400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютерлік ойындар қалай әзірленеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімдіжоспардыңтарауы: Компьютерлік ойындар қалай әзірленеді?


Күні:


Сынып: 6



Мектеп: Тимирязев қазақ мектеп-интернаты.


Мұғалімнің аты-жөні:Батырхан Қ.С


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ойын ортасы деген не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

6.3.2.1 – есептің шешімін кезеңмен талдау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: есептің шешімін кезеңмен талдау арқылы нысандарды және сахналарды сипаттау.

Көпшілігі: Компьютерде сахналарды құрып, кейіпкерлерді бейнелеу.

Кейбіреуі: Scratch бағдарламасында спрайттарды құрып, іс әрекет жасау.

Бағалау критерийі

Компьютерде сахналарды құрып, кейіпкерлерді бейнелейді. Scratch бағдарламасында спрайттарды құрып, іс әрекет жасайды.

Scratch бағдарламасында мәселелерді шешуде жаңа терминдерді үйренеді және колданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Сахна, кейіпкер, скрипт, сценарий, компьютерлік ойын, кезең, есеп шешімі, спрайт

Диалог құруға жазылымға қажетті сөздер топтамасы...

Скрипт – ойын барысында жүзеге асырылатын .... тізбегі.

Scratch ойын ортасындағы нысандар .... деп аталады.

Ойын ортасына .... енгізу үшін скриптілерді қолдану керек.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Еңбек және шығармашылық,өмір бойы білім алу.

Пəнаралық байланыс

Геометрия- геометриялық денелердің сызбалары.

География- Петропавл қаласының картасы.

Алдыңғы білім

Сахнаны орындаудағы негізгі ережелерді біледі және командаларды қолданып скрипт кұрайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин.


5 мин.









Рандомды дөңгелек арқылы оқушыларды топтарға бөлу.



Алдыңғы білімді тексеру.

Топтар карточка бойынша сұрақтарға жауап береді

«Сұрақ жауап» әдісі.

  1. Ойынның сценарийі деген не? (ойын жүзеге асырылатын ережелер жиынтығы)

  2. Ойынның басты кейіпкерлері, компьютерлік қарсылартар, сыйақылар, декорациялар не болып табылады? (Ойын нысандары)

  3. «Ойынның сценарийін жасау» тақырыбында қандай программада презентация құрдыңдар? (MS PowerPoint)

  4. Ең алғашқы ойындардың бірі SpaceWar қашан және кіммен әзірленді? (1962жылы, Стив Рассел)


Қ алыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

Жасыл түс – толықтай түсінсе;

Сары түс – аздап білсе;

Қызыл түс – түсінбесе көрсетеді.


Ширату жаттығулары.

«Пазл» әдісі.

Топтарға пазл таратылады, оларды сәйкестендіріп, оқушылар жаңа тақырыпқа келуі тиіс (әр топқа пазл жинау қажет, жиналған пазға қарап оқушылар жаңа тақырыпқа келеді, оқушылар уақытта шектеулі, және әр топ кезек кезек өздерінің болжамдарын ұсынады).

Мұғалім қорытындылайды және жаңа тақырыпқа өтеді. Оқушылар өздерінің орындарына отырады. Осылайша жұмыс жұптары құрылады.

https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

интерактивті тақта


























Карточкалар

Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)

Сабақтың ортасы

14 минут






















































































2 мин.




















5 мин.















































5 мин.

Жаңа білім.

А деңгейі.

«Ойлан, бірік, бөліс!» әдіс.

Мақсаты: Оқушылар ойланып, ойына келген идеяларды және жауаптарды жазады. Сынаптастарымен бірге жауаптары мен идеяларын айтады. Мұғалім оқушылардың жауапары мен идеяларын талқылайды.

Саралау тәсілі: дереккөздер, қарқын, диалог және қолдау.

Бағалау критерийі: Scratch бағдарламасында сахна жасап, спрайттың қозғалысын жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану,

Тапсырма.

Әр жұпқа инстуктивті карта таратылады, өз бағдарламасын Scratch-те жасау және сахнаға кез келген Петропавл қаласының көрікті жерлерін кірістіру қажет.

Компьютерде практикалық жұмыс.

Оқушылар спрайт бағдарламасында Петропавл қаласынан картасын және көрікті жерлерін сахнаға салып, олар уақытпен ауысуын жасайды.

