жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Компьютерлік техниканың даму үрдісі. 6 сынып
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тексерілді: ________________
Күні: «_____» ______________ 2017 жыл оқу ісі жөніндегі орынбасар
Сыныбы: 6
Пәні: информатика
Пән мұғалімі: Нұржанов Еркін
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға компьютерлік техниканың даму үрдісі туралы түсінік беру, дербес компьютер сәулетінің заманауи даму бағыттарымен таныстыру, компьютерлік техниканың құрылымын ажырата білу біліктілігін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын және пәнге қызығушылығын арттыру, компьютерлік техниканың құрылымын ажырата білу әдістерін меңгерту.
Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, еңбекқор-лыққа, компьютерді сауатты қолдануға, ұқыпты пайдалануға, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке
Пайдаланылатын пед.технологиялар, әдіс тәсілдер: ақпараттық – коммуникативтік технология, практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Пайдаланатын құрал жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, сызбалар, суреттер, дербес компьютер
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, технология, биология, бейнелеу.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
-
Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов
«Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық» Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2014 жыл.
-
«Информатика 8 сынып» электронды оқулығы
-
Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева, Н. Н. Завертунова
«Информатика. Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал» Алматы: «Мектеп» баспасы, 2012 ж. – 160 б.: сур.
-
Н. Т. Ермеков, С. П. Давиденко, С. Б. Пилипенко, В. Ю. Викс
«Информатика. Практикум. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқу құралы» Алматы: «Мектеп» баспасы, 2004 ж. – 112 б.: сур.
-
Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева
«Информатика. Жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқу құралы» Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008 ж. – 56 б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу;
ә) оқушыларды түгелдеу, оқушылардың оқу құралдарын қадағалау;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) оқушылардан үй жұмысын сұрау және талдау;
ә) өтілген тақырыпты пысықтау және қорыту;
б) оқушылардың білімін есепке алу және бағалау.
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Бұған дейін сендер ақпараттың қандай құрылғылардың көмегімен өңделетінін білдіңдер. Енді компьютердің қандай компоненттерден тұратынын және олардың бір-бірімен қалай өзара әрекет жасайтынын толығырақ қарастырайық.
Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолда-ныста болуы мүмкін. Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады (15-сурет)

? Компьютердің негізгі блоктарын атаңдар. Аппараттық құралдардың құрамына кіретін (жүйелі блокта орналасқан) қандай құрылғыларды білесің? Кез келген құрылғының жұмысын қандай программа басқарады?
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру: §7. ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары.
Программалар мен аппараттық жабдықтамалар бір-бірімен тығыз байланысты.
Аппарттық бөліктер (компоненттер) арасындағы байланыс принциптері компьютердің сәулетімен (архитектурасымен) анықталады.
Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.
Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды.
Сәулеті стандарттық емес компьютерлер де бар, бірақ олар көбіне басқа құрылғылардың құрамында қолданылады. Мысалы, самолеттердің борттық компьютерлері мен тұрмыстық техниканы басқару жүйе-лері.
Өндіруші стандарттардың барлығына қосыла бермейді. Егер стандарттың иесі оған жол берсе, ол стандарт ашық стандарт деп аталады. Ашық стандарттың көрнекі мысалы - IВМ PС платформасындағы компьютерлердің заманауи сәулеті. Жабық стандарттың (стандартты пайдалану құқы бірегей болып қалатын) айқын мысалы – Apple ДК сәулеті.
Компьютерлердің
көпшілігі Джон фон Нейманның (16-сурет) сәулетіне негізделген және
құрастыру-дың модульдік (ашық сәулет) принципін
пайдаланады.
Джон фон Нейманның принципі
1946 жылы үш ғалым – Артур Беркс, Герман Голдстайн және Джон фон Нейман – «Электрондық есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын ала қарастыру» атты мақала жариялады. Мақалада ЭЕМ-де деректерді бейнелеу үшін екілік санақ жүйесін пайдалану негізделді, программа мен деректер үшін ортақ жадты қолдану идеясы ұсынылды. Джон фон Нейманның аты сол кездегі ғылым кеңістігінде кеңінен танымал болатын. Сондықтан, онымен бірігіп жазған авторлар екінші қатарға ығыстырылып, бұл идеялар «фон Нейманның принцип-тері» деген атауға ие болды.
• Екілік принципі- деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.
• Программалық басқару принципі –программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.
• Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады.
• Жадтың мекенжай принципі – жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.
• Тізбектер программалық басқару принципі – барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.
•
Шартты көшу принципі
– программаның
бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада
бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне
сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы
мүмкін.
Дербес компьютердің (ДК) сәулеті – процессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі ведиожүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы (17-сурет).
Сендер процессордың негізгі қызметі – ақпаратты өңдеу екенін жақсы білесіңдер. Процессор тікелей тек жедел жадымен байланыса алады.
Дербес компьютердің электрондық компо-ненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол 3 түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Адрестік шинаның көмегімен процессор байланыстырылатын жады ұяшықтарын таңдайды. Басқару шинасы бойымен жедел жадтан процессорға бұйрықтар, ал деректер шинасы арқылы деректер жеткізіледі. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы. Мысалы, Pentium процессорларының адрестік шинасы – 32 –разрядтық, яғни процессор 232 (4 млрд-тан аса) жады ұяшықтарын ажыратуға қабілетті.
Дербес компьютерге процессор мен жедел жадтан басқа деректерді енгізу, басып шығару және ұзақ уақытта сақтау үшін қажетті тағы да көптеген құрылғылар керек. Олармен процессор микроқабылдаушы арқылы байланысады. Құрылғы өзінің бақылаушысымен байланысады, ал одан кейін бақылаушы процессормен қатынас жасайды.
Микробақылаушылардың өзара байланысу тәртібі компьютердің сәулетімен анықталады. ІВМ РС компьютерлерінің сәулеті шиналық болып саналады.
Шиналық сәулетте:
• әрбір құрылғы өз шинасына жалғанады;
• әрбір шина өз бақылаушысына қосылады;
• әрбір бақылаушы өзінен жоғары деңгейдегі шинаға қосылады.
Қортындысында тұтастай шиналық сәулет «ағашты» елестетеді, мұндағы «тамырдың» рөлін процессор мен жадыны біріктіретін жүйелік шина атқарады.
Қалай ойлайсыңдар, шиналық сәулеттің қандай «бұтағы» ең ауыр жүктеме артуға мәжбүр? Неге?
Ең артық жүктелетін шина –
ол видеороликтер тасымалданатын шина. Мұндай ағындар үшін жеке шина
бөлінеді. Басқа барлық компоненттерге құрылғылар шинасы бөлінеді.
Бірақ оған жалғану үнемі ыңғайлы бола бермейді. Заманауи
компьютерлерде күнделікті пайдалану үшін USВ ( Universal Serial Bus
) шинасы қолданылады- ол арқылы сыртқы құрылғылардың көпшілігі
(пернетақта, принтр, фото және ведиокамера) қосылады.
USВ арқылы сендер тағы қандай құрылғыларды қосып жүресіңдер?
USВ шинасының артықшылықтары:
• 128 құрылғыға дейін қосуға болады:
• компьютерді өшірмей –ақ қоса беруге болады;
• арнайы программалар орнатудың қажеті жоқ.
Өздерің есептеу техникасының даму тарихынан білетіндей, компьютер тақшалары құрамына өткен ғасырдың ортасында –ақ екі жүзге жуық микросыз-балар кіретін еді.
Аналық тақша – заманауи дербес компью-тердің есептеу жүйесінің негізі –екі негізі үлкен микросызбадан тұрады (18-сурет).
• Солтүстік көпір (ағылш. North Bridge) – орталық процессордың, жедел жадтың және ведиокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы;
• Оңтүстік көпір (ағылш. South Bridge) – ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының (локалдық есептеу желісінің, дыбыстық ішкі жүйенің ) жұмысын, сонымен қатар сыртқы құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы – концентраторы.
Түйін
● Құрылғылардың құрамы компьютердің аппараттық жабдықтамасы құрайды.
● Аппараттық модульдер арасындағы байланыс компьютердің сәулетімен анықталады.
● Компьютердің сәулеті стандарттық немесе стандартық емес, ашық немесе жабық болуы мүмкін. ІВМ РС платформасындағы компьютерлер ашық шиналық сәулетте жасалған.
● Дербес компьютердің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген:
● Процессор мен басқа құрылғылар арасындағы байланыс микробақылаушылар көмегімен жүзеге асырылады.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Стандарттық программалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, тапсырмаларды орындаңдар:
А деңгейі.
Компьютерлеріңде орнатылған программалық жабдықтама көрсетілген кесте құрыңдар. Жүйелік ПЖ, программалау жүйелеріне және қолданбалы ПЖ бөліну қарастырылсын.
В деңгейі.
Сәулет сипаттамаларын сызба түрінде бейнелеңдер.
С деңгейі.
Құрылғылардың жүйелік блок ішінде орналасуын сызба түрінде бейнелеңдер.
VI. Қорытындылау, бағалау:
Оқулықтың 52-бетіндегі бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап беру.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
-
Дербес компьютердің сәулеті деп нені атайды?
-
Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер?
-
Ашық сәулет принципінің мәні не?
-
Қалай ойлайсыңдар, «солтүстік» және «оңтүстік» көпір атаулары қайдан пайда болған?
-
ІВМ РС компьютерлерінің сәулетін сипаттаңдар.
-
Процессордың сыртқы құрылғыларымен өзара байланысы қалай жүзеге асады?
-
Сендер USВ шинасын пайдаланудың қандай артықшылықтарын білесіңдер?
-
Стандарттық және стандарттық емес, ашық және жабық сәулеттердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңдер.
а) оқушылардың жұмыстарын тексеру және талдау;
ә) өтілген тақырыпты еске түсіру және пысықтау;
б) оқушылардың білімін есепке алу және бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Компьютерлік техниканың даму үрдісі.
Оқулықтың 53-54 беттеріндегі тест тапсырмаларын орындау.
Тест
1. Құрылғылар арасында деректер алмасу үшін жауапты шинаны атаңдар:
А. деректер шинасы В. адрестік шина С. басқару шинасы Д. бұйрық машинасы
2. Жедел жады және видео жады бақылаушыларынан тұратын көпір қалай аталады?
А. оңтүстік көпір В. жүйелік көпір С. солтүстік көпір Д. бұйрықтық көпір
3. USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады?
А. оптикалық дискілерді В. флэш - дискілерді С. жұмсақ магниттік дискілерді Д.DVD дискілерді
4. ДК сәулеті деген не?
А. ДК ішкі ұйымдастырылуы В. ақпаратты түрлендірудің техникалық құралдары
С. ақпаратты түрлендіру үшін қажетті техникалық құралдар Д. тұрмыстық техниканы басқару жүйелері
5. Жедел жады не үшін керек?
А. модеммен компьютерді жалғау үшін В. ақпаратты өңдеу үшін С. программаларды іске қосу ушін
Д. ақпаратты уақытша сақтау үшін
6. Шинаның негізгі сипаттамасы:
А. разрядтылығы В. тактілік жиілігі С. сыйымдылығы Д) ұзындығы
7. Шет орналасқан құрылғылар бақылаушысынан тұратын көпір қалай аталады?
А) солтүстік көпір В) оңтүстік көпір С) жүйелік көпір Д) бұйрықтық көпір
Тест жауаптары
-
1
2
3
4
5
6
7
А
С
В
А
Д
А
В

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген