Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Компьютерлік ойындардың зияндылығы
Сен ұстаздың шамшырағысың!
Сен барда бәріміз көңілдіміз!
Сен елдің болашағысың!
Сен ерекше жансың!
Сен ерекше жансың!
Сен керемет жансың!
Сен ерекше жансың!
Сенің күлкің керемет!
Сенің қолыңнан бәрі келеді!
Сен мықты жансың!
Сен бізге ауадай қажетсің!
Сен сұлусың! Саған тәнтіміз!
Сен мықтысың! Саған сенеміз!
БЕКІТЕМІН
Директордың тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары Г.Жаңылова
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Күні: 26.11.2024 ж
Курс: І курс
Тобы: №24-1
Тәрбие сағатының тақырыбы: Компьютерлік ойындардың зияндылығы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Компьютерге байланысты студенттердің білімдерін нығайту, тиянақтау, компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің компьютердің зияны мен пайдасы туралы толық ой қалыптастыру, студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, мамандықтарына қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттер өз ойларын тиянақты айта білуге, бір-бірін тыңдай білуге, компьютедің зиян және жақсы жақтарын ажырата білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Проектор, плакаттар, слайд, видеоролик, шарларда жасырылған сұрақтар, буклет.
БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттердің тәрбие сағатына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Сәлем, Әлем!» тренингін өткіземіз. Студенттер ортаға шығып шеңбер құрайды. 4 ел бойынша әрбір елдің өздеріне тән сәлемдесулері бойынша бір-бірлерімен сәлемдеседі. «Европалықтар» қолдарын алып қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.
«Сенен білгім келеді» психологиялық ойыны.
ІІ. Негізгі бөлім
Компьютерлік ойындардың зияндылығы адамның мінез-құлқына, көру қабілетіне, дене қызметінің және оның жағдайына әсер етеді.
Компьютерлік ойынға әуес адамның қан қысымын көтеруі мүмкін, бұл миопия (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабилетінің төмендеуі) туындауы мүмкіндігіне және құлақтың есту қабілетін төмендетуіне әкеледі. Сонымен қатар, компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу омыртқа буынының қисаюына және омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.
Құмар ойынның әсері
Лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойын әуестігі, құмар ойыншы – мұның барлығы әлем бойынша жайылып келе жатқан дерт атауы. Осындай аса қатерлі дертті естуіңіз бар ма?
Құмар ойынға тәуелділік тәніңізді ауыртып, жаныңыз жапа шекпесе де, санаңызды улап, айрандай ұйып отырған отбасыны тас-талқан етуге құдіреті жетеді. Мейлі, отбасылы болмаса да, "бойдақпын" деп алшаң басқанның да тұмсығын тасқа тигізген.
Игромания – ол құмар ойынға деген тәуелдік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқуға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызып, дабыл қаққан-ды. Ол ресми түрде психикалық ауытқу ретінде танылған, алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар.
Десе де спорттық бәсекеге бәс тігіп, рулетка, карта ойнап, лотерея билетін сатып алатын әрбір адам лудоман болып саналмайды. Бірақ кез келген сәтте тоқтауды ұмытып, соңы дертке ұласуы мүмкін. Соған қарамастан, тәуліктеп букмекерлік кеңселерді торуылдаған жастарғатосқауыл боларлық күштің жоқтығы қынжылтады. Тіпті технологияның дамуымен казиноға бару немесе ойын автоматтарын іздеуге деген сұраныс жоқ. Өйткені қазір телефон арқылы да лудомания атты тұзақтан шыға алмай жүр.
Желіден керегіңді іздеп, тіпті, кино көрейін десең де, "Интернет арқылы бәс", "Интернет казино" деген жарнама алдыңнан атып шығады. Көрмейін десең, фильмің қосылмайды. Телефон немесе интернетке кіретін трафик болмаса да, түнімен істейтін букмекерлік орталықтар бар. Бұл бәлекеттен алыс адамдарға лудомания болмашы дүние болып көрінуі мүмкін. Десе де ойындарға құмарлықтан шаңырақ та шайқалып жатыр. Саны күннен күнге көбеймесе, азаяр емес.
Лудоман деген кім?-көп жағдайда лудомания дертіне ер адамдар шалдығады екен. Тәуелділікті екі санатқа бөлуге болады:
1. Химиялық тәуелділік. Оған алкоголизм мен наркомания жатады.
2. Іс-қимыл тәуелділігі. Олардың қатарына игромания, лудомания, гэмблинг жатады.
"Оңай жолмен ақша табуға дәндеп алдым десем болады. Қатты ақша қажет болған жағдайда ойын автоматтарына баратынмын. Жолым болып, салған 500-1000 теңгем 5000 болып қайтатын. Кейін телефон арқылы спорттық жарыстарға ақша тіге бастадым. Футбол, теннис, волейбол. Осылай жалғаса береді", – дейді құмар ойынның құрдымы болған жан.
Адам қалай лудоман болады?!
Мамандардың айтуынша, лудомания дертіне шалдығу бірнеше факторға байланысты:
-
биологиялық;
-
психологиялық;
-
әлеуметтік;
-
рухани.
Егер отбасында әкесі немесе атасы ойыншылар қатарынан болса және отбасы мүшесі баласы да тәуелді бола ма деп алаңдайды. Ондай жағдайда былай айту керек: тұқым қуалаушылық – тек фактор, бірақ себеп емес. Мысалы, тұмаумен адамдар күзде және қыста ауырады, бірақ қыс та, күз де себеп емес, олар тек фактор болып табылады.
Сондықтан тұқым қуалаушылық та осы сияқты. Сіз ауыруыңыз да, ауырмауыңыз да мүмкін.
Психолог лудоман адаммен өзін қалай ұстау керегін айтты.
Бірінші қадам – ойыншыны осы тәуелділіктен емделуге ынталандыру үшін оңалту орталығының мамандарымен кеңесу. Адамды өз ауруынан, яғни құмар ойындарынан ажырату керек. Басқаша айтқанда: мен сені жақсы көремін, бірақ ауруыңды жақсы көрмеймін деп айту қажет. Бұл қатты махаббат деп аталады.
Ақшаны қарызға алмаңыз, құнды заттарды жасырыңыз. Әйтпесе сіз ауру адамға жағдай жасайсыз.
Ойыңызды сыртқа шығарыңыз. Өз күдігіңіз бен уайымыңыз туралы айтыңыз.
Мамандардың пікірінше, тәуелділіктен өздігінен құтылу мүмкін емес. Жақыныңыздың лудоман екенін келесі жеке қасиеттеріне қарап анықтауға болады:
-
жоғары "әлеуметтік батылдық" - тәуекелге бейімділік, дезинфекция, мінез-құлықтың қалыпты емес стилі;
-
"сезімдерге бейімділік" - тұрақсыздыққа бейімділік, жағдай әсеріне ұшырау, мінез-құлық пен тұлғааралық қарым-қатынастардағы жалпы қабылданған нормалар мен тыйымдардың сақталуын төмендету;
-
"экспрессивтілік" - ойлаудың эмоционалды бағыты, сәттілікке стихиялық сенім;
-
"шиеленіс" - ұмтылыстардың белсенді қанағаттанбауы;
-
"өзін-өзі бақылаудың тұрақсыздығы" - өзі туралы идеялардың қақтығысы;
-
өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі (жасына қарамастан).
Емі бар ма?!
Құмар ойыншы өзіне, айналасындағыларға ғана емес, мүлде бейтаныс жандарға да кесірін тигізеді. Көңіл-күйінің тез құбылмалылығы мен өзін-өзі ұстай алмауынан кез келгенге қол көтеріп, дөрекі сөйлеп, жеңілісінің өшін алуы мүмкін. Кейде ішімдікпен басып жатады.
Адамға "Игромания" диагнозын қою үшін бірнеше белгілері сәйкес келуі керек екен. Бұл туралы психолог Алтын Науқанова баяндады. Оның айтуынша, қанағаттанбаушылық, жалғыздық, жұмыс істемей байып кету және психикалық дертке жақындығы бар адамдар "лудоман" қатарын толтыруы бек мүмкін.
"Адам құмар ойынға тәуелді болар алдында бірнеше кезеңнен өтеді. Бастапқы кезең – жеңіс фазасы. Бұл кезде бірнеше рет асығы алшысынан түсіп, оңай олжалы болу деген ой санасын жаулап алады. Жеңіс фазасында бәс құны аз болғанымен, ойынға жұмсайтын ақша мен уақыт жылдам өсе бастайды. Бұл жеңіліс фазасына әкеліп соғады. Онда лудоман қарызға, кредитке ақша алады. Ақыр соңында белшесінен қарызға батып, жұмысынан да айырылады.
Мұның барлығы көңілсіздік фазасына келіп тіреліп, туған-туыстармен қарым-қатынасы нашарлап, отбасынан айырылады. Ойынға құмарлығы тоқтамаса, қылмыстық жолмен қаражат табу схемасы ойластырыла бастайды. Дер кезінде ем-дом шараларын бастамаса, дерт соңғы кезеңге жетеді. Яғни, шарасыздық фазасында науқас алкологизм, наркомания дертін қосып қана қоймай, қамаққа алынып, өз-өзіне қол жұмсайтындай халге жетеді", – дейді психолог Алтын Науқанова.
Оның айтуынша, лудоманияны емдеудің негізгі тәсілі – психотерапиялық методика. Науқастың емделіп шығамын деген ұмтылысы мен келісімі аса маңызды. Емдеу кезеңі қиын әрі көп уақытты талап етеді. Бойынан бірінші фазаның белгілерін байқаған адамға көмек пен қолдау қажет. Өйткені, білікті психолог пен психотерпевтке жолығып, топтық психотерапияға сеанстарына барған уақытта ғана нәтижеге қол жеткізеді екен.
Студенттерге шарлар беріледі. Әр шарда ситуациялық сұрақтар жазылған
1.Сіздің жолдасыңыз интернеттегі құмар ойындарына кіріп кетті, сіздің іс – әрекетіңіз қандай болады?
2.Сіздің досыңыз компьютерлік ойындарды ойнаған кезде жеңіліске ұшыраған жағдайда, ашулы, ызалы күйге түседі. Сіз қалай көмектесер едіңіз?
3.Сіз ойын ойнағанда немесе ойнап жатқан адамның ойынында адамды азаптау, өлтіру көріністерін көрген кездегі сіздің сезіміңіз қандай болады?
4.Өзіңізді атаана ретінде сезініңіз. Сіз несиеге қымбат компьютер сатып алдыңыз. Балаңыз компьютерді байқама сындырып алды. Қандай жаза қолданар едіңіз?
Рахмет, барлықтарыңызға. Осы ситуациялар әрине өмірлеріңізде кездеспесін, кездескен жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады деп ойлаймын.
ІІІ. Қорытынды
ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделекті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы мектептің ролі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған мәселелерді дұрыс шешкенде ғана компьютер сияқты қуатты құрал көмегімен студенттердің білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп және колледж.
P.S: Ата-бабамыз "Ойынға ойсыз құмар" деп дөп басып айтқан. Бабалар тарихына үңілсек, құмар ойнау деген ұғым қазақ танымында болған емес. Дінімізде де бәс тігуді құп көрмейді. Қазақ тілсіз жау деп өрт пен суды атаса, бүгінгі қоғам бейнесіне қарап, өз тұжырымымызда үшінші жау ретінде "Лудомания" дертін де қосуға болады. Бұл дерттің өрттен несі кем? Үнсіз келіп адами құндылықты өрттей жалмап, талай жастың ғұмырын жалындай шарпиды.
Топ кураторы: А. Ильясова
Топ шебері: Т. Смағұлов
Адамгершілігің мол жансың!
Сенің күлкің ерекше!