Оқушылар бағдарламада жасыл жалауша басылған кезде спрайт тінтіурдің артынан жүретінін жасайды.

Дескриптор:

- Scratch бағдарламасын іске қосты;

- Scratch бағдарламасында алгоритмді дұрыс құрды;

- Scratch бағдарламасына сахна орнатты;

- Спрайттың сахна бетінде қозғалысын алды.

Қалыптастырушы бағалау: «Ара ұясы»

Мақсаты: Оқушылар жұпта бір біріне сұрақтарды қояды және мұғалімнің берген мәліметті қорытындылап, өңдейді.


Сергіту сәті «Смешариктер»

Мақсаты: Оқушыларға бейне материал көрсетіп балаларды билетіп, денелерін шынықтыру.



В деңгейі.

«Жұппен жұмыс» әдіс.

Мақсаты: балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді.

Саралау тәсілі: қарқын, тапсырма, дереккөздер.

Бағалау критерийі: Scratch бағдарламасында спрайттың қозғалысын циклға еңгізіп жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану.

Тапсырма.

Спрайт бойынша сахна бойымен жүріп, костюмді ауыстыруды жасау.

Дескриптор:

- спрайттың костюмін ауыстырады;

- сахна бойымен жүруін істейді;

-қозғалысын циклға енгізіп, уақытты қояды.

Қалыптастырушы бағалау: «Графикалық органайзерлер»

Мақсаты: оқушылардың графикалық органайзерлерді қолданып өзін-өздерін бағалайды.



С деңгейі.

«Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдіс.

Мақсаты: Оқушылар өз ойларын жинақтайды және өз көршімен болжамды жауапты талқылайды.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету, бағалау, қорытынды.

Бағалау критерийі: бағдарламада спрайттың қозғалысын және айтатын сөздерін батырмалар арқылы жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану, жинақтау.

Тапсырма.

Scratch бағдарламасында спрайт батырмалар арқылы сахна бойымен қозғалысын және сөздерді айту алгоритмін жасау

Дескриптор:

- спрайт сахна бойымен батырмалар арқылы жүреді;

- спрайт сөздерді айтады;

- алгоритмнің дұрыс жасалғандығы.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ жоғары/төмен» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар өз-өздерін бас бармақты жоғары, не төмен көтеру арқылы бағалайды. Материалды игеру деңгейін бағалау арқылы айқындайды.

Ноутбукар, инструктивтік карталар.

Инструктивтік карталарда тапсырмалар жазылады.


Scratch бағдарламасында анимация құру








































Интерактивті тақта




























https://www.youtube.com/watch?v=lNKXdSht22U


Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды.

Kahoot.com сайты арқылы жаңа материалды меңгеруін тексеру

Үйге тапсырма.

Scratch бағдарламасында жаңа үлгіні құруға идея ойлап құру.

https://kahoot.com


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар тапсырмаларын қалай жасады, уақытта үлгергенін және қандай нәтижеге жеткендігі.

Қарқын – кейбір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдамырақ тапсырма орындайды.

Бағалау – оқушылар бағаланып, өздерінің деңгеін біледі.

Қорытынды – оқушыларға нұсқау берем және олардың әлсіз және мықты тұстарын анықтаймын.

Диалог және қолдау көрсету – оқушы тапсырманы орындаған кезде, олармен диалог жасап, қолдау көрсету.

Тапсырма – оқушылардың деңгейін ескеріп, оларға карточкаларды қолдануға беру.

Дереккөздер – оқушылар дереккөздерді қолданады.


Оқушылар тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін анықтау үшін, келесі қалыптастырушы бағалаудың түрлерін қолдануды жоспарлаймын.

ҚБ: «Ара ұясы»

Мақсаты: Оқушылар жұпта бір біріне сұрақтарды қояды және мұғалімнің берген мәліметті қорытындылап, өңдеу.

ҚБ: «Графикалық органайзерлер»

Мақсаты: оқушылар графикалық органайзерлерді қолданып өзін-өздерін бағалау.

ҚБ: «INSERT»

Мақсаты: оқушылар не білетінін, оларға не жаңалық болды, нені білмеді және нені білгілерін келетінін түсіну.

Қауіпсіздік техникасын ескеріп, балалармен сергіту сәтінде денелерін шынықтыру.


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі