400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютерлік ойынды құру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тимирязев қазақ мектеп-интернаты

Компьютерлік ойынды құру.


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батырхан Қ.С


Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Ойындарды қалай құруға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

6.3.1.1-ойын ортасындағы программалау көріністерін өңдеу және іске асыру.

6.3.3.1-ойын ортасындағы программалау процедурасын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: ойын ортасындағы программалау көріністерін өңдеу және процедурасын қолдану.

Көпшілігі: ойын ортасындағы программалау процедурасы арқылы сценарийін жасау.

Кейбіреуі: ойын ортасындағы программалауда сценарийді жүзеге асыру.

Бағалау критерийі

Ойын ортасында программалау процедурсын пайдаланып сценарийді құрады

Ойын ортасында программалау көріністерді көрсетеді.

Ойын ортасында программалау сценарийлерді пайдаланады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ойын ортасындағы программалау көріністері мен процедураларын іске асырады.

Пәндік лексика және терминология:

Көрініс, кейіпкер, процедура, сюжет, идея, сценарий, скрипт.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

Ойындарда..........пен.............болады.

Ойын ортасында программалау..................қолданады. .............бұл нақты, әрі көрнекі бейнеге негізделген ой. .............кинофильмнің, компьютерлік ойынның құрамдас бөліктері ретінде.

............ойын барысында жүзеге асырылатын командалар тізбегі.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу

Пəнаралық байланыс

Ағылшын тілі - терминдермен жұмыс, сөздікпен жұмыс.

Алдыңғы білім

Ойын әзірлеу барысында компонеттерді қолдана алады.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.




Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Түгендеу.

Ширату жаттығулары.

«Шеңберге тұру» әдісі.

Мақсаты: сабақ тақырыбына байланысты оқушыларды ынталандыру және назарын сабаққа аудару үшін қолданылатын әдіс.

Шеңберде айнала жүріп табиғат құбылыстарына байланысты сөздерге қимыл жасайды.

Алдыңғы білімді тексеру.

«Қайталау сұрақтары» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру, терең ойлау қабілетін дамыту.

Оқушылар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар тізімі дайындалады. Ең жақсы тізімге байқау өтіп, қайталау сабағы сол бойынша жүргізіледі.

Сұрақтар тізімі:

- Ойын әзірлеу барысында қандай компонеттерді қолданады?

- Компонеттерді қолдану мақсаты неде?

- Компонеттер дегеніміз не?

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар өткен сабақ бойынша өзара бағалау арқылы білімдерін бағалайды.
















Сабақтың ортасы

28 мин.

Жаңа білім

«Ой қозғау» әдiсi.

Мақсаты: Оқушылардың тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағытталған, қызығушылықты ояту.

Саралау әдісі: қарқын, диалог және қолдау көрсету.

Бағалау критерийі:

Ойын ортасында скриптілерді пайдаланып сценарийді құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі: Түсіну. қолдану.

Тапсырма 1.

(Ж) Scratch программалау ортасында келесі тапсырманы орында.

1. Сахнаға спрайтты орналастырыңыз.

2. Спрайт әрқашан 5 қадам алға жүреді, егер шетке жетіп қалса, кейін қайтады.

Берілген әрекеттер орындалу үшін басқару және қозғалыс блогынан керекті скриптілерді таңдайды.

Дескриптор:

-сахнада спрайтты орналастырды

-скриптілерді қолдану арқылы спрайтты жылжытты

Қалыптастырушы бағалау:

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.

Мақсаты: оқушылар жасаған жобаларын көршілеріне көрсетеді. Тапсырмаларды орындау барысында қолданылған блоктардағы скриптілермен бөліседі.

«Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі.

Мақсаты: оқушылар тапсырмаларды қалай жасайтындығы жөнінде ойланады. бір-бірімен жұпта бірігіп орындайды, орындап болғаннан бір-бірімен бөліседі.

Саралау әдісі: қарқын, қортынды, бағалау.

Бағалау критерийі: Ойын ортасында программалау сценарийлерді пайдаланады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: қолдану, жинақтау.

Сергіту сәті.

«Севен-ап» ойыны.

Мақсаты: Оқушыларды сабақта демалдыру, ынтасын арттыру, шаршағандарын басу.

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Севен-ап» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

Тапсырма 2.

(Ж) Ойын программалау ортасында спрайттың костюмін ауыстыру, фондық сурет қосу, спрайтқа дыбыс қосу.

1. Сахнаға фондық суретті орнатыңыз.

2. Спрайттың костюмін ауыстырыңыз.

3. Спрайтқа дыбыс қосу үшін Дыбыс бөлімінен керекті дыбысты таңдайсыз.

4. Спарйт үшін келесі скриптілерді орнатыңыз.

Дескриптор:

  • Сахнаға фондық сурет орнатады.

  • Спрайттың костюмін ауыстырады

  • Спрайтқа дыбыс қосады.

  • Спрайтқа скриптірлерді орналастырады.

Қалыптастырушы бағалау:

«Идея туралы ойлар» әдісі.

Мақсаты: оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, басқа оқушылардың бұл тапсырманы қалай істеуге болатындығы туралы ойларын сұрайды.





Үлестірме материалдар






































Үлестірме материалдар


























Сабақтың соңы

5 мин.

Қорытынды.

«5-5-1» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын, ынтасын дамытып, сабаққа деген уәжін өсіру.

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Үйге тапсырма: LearningApps.org тапсырма орындап келу.

https://learningapps.org/

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Мен сабақ барысында «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісін пайдаланамын себебі балалар бұл әдіс арқылы берген тапсырманы ойланып, бірігіп жұмыс жасайды жәнеде тапсырма соңында бір-бірімен ойларын бөліседі. Баланың сабаққа деген уәжі артып, сабаққа белсене ат салысады. Оқушылар сабақ барысында тапсырма орындау арқылы қарқындылығы артады. Бір-бірімен диолгқа түсіп, тапсырма барысында көмек көрсетеді.

«Бас бармақ» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар өткен сабақ бойынша өзара бағалау арқылы білімдерін бағалайды.

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.

Мақсаты: оқушылар жасаған жобаларын көршілеріне көрсетеді. Тапсырмаларды орындау барысында қолданылған блоктардағы скриптілермен бөліседі.

«Идея туралы ойлар» әдісі.

Мақсаты: оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, басқа оқушылардың бұл тапсырманы қалай істеуге болатындығы туралы ойларын сұрайды.

Бұл әдіс тәсілдер арқылы балалардың қызығушылығын арттырып, назарын сабаққа аудару. Сабақ барысында осы тақырып бойынша оқушылардың ойын қалыптастырып барынша мол мағлұмат беру.




«Севен-ап» ойыны.

Мақсаты: Оқушыларды сабақта демалдыру, ынтасын арттыру, шаршағандарын басу. Сабақта оқушыларды қадағалау және назардан тыс қалдырмау. Сабақ барыснда оқушыларға көз және дене жаттығуларын жасатып, сабаққа деген уәжін арттыру. Қауіпсіздік техникасы ережесін сабақ басталмай түсідіріп, оқушыларға ақпарат беру.



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі