400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютерлік желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Желіге қосылған компьютер атауларын анықтайды Желілік қорға қатынау жолдарын, компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдарын меңгереді компьютерлік желілердің жасалу мақсатын және желілердің түрлерін ажырата алады, желілердің типтері қай мақсатта қолдынылатынын біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы

№148 мектеп-гимназияның

информатика пән мұғалімі: Ерғали Мөлдір



Күні:


Мұғалім: Ерғали М.

Сынып: 8

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік желілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 желінің өткізу қабілетін анықтау

Оқу нәтижелері



Барлық оқушылар

Компьютерлік желі» ұғымдарымен, желілердің түрлері және желілердің атқаратын қызметтері туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Компьютерлік байланыс және компьютерлік желі ұғымы, оның түрлері туралы білімнің кеңеюі.

Кейбір оқушылар күнделікті өмірде компьютерлік желілердің түрлерін ажыратып, оларды қолдана алады.

Бағалау критерийі

Желіге қосылған компьютер атауларын анықтайды

Желілік қорға қатынау жолдарын, компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдарын меңгереді

компьютерлік желілердің жасалу мақсатын және желілердің түрлерін ажырата алады, желілердің типтері қай мақсатта қолдынылатынын біледі

Тілдік мақсаттар

Сабақ барысындағы жаңа сөздермен танысу.

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Алдыңғы оқу

Процессор ұғымы және оның құрылымы


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс

Басталуы













І.Ұйымдастыру кезеңі

- Good morning, children!

- How are you?

- I’m fine. Thanks. Sit down, please.

- Who is on duty today?

- Who is absent?

- What date is it today?

Оқушыларды қима қағаздарда жасырынған сөздері құрастыру көмегімен екі топқа бөлу.

1 - топ – Ауқымды желі

2 - топ – Жергілікті желі деп аталады.

Өзін өзі бағалау жүргізіледі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі

- Процессор деген не?

- Оның қызметі қандай?

- Процессордың құрылысын сипатта

- Көпядролы процессор деген не?











Ортасы










ІІІ.Білімді өзектендіру

ІV.Жаңа материалды оқып-үйрену

New words:

Connection - байланыс

To connect - қосу

Copper cable – мыс кабелі

Wireless - сымсыз

To provide – қамтамасыз ету

Fiber optic cable – талшықты оптикалық кабель

To receive - қабылдау

Net – желі

Computer network – компьютерлік желі

Network switch – желілік коммутатор

Network Card – желілік тақша


Слайд №12 видеоролик қарау.

Желі дегеніміз - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс. Мысалы жолдар елді мекендерді байланыстырады. Достармен қарым қатынасыңыз адамдар желісін құрайды.

Адамдар күнделікті өмірде келесі желілерді кеңінен қолданады: телефон жедісі, интернет, қоғамдық көлік.


Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.


Осы байланысты жүзеге асырып ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрал желілік коммутатор деп аталады. Желілік коммутатор немесе хаб, свич (ағылшынша switch ажыратып қосқыш) бірнеше компьютерлерді ортақ бір желіге біріктіретін құрылғы.


Желілік тақша – компьютерлерді желіге қосуға мүмкіндік береді.сымсыз желіге қосылу құрылғысы, ол интернетке жалғануға және кабель жоқ ортада желіде жұмыс істеу артықшылықтарын пайдалану мүмкіндіктерін береді.


Патч корд – коммутатор бауы электр құрылғыларын өзара байланыстыратын электрлік немесе оптоталшықты сымдар. Екі ұшында ағытпалы жалғағыш коннектор орналасқан.

Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.


Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.


Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.


Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.

Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.


Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьютерден құралған, біртұтас ақпараттық  кеңістікті Интернет деп атайды.


Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

Қызықты деректер:

Слайд №15

  • Smiles, which are now used in everyday communication in social networks and messengers, appeared about 30 years ago. The author of the first smiley in the world is the programmer Scott Falman.

  • The first video uploaded to YouTube

https://www.youtube.com/watch?v=xrCGHZR_uZ8

Сервер – «клиенттер» деп аталатын басқа бағдарламалар немесе құрылғыларға қызмет көрсететін құрылғы. Бірнеше клиент сервер арқылы деректерді бөлісе алады. Бір сервер бірнеше клиенттерге қызмет көрсетуі мүмкін немесе бір клиент бірнеше серверлерді қолдануы мүмкін.

КЖ тиімді жұмыс жасауы төмендегі параметрлермен өлшенеді:

Желінің өткізу қабілеті – деректерді тасымалдау жылдамдығы бір секундта берілген ақпараттың бит санының мөлшерімен анықталады. Өлшем бірлігі бит/секунд.

Сенімділік – ақпаратты айнытпай және жоғалтпай беру қабілеті.

Құндылығы – желіге қосымша компьютерлерді жалғау мүмкіндігінің бар болуы.

Желінің өткізу қабілеті оның техникалық мүмкіндігіне және қолданылатын кабельдерге байланысты.

Кез келген байланыс арнасы арқылы тасымалдаған ақпарат көлемі келесі формуламен анықталады:


Q=q*t

q* арнаның өткізу жылдамдығының қабілеті

t* тасымалдау уақыты

















www.bilimland.kz




















































https://www.youtube.com/watch?v=xrCGHZR_uZ8













Оқулық 27бет, кесте.























Информатика

Оқулық 28 бет















Аяқталуы










Қорытындылау

Сәйкестікті тап!». Қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілген терминдердің арасындағы сәйкестікті табу керек.
Connection - желілік тақша

To connect - желі

Copper cable – байланыс

Wireless - компьютерлік желі

To provide – сымсыз

Fiber optic cable – қамтамасыз ету

To receive - қосу

Net – мыс кабелі

Computer network – желілік коммутатор

Network switch – талшықты оптикалық кабель

Network Card – қабылдау

Бағалау

Рефлексия

«Бағдаршам»




Үйге тапсырма: 1.5 тақырыпты оқу, 29 бет 1-5 тапсырмаларды орындау


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Дарынды оқушы барлық тапсырманы орындайды және дискіге сақтайды.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?






Сабақты бағалау: 2 жұлдыз бір тілек.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын

Сақтау




ТҚЕ-қайталау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу

мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: 2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
1001
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі