400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютерлік ойынды құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тимирязев қазақ мектеп-интернаты

6.3. Компьютерлік ойынды құру


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батырхан Қ.С

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ойынды әзірлеу барысында қандай компоненттер қолданылады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

6.3.3.1- ойын ортасындағы программалау процедурасын қолдану.

6.3.1.1- ойын ортасындағы программалау көріністерін өндеу және іске асыру.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: ойын ортасындағы программалау компонеттерін қолдану және өндеу.

Көпшілігі: Scratch бағдарламасында ойынды дыбыстық әсерлермен сүйемелдеу.

Кейбіреуі: Scratch бағдарламасында ойынды кітапханамен іске асыру.

Бағалау критерийі

Ойын ортасындағы программалау процедурасын қолданады.

Ойын ортасындағы программалау көріністерін өндейді және іске асырады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Скрипт, сахна, дыбыстық сүйемелдеу, дыбыстық әсер, дыбыстау, кітапхана, жүктеу,

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

Мына скриптілер ... үшін қолданылды, ... батырмасын қолданады, жаңа спрайт үшін ... тандайды, ... дыбысты енгізуді ... бастау керек, ... жұмысты жеңілдедуге мүмкіндік жасайды, Scratch-та жобаға жаңа дыбыс енгізүдің ... мүмкіндігі бар, дыбысты ... таңдау, дыбысты ... енгізу.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Еңбек және шығармашылық,өмір бойы білім алу.

Пəнаралық байланыс

Музыка- әуен қолдануға байланысты.

Алдыңғы білім

Есептін шешімін кезеңмен талдауды біледі және алгоритмді блок-схема түрінде ұсына алады.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы







12 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Түгендеу.

Шаттық шеңбер әдісі. Оқушылар бір-бірімен жылы лебіздермен алмасады.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл –күйін көтеру, ынтымақтастық атмосферасын орнату.


Алдыңғы білімді тексеру.

«Атаулар (терминдер) кестесі» әдісі.

Мақсаты: Алдыңғы білімді нығайту үшін оқушылардың ынтасын арттыру

Тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып, оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:

Алгоритм

Блок-сызба

Scratch Up

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері


Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін жұп ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.


Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Мақсаты: кері байланыс арқылы оқушының материалды игеру деңгейін анықтау.









Тақта, парақтар























Сабақтың ортасы







25 мин

Жаңа білім.

Тапсырма 1.

«Құпия зат» әдісі

Мақсаты: сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу.

Саралау әдісі: қарқын, диалог және қолдау көрсету, бағалау

Бағалау критерийі: Ойын ортасында дыбыс эффектілерді косуды және өндеуді үйренеді


Ойлау дағдыларының денгейлері: білу, түсіну.

Тапсырма.

Әуен ырғағымен билеп турған адамның анимациясын жасаңыз.

1. Scratch бағдарламасын іске қосу.

2.Спрайт 1-ді жобадан алып тастау, оның керегі жоқ.

3.Рeople бумасынан breakdancer-1 атты спрайтты жобаға қосу.

4. Жана спрайт үшін breakdancer-2, breakdancer-3, breakdancer-4 жаңа үш киімін қосу.

5. Сахнаны белсенді етіңіздер, дыбыстар парағына өту. Импорт батырмасын қолданып, Music Loops бумасынан DrumSet1 жаңа дыбыс қосу.

6. Дәл сондай тәсілменен жобаға DrumSet2 дыбысын қосамыз.

7. Спрайт 1 белсенді етіп, ол үшін келесі скрипт құрыңыз.

8.Сахнаны белсенді етіп, келесі скрипт жасаңыз.

9. Жобаны көрсетілім режіміне ауыстыру.

10.Жобаны іске қосу үшін жасыл жалаушаны басыңыз. Жобаның дұрыс жұмыс істеуіне көз жеткізіңіз.

Дескриптор:

- Ойын ортасындағы программалау компонеттерін қолданады

- Ойынды дыбыстық әсерлермен сүйемелдейді

- Scratch бағдарламасында кітапханамен қолдана алады

Қалыптастырушы бағалау: Температураны өлшеу әдісі.

Мақсаты: Мұғалім білім алушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады.

Ол үшін мұғалім білім алушыларды тоқтатып, сұрақ қояды:

-Біз не істеп жатырмыз?

Білім алушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы,

оны орындау үдерісі туралы ақпаратты ұсынады


Сергітү сәт «Арқаға массаж жасау» ойыны

Мақсаты: Оқушыларды сергіту, демалдыру.


Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.


Тапсырма 2.

«Ой шақыру» әдісі.

Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ынтасын арттыру.

Саралау тәсілі: Диалог және қолдау көрсету, тапсырма, қарқын, бағалау

Бағалау критерийі: Ойын ортасында әр-түрлі мүмкіндіктерді қолданып дыбыс эффектілерді қосуды үйрену.

Ойлау дағдыларының денгейлері: қолдану, талдау, бағалау.

Тапсырма.

Әуен ырғағымен дене шынықтыру жаттығуларын орындап жатқан қыз баланың анимациясын жасау

Дескриптор

- Scratch бағдарламасында алгоритмді дұрыс құра алады

- Scratch бағдарламасында жаңа сахна орнатады

- Ойын ортасында әр-түрлі мүмкіндіктерді қолданып дыбыс эффектілерді қосады

- Спрайттың сахна бетінде қозғалысын әуенмен сүйемелдейді

Қалыптастырушы бағалау: «Жетістік баспалдағы» әдісі

Мақсаты: Оқушылар өздерінің баспалдақтың қай тұсында тұрғанын өзін өзі бағалау арқылы белгілейді.



Scratch Up ойын ортасы









Косымша №1

































































































































Scratch Up ойын ортасы












Ватман, стикер


Сабақтың соңы







3 мин

Қорытындылау.

Тапсырма 3

«Ашық микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

Мысалы: -Ойынға дыбысты енгізуді неден бастау керек? – Алдымен жоспар құрып алу керек. Жоспар жұмысты жеңілдедуге мүмкіндік жасайды.- Scratch-та жобаға жаңа дыбыс енгізүдің қандай мүмкіндігі бар? –Дыбысты кітапханадан таңдау, жаңа дыбыс жазу, дыбысты файлдан енгізу.

Мақсаты: оқушылар бүгінгі тақырыпты қаншалықты менгергенің анықтайды

Саралау тәсілі: Диалог және қолдау көрсету, тапсырма, қарқын, бағалау

Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының денгейлері: жинақтау, бағалау.


Рефлексия. СМС әдісі

Қағаздан жасалған үялы телефонға оқушылар сабақтың қалай өйткенін және қаншалықты жемісті болғаның мұғалімге СМС арқылы жібереді.



Үй жұмысы

Тест тапсырмасын орындау

















Косымша №2

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Диалог және қолдау көрсету, тапсырма, қарқын, бағалау тәсілдерін қолдандым.

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі тапсырмалар жасалды.

Қарқын тәсілін тапсырмаларды орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады және

негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушылар үшін.

Қолдауды қажет ететің оқушыға тапсырманы орындау

барысында жан-жақты әрі

нақты көмек жоспарланады.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Мақсаты: кері байланыс арқылы оқушының материалды игеру деңгейін анықтау.

Қалыптастырушы бағалау: «Температураны өлшеу» әдісі.

Мақсаты: Мұғалім білім алушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады.

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Мақсаты: Оқушылар өздерінің баспалдақтың қай тұсында тұрғанын өзін өзі бағалау арқылы белгілейді.

«Ашық микрофон» әдісі

Мақсаты: оқушылар бүгінгі тақырыпты қаншалықты менгергенің анықтайды

Оқу қызметінің өнімдерін жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ ортасында оқушыларды сергіту, демалдыру мақсатында сергіту сәті орындалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?







«Жетістік баспалдағы»


«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.











«Кері байланыс бутерброды»

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

«Кубизм»

Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:

  1. Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).

  2. Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).

  3. Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).

  4. Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).

  5. Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).

  6. Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)

Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды,тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы тыңдалады.

Жазған мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортақ жауап дайындайды және презентацияға дайындық жасайды. Жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау.


«Ашық микрофон» әдісіСаймон Браунхилл бойынша

Мақсаты: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі