400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛІЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІЛЕРДІ МЕКЕМЕГЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
компьютерлік желілерге арналған электронды оқулық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛІЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІЛЕРДІ МЕКЕМЕГЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

Б.К. Турлыбекова1, техн. ғыл. бакалавры,

Г. Напасова1, студент

Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі, Шымкент қ.

Байланыс тел:

Берілген мақалада желі туралы түсінік, желелерді қалай құратыны, компьютерлік желлілер туралы барлық ақпараттар тарау бойынша жалпы қойылымы келтірілген.

Түйін сөздер: копьютерлік желлілер, желінің түрлері, желіні байланыстыратын сымдар, жергілікті желілер.

Компьютерлік желілер біздің өмірімізге елеулі өзгерістерді алып келді десек те болады. Олар 1970-1980 жылдары өзгеріп, дамып жатқанымен бізге қатты әсер етпеді. Дегенмен, 1990 жылдың басында бәріміз елең ететіндей жайт болды. Мүмкін бұл World Wide Web және графикалық Web-броузер­лердің пайда болғаны шығар. Мүмкін, желілік қосылулардың саны белгілі бір шектен асқан болуы керек. Мүмкін, ол сан желілік программалардың санынан артып түскен болар [1]. Бұл жағдай қалай болса да, қазіргі кезде желі туралы барлық адамдар хабардар. Ең бастысы, компьютерлік желілер бізді мол табылыстарға жетелеуде. Осы орайда желілердің жұмысымен қаншалықты таныспыз және желілердің жетістіктері туралы қазақ тіліндегі электрондық оқулықтардың қазіргі жағдайы қалай деген сұрақ ойымызға оралады. Бұл саладағы электрондық оқулықтар өте аз, тіпті жоқ деседе болады. Себебі, ғылыми орталықтардың қазақша шығарған оқулықтарын интернет беттерінен мүлдем кездестіре алмайсың, олар шығаратын оқулықтарға тек тапсырыспен ғана қол жеткізуге болады. Ал интернет беттерінен кездестіруге болатын электрондық оқулықтар сапасы жағынан өте әлсіз, бір сөзбен айтқанда сын көтермейді.

Желілер күннен күнге даму үстінде. Бұның өзі бұл саладағы термин сөздердің көбеюіне әсерін тигізуде. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі қай салада болмасын термин сөздердің нақты және дұрыс аударылымына да байланысты. Осы ретте компьютерлік желілер мен интернет саласында да көптеген терминдер бар. Ол терминдер өз аударылымын дұрыс тапқанымен, қолданылу жағы кемшін түсіп жатқанын жасыра алмаймыз. Бұл атаулар әр жерде әр түрлі аталып жүр және көбінесе аудармасы бола тұра орыс немесе ағылшын тілдерінде қолданылып жүргендігі белгілі. Ал бұл жайт өз кезегінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл міндетін атқару мүмкіндігі, қолданылыстық қалыптардың жарамдылығы жөнінде күмәнді көзқарас пен кереғар пікірлер туғызып отыр. Міне, осындай проблемаларды өзіміз қолдан жасап алып отырғанымыз белгілі. Себебі, қазақша баламасы бар терминдерді көбінесе ағылшын, орыс тілдерінде қолданып жүрміз. Компьютерлік желілер саласында қолданылып жүрген термин сөздер аз емес, сондықтан мен электрондық оқулығыма негіз болған «Есептеу желілерінің негіздері» кітабында қолданылған термин сөздерден және онан да басқа көп қолданылып жүрген атаулардың электрондық сөздігін ұсынып отырмын.

Үш негізгі технологиялар негізінде жасалған. Олар: гипермәтінді белгілеу тілі – HTML, стильдердің сатылы кестелері – CSS және JavaScript динамикалық контентті программалау тілі. Бұл тілдер жай сайттардан бастап, интерактивті документ, презентация, электрондық оқулық, оқу құралдарын жасауға мүмкіндік береді.

Гипермәтіндік құжатта (HTML-құжатта) символдық информация болады. Оның бір бөлігі - мәліметтік мәтін, яғни құжат мазмұнын құрайтын мәтін, ал екіншісі – тәгтер (markup tags) немесе белгілер – құжат фрагмен­ттерін белгілеу үшін және оның экранда бейнеленуін басқаруға арналған HTML тілінің арнайы элементтері, яғни командалары.

Қазіргі WWW-сайттарын безендіруді стильдердің сатылы кестелерінсіз көзге елестету қиын. Стильдердің сатылы кестелері HTML тіліне қосымша мынадай мүмкіндіктер береді:

WWW-парағын безендіруді оның мазмұнынан бөліп тәуелсіз орындау

Стандартты HTML тілі мүмкіндіктерін түбегейлі түрде кеңейту

CSS – Cascading Style Sheets (Стильдердің сатылы кестелері) —гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады [30].

JavaScript – кодтарын HTML-мәтіндеріне енгізе отырып, құжаттарды түрлендіре алатын, көпшілікке арналған тіл.

JavaScript – браузерге түсінікті программалау тілі. Бұлай дегеніміз браузер бұл тілдің командаларын орындай алады дегенді білдіреді.

JavaScript – динамикалық парақтарды құру үшін керек. JavaScript тілінде гипермәтіндер жаңа мүмкіндікке ие болады [2].

Осы технологияларды қолданып, өз электрондық оқулығымды жасау барысында бірнеше электрондық оқулықтарды қарастырдым. Келесі тарауларда осы оқулықтарға кеңірек қарастырамыз.

Қазақ тілінде заман талабына сай электрондық оқулықтарды жоқ десе де болады. Сондықтан да мен «Компьютерлік желілер» пәнінен «Есептеу желілерінің негізі» кітабына сүйене отырып электрондық оқулық жасауды қолға алдым.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: кейінгі жылдары электрондық оқулықтар жасау көп талқыланып, мемлекеттік деңгейдегі қажеттілік тудырып отыр. Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінде барлығы дерлік белсенді түрде ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияларды пайдалануда. Әсіресе алыстан оқыту жүйесі қарқынды даму үстінде, бұл – білім беретін оқу орындарда компьютерлік технология мен желілердің жұмысының нәтижесі. Электрондық оқулық өз бетінше оқу мақсатында қалай қолдонылса, алыстан оқытудың құрылымдық бөлігі ретінде де сол сияқты пайдаланылуда.

Дәріс, семинар түрінде сабақ беру өзінің тиімділігі жағынан артта қалуда, тәжірибе осы түрде өткен сабақ уақытының 50%-ы босқа өтетінін көрсетіп отыр [3]. Шетелдіктердің мол тәжірибесіне сүйене отырып, біз келесі аспектты анықтап отырмыз: мұғалім ақпарат таратушы емес (бізде осылай қолыптасқан), ал консультант, кеңес берушінің рөлінде, тіпті кей кезде студенттің әріптесінің рөлінде болады. Бұндай жағдайдын да өзіндік артықшылығы бар: оқыту барысында студенттер белсенді түрде жұмыс істейді, өз бетінше ойлануға тырысады, өзінің көзқарасын талқылап, шын оқиғаны жобалай алады.

Ережеге сай, электрондық оқулықтар көбінесе алыстан оқыту барысында қолданылады. Менің көзқарасым бойынша бұл электрондық оқулықтың артықшылығы: біріншіден, оның мобильділігі, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуымен қатар, байланыстың қарапайымдылығы, үшіншіден, қазіргі заманға сай ғылыми білім берудің деңгейінің артуы.

Басқа жағынан алып қарасақ, электрондық оқулық материалды кез келген уақытта және еш қиындықсыз жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықта көп мөлшердегі жаттығулар мен тапсырмалар, тексеру жұмыстары, ақпараттың бірнеше түрі қамтылған. Сондай-ақ, ұсынылып отырылған электрондық оқулық бойынша сіз өз біліміңізді тексеріп, тесттермен көбірек жұмыс істеуіңізге мүмкіндік бар.

Зерттеу нысаны: Қазақ тілінде «Компьютерлік желілер» пәніне арналған оқулықтың электронды нұсқасы. Осы саладағы термин сөздер мен терминдік тіркестердің аудармалары және олардың мағыналары.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: қазіргі заман талабына сай қазақ тіліндегі оқулық бойынша «Компьютерлік желілер» пәнінен электрондық оқулық құру. Және осы сала бойынша термин сөздерді анықтап, түсініктерін нақтылап, электронндық сөздік жасау. Ол терминдерді жүйелеп, қазақ тіліндегі аудармасының ғылыми негізін қалыптастыру.

Ғылыми жұмысының жаңалығы: Компьютерлік желілер пәнінен қазақша электрондық оқулық және осы сала бойынша терминдердің үш тілде аударылымын тауып, электрондық сөздік жасау.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Н.В.Максимов. Компьютерные сети.Уч.пособие:-М.: Форум, 2004. -335 с.

  2. Николенко Д. Практические занятия по JavaScript.–СПб.: БХВ-Петер­бург, 2005. -200 с.

  3. Дузбаева Р.М. Формирование готовности студентов к интерактивному обучению. – Алматы, 2002. -173 с.

  4. Есекеев К.Б.,Г.Қ.Нұрғалиеваның редакциясымен. ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компью­терлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал-Алматы,ҰАО АҚ, 2007. -136 б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі