Мына берілген сурет бойынша 1 топ оқушылары желінің қауіпті жағын, 2 топ желінің қауіпсіз жағын анықтаңыз.

қауіпті жағы қауіпсіз жағы

DrawObject1




Дескриптор: Желінің қауіпті мен қауіпсіз жағын анықтайды.

Саралау: барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздеріне не күтілетіндігін түсіндіргендігіне көз жеткізу диалог және қолдану тәсілін пайдаландым . Осы тапсырма арқылы Компьютерлік желілердің қауіпті және қауіпсіз жағы туралы ойларын айтады, қағаз қиындылары арқылы сәйкестендіріп жапсырады.


Қ.Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы екі топ бірін-бірі бағалайды.

Мақсаты:

Екі жұлдыз – екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы)

Бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе туралы айту.

Дағдысы: Топтардың жұмысына баға бере отырып, сөйлеу, шешім қабылдау дағдылары қалыптастыру.


Тапсырма №2

«Электронды оқу немесе жаңа технологияны пайдалану» тәсілі бойынша жұптық жұмыс

Мақсаты: Желінің өткізу қабілетін анықтап, формуласын көрсету

Дағдысы: АКТ саласындағы, сыни тұрғыдан, шығармашылық тұрғыдан, жеке және жұптық жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру.

Берілгені

Желінің өткізу қабілетін анықтау барысында шыққан формуласын көрсетіп, нәтижесің түсіндіріңіз.

Дескриптор:

  • Желінің өткізу қабілетінің формуласын табыңыз

  • Желінің өткізу қабілетінің формуласын түсіндіріңіз

Саралау: дереккөздер – Google іздеу сайытын пайдаланады, кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым деректермен жұмыс жасайды, бірақ оқушылар бұл тапсырманы орындасада нәтижелері әр түрлі болады.


ҚБ: «Ынталандыру» әдісі

  • Өте керемет!

  • Бәрекелді!

  • Жарайсын!

  • Керемет!

Мақсаты: оқушыларды ізденімпаздылыққа, жан – жақтылыққа үйрету.

Дағды: Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, мұқият талқыланып, жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдын немесе сананың түрлі аспектілерін жандандыру дағдысын келтіру.


Тапсырма №3

«Кім шапшаң?» әдісі

«Дәптерге орындайық» тапсырма

(жеке жұмыс талдау):

Мақсаты: Желінің өткізу қабілетінің формуласын пайдаланып есептер шығарады.

  • есептерді шешу тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру

Дағды:

  • Оқушылар есептің шешу жолдарын қарастырады;

  • Тез жұмыс жасау, жеке жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады.


Берілгені: Карточка арқылы есептерді шығарыңыздар

Карточка №1

Желі арқылы жіберетін мәтін 51200 таңбадан тұрады. Әр таңба екі байтпен кодталған және бұрмалауды болдырмау үшін үш рет беріледі. Мәтін жіберу жылдамдығы байттың секундқа қатынасымен қаншаға тең екенің анықтайды?


Карточка №2: 10 секунда байланыс арнасы 500 байт ақпарат берді. Арнаның өткізу қабілеті анықтаңыз?


Карточка №3

ADLS –ға қосылған компьютер арқылы деректерді жіберу жылдамдығы 1024000бит/с тең. Мұңдай байланыста файлды 5 секундта жіберуге болады. Файлдың өлшемін килобайтпен анықтаңыз.

Дескриптор:

  • Есептің моделін құрады;

  • Есептің бағытын түсіндіреді;

  • Жазылу әрекетін сақтайды.

Саралау тәсілі:; Жетістігі төмен оқушыларға формулалар кестесін беріп, диалогқа тартып, қолдау көрсетемін. Карточка 2, 3 тапсырмада қарқынмен жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша көлемді тапсырма беремін

Қалыптастырушы бағалау:

«Өзін-өзі бағалау» әдісі арқылы әр оқушы өз жұмысын смайликпен (бас бармақпен) бағалайды. (бәрі дұрыс), (бірен-саран қателері бар), (мүлдем қате) арқылы өзі бағалайды (дұрыс жауап тақтаға шығарылады).

Мақсаты: оқушылар өз жұмыстарын смайлик арқылы бағалайды.

Дағдысы: жауапкершілік, ынталандыру, өзін-өзі талдауға үйрету, өз-өздерін бағалау дағдылары қалыптасады.


Сергіту сәті. Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсетіледі, соны оқушылар қайталайды.

Мақсаты: Сабақ  үстінде ұзақ отырған адамның денесін ширату, оқушының бойын жазып, шаршағанын аздап та басу үшін жаттығу ұйымдастыру

Дағдысы: оқушының дене мүшелерін ширату, денсаулық дағдысын қалыптастыру.



https://bilimland.kz/kk/courses/

informatika-kk/8-synyp/lesson/kompyuterlik-zhelilerding-mindetteri


Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, диалогтік оқыту


Постер қорғау

Ватман, қалам, оқулық, стикер, маркерлер...










Үш түсті дөңгелекшелер таратылады әр топқа











Қағаз қиындылары,

таратпа материал

Карточка














DrawObject2







Таратпа материал

Карточка



Оқулық, интернет





























































https://www.youtube.com/watch?

time_continue=15&v=dvRFQc7K_cQ

Сабақтың соңы

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Компьютерлік желілер» бойынша ҚӘМҚ талдауы (SWOT – талдау) жүргіземін.

КDrawObject3 үшті жақтары Әлсіз жақтары


Мүмкіндіктері Қауіптері

Мысалы:

Күшті жақтары: қазіргі заманда күнделікті өмірде адамға интернет, яғни желі қажет...

Әлсіз жақтары: желінің жылдамдығы нашарлану...

Мүмкіндіктері: музыка тыңдау аламыз, почта арқылы хат жібере аламыз...

Қауіптері: адамның денсаулығына зиян...

Мақсаты: Сабақты қорытындылау барысында және кері байланыс беруге қолданылады.

Дағдысы:Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту

Қ.Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы екі топ бірін-бірі бағалайды.

Дағдысы: Топтардың жұмысына баға бере отырып, сөйлеу, шешім қабылдау дағдылары қалыптастыру.

Саралау : Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған ҚƏМҚ талдауы (SWOT-талдау) әдісін қолдануда «Диалог және қолдау» тәсілі жүсеге асады:


Рефлексия

Сабақты «Ара ұясы» әдісі арқылы қорытындылаймын. Оқушылар көршілерімен жұптасып бүгінгі сабақта не білгендері туралы пікір алмасады және екі сұрақтан дайындайды. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді.

Мақсаты: оқушының бүгінгі сабақтан не түсінгенін анықтау

Дағдысы: бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтап бір сөзбен айту, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру.

ҚБ.«Жетістік баспалдағы»

Мақсаты:

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың өткен материалды меңгеруде өз білімін бағалап, қай білім баспалдағында тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты бағалап, магниттерді немесе стикерлерді өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

Дағдысы: Оқушылар алған білімдерін жинақтап, ең маңыздыларын ұсына алады;

  • негізінде оқушылардың ойлауы, топтасуы, ой бөлісуі арқылы бір-бірін тыңдай білу дағдылары қалыптастырылады.


Үй тапсырмасы: §1.3, оқулықтың 23 беті.

  1. Хабарламаның ақпарат көлемін есептеңдер.

  2. Жіберілген ақпараттың көлемін есептейтін формуланы пайдаланыңдар: І=К*і.

Оқулық









DrawObject4






















Стикер


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздің техникасын сақтау

«Галереяға саяхат» әдісі

Саралау тәсілі: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан – жақты әрі нақты көмек қажет болады, сол себепті диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдандым. Өйткені бұл тәсілді қолданғанда оқушыларда сыни тұрғыда ойлау дағдысы қалыптасады

«Ассоциация» тәсілі

Саралау: барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздеріне не күтілетіндігін түсіндіргендігіне көз жеткізу диалог және қолдану тәсілін пайдаландым . Осы тапсырма арқылы Компьютерлік желілердің қауіпті және қауіпсіз жағы туралы ойларын айтады, қағаз қиындылары арқылы сәйкестендіріп жапсырады.

Электронды оқу немесе жаңа технологияны пайдалану» тәсілі

Саралау: дереккөздер – Google іздеу сайытын пайдаланады, кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым деректермен жұмыс жасайды, бірақ оқушылар бұл тапсырманы орындасада нәтижелері әр түрлі болады.

«Кім шапшаң?» әдісі

Саралау тәсілі:; Жетістігі төмен оқушыларға формулалар кестесін беріп, диалогқа тартып, қолдау көрсетемін. Карточка 2, 3 тапсырмада қарқынмен жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша көлемді тапсырма беремін

ҚӘМҚ талдауы

(SWOT – талдау) графикалық органайзер

Саралау : Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған ҚƏМҚ талдауы (SWOT-талдау) әдісін қолдануда «Диалог және қолдау» тәсілі сөйлеу, жауап беру арқылы жүсеге асады.

Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушылардың білімін «Жұлдыз» беру арқылы бағалаймын.

Дағды: ынталандыру, қызығушылық дағдылары қалыптастырылады.


Топтық жұмыста оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы келесі топты бағалайды және бір-бірінің жұмысы туралы өз ойларымен бөліседі.

Дағды: өз ойын айқын жеткізу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырады.


ҚБ: «Ынталандыру» әдісі

  • Өте керемет!

  • Бәрекелді!

  • Жарайсын!

  • Керемет!

Дағды: Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, мұқият талқыланып, жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдын немесе сананың түрлі аспектілерін жандандыру дағдысын келтіру.


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы екі топ бірін-бірі бағалайды.

Дағдысы: Топтардың жұмысына баға бере отырып, сөйлеу, шешім қабылдау дағдылары қалыптастыру.


Жеке жұмыс жасағанда оқушылар «Өзін-өзі бағалау» әдісі арқылы өз жұмысын смайликпен (бас бармақпен) бағалайды. «Бәрі дұрыс», «Бірен-саран қателері бар», «Мүлдем қате» арқылы өзі бағалайды (дұрыс жауап тақтаға шығарылады).

Дағды: өзін-өзі талдауға үйрету, жауапкершілік дағдылары қалыптасады.


«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың өткен материалды меңгеруде өз білімін бағалап, қай білім баспалдағында тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты бағалап, магниттерді немесе стикерлерді өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

Дағды: өзін-өзі талдауға үйрету, жауапкершілік дағдылары қалыптасады.


Әр тапсырмадан соң дескриптор арқылы бағалау


Критерий арқылы бағалаймын.

Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігін ережелерін сақтау;


Шаршағанда көз және дене жаттығуларын жасау;


АКТ құралдарын уақытылы қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия:


Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оөушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі