400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Компьютерлік технология» балалар шығармашылық бірлестігінің сабақ жоспарын

Материал туралы қысқаша түсінік
баланың портфолиосына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ОҚУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙЫ» КМҚК




ҚАРАЛДЫ

«Оқушылар шығармашылық сарайы» әдістемелік кеңесінде

28.08.2016 ж.

№ 1 хаттама


БЕКІТІЛДІ

«Оқушылар шығармашылық сарайы» әдістемелік кеңесінде

28.08.2016 ж.

№ 1 хаттама

«БЕКІТЕМІН»

Директор

________ Г.В. Асташкина


«01» қыркүйек 2016 ж.





«КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГРАФИКА»

пәні бойынша қосымша білім беру мекемесінің

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Бағдарламаны іске асыру мерзімі: 1 жыл

Сағаттың жалпы саны: 144 сағат

Сабақ режімі: аптасына 2 сағат/2 рет

Білім алушылардың жасы: 9-17 жас 

Топтың түрі: бейінді
Бағыты:
техникалық




Байботанова Мадина Сайлаубекқызы

педагогтың аты-жөні

қосымша білім беру педагогы,

«Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК

«Компьютерлік технология және графика»

балалар шығармашылық бірлестігі жетекшісі








Өскемен қаласы

2016 ж.


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Осы оқу бағдарламасы 4-10 сынып оқушыларына компьютерлік технологиялар және компьютерлік графика бойынша информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. 

Қосымша білім беру оқу бағдарламасының бағыттылығы:

«Компьютерлік технология және графика» қосымша оқу бағдарламасы ғылыми-техникалық бағытта, өйткені ақпараттық технологияларды меңгеру тәжірибесін қамтиды және орта сынып оқушыларына бағытталған, заманауи ақпараттық-технологиялық пакеттер бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруді көздейді.

Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етеді. Қолданбалы бағдарламаның негізгі міндеттері оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web–беттерді құру, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады.

Сондықтан да осы ұсынылып отырған бағдарлама компьютерлік графикамен ұштастыра отырып кәсіби мамандыққа баулуға көмегін тигізері сөзсіз.

Бұл бағдарламаның өзектілігі үйренушілердің графикалық редакторларды меңгеруі өз ойын білдіру құралы ретінде мүмкіндік беру болып табылады және мұнда ерекше көңіл тек редакторлардың жұмыс құралдарын зерделеуге ғана емес жұмысты орындауда әр түрлі техниканы біріктіріп пайдалануға аударылады. Графикада жұмыс істеу дағдылары электронды тілдесуде, мектеп рефераттарын, баяндамалар дайындауда, әр түрлі электронды құжаттар дайындауда, сайт құрудың кыр-сырын құрастыруға, оқулықтарды электронды түрге келтіруге, мерекелерге эксклюзивті ашық хаттар құрастыруда қажет болады.

Бұл бағдарламаның педагогикалық мақсаттылығы жасөспірімнің тұлғасы қалыптасуында ұзақ уақыт ықпал етуінде көрінеді, оған компьютерлік графика құралдарымен өз ойын білдіру үшін кең мүмкіндік беріледі. Кәсіби компьютерлік графикамен, әдетте жоғары сынып оқушылары айналысады, және осы тақырып бойынша көптеген оқу бағдарламалары жоғары сыныптағы оқушыларға есептелген. Бірақ қазіргі таңда информатика үйірмесіне жеткілікті базалық дайындығы бар орта мектеп жасындағы балалар келеді және олардың сұраулары «компьютерде сурет салып үйрену». Күрделі материалды осы жасқа бейімдеу қажеттілігі туындады.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web – дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және т.б. мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстан өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Компьютерлік графиканы білмей қандай да болмасын құжатты безендіру өте қиын. Сондықтан, графикаға арналған бағдарламаларды білу өте қажет. Қазіргі кезде компьютерлік графикаға байланысты кәсіби мамандықтар талап етілінетіні белгілі және де ондай кәсіпті таңдаған азаматтар графикамен жұмыс жасайтын бағдарламаларды бесаспап білуі тиіс. Сонда ғана бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі туады.

Бағдарламаны оқыту барысында білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар кешенді түрде іске асырылуын қадағалау нақты міндет болып табылады. 

Қосымша білім беру оқу бағдарламасының бағыттылығы

«Компьютерлік технология және графика» қосымша оқу бағдарламасы ғылыми-техникалық бағытта, өйткені ақпараттық технологияларды меңгеру тәжірибесін қамтиды және орта сынып оқушыларына бағытталған, заманауи ақпараттық-технологиялық пакеттер бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруді көздейді.

Бұл бағдарламаның өзектілігі үйренушілердің графикалық редакторларды меңгеруі өз ойын білдіру құралы ретінде мүмкіндік беру болып табылады және мұнда ерекше көңіл тек редакторлардың жұмыс құралдарын зерделеуге ғана емес жұмысты орындауда әр түрлі техниканы біріктіріп пайдалануға аударылады. Графикада жұмыс істеу дағдылары электронды тілдесуде, мектеп рефераттарын, баяндамалар дайындауда, әр түрлі электронды құжаттар дайындауда, сайт құрудың кыр-сырын құрастыруға, оқулықтарды электронды түрге келтіруге, мерекелерге эксклюзивті ашық хаттар құрастыруда қажет болады.

Бұл бағдарламаның педагогикалық мақсаттылығы жасөспірімнің тұлғасы қалыптасуында ұзақ уақыт ықпал етуінде көрінеді, оған компьютерлік графика құралдарымен өз ойын білдіру үшін кең мүмкіндік беріледі. Кәсіби компьютерлік графикамен, әдетте жоғары сынып оқушылары айналысады, және осы тақырып бойынша көптеген оқу бағдарламалары жоғары сыныптағы оқушыларға есептелген. Бірақ қазіргі таңда информатика үйірмесіне жеткілікті базалық дайындығы бар орта мектеп жасындағы балалар келеді және олардың сұраулары «компьютерде сурет салып үйрену». Күрделі материалды осы жасқа бейімдеу қажеттілігі туындады.


Мақсаты: Microsoft FrontPage қосымшасын және негізгі HTML тіл конструкциясын қолдану арқылы оқушыларға Web-құжат жобалау технологиясын менгерту.

Кәсіби графикалық редакторлардың көмегімен компьютерлік графика, дизайн саласында балалардың танымдылығын кеңейту үшін қолайлы педагогикалық жағдай жасау. Көлемді мәтінді тілді пайдаланумен Web-сайтты құру үшін негізгі аспаптық құралдарын қолдануды үйрету, сондай-ақ Web-беттерінің кәсіби қызметің әр түрлі саласында қолдану мүмкіндігін көрсету.


Міндеттері:

  1.  Күрделі жұмыстарды орындауда қарапайым графикалық редакторлармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

  2. кәсіби графикалық редакторларда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  3. балаларға кескіндемелерді, арнайы әсерлерді өндеу және құру техникасының әртүрлілігі туралы бастапқы түсінік беру;

  4. үйренушінің зейіні, көркемдік талғамы, шығармашылық қабілеті дамуына мүмкіндік жасау;

  5. Ғаламтор және Web-беттерінің аясы туралы жалпы түсінік беру;

  6. Web-беттерін құру үшін негізгі құралдық бағдарламаларымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдеріне үйрету;

  7. (HTML) құжаттарын көлемді мәтінді белгілеу тілінің көмегімен қарапайым Web-сайттарын құруды үйрету;

  8. компьютерлік кескіндемелердің құрылуының негізгі түсініктерін беру;

  9. сайттың дизайнын аспаптық құралдармен өзгертуді үйрету;

  10. тазалыққа, шыдамдылыққа, өздігімен жұмыс істеуді тәрбиелеуде себептесу.

компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. 

Осы бағдарламаның өзге бар бағдарламалардан ерекшеленетін өзгешіліктері:

Осы бағдарламаның өзге бар бағдарламалардан ерекшеленетін өзгешіліктері:

Бұл авторлық бағдарлама, өйткені білім сайттарындағы сабақ негізінде құрылған, бірақ жинақталған материал білім мекемесінің ерекшеліктерін, үйренушілердің жасын және білім деңгейін ескерумен бейімделген. Бағдарламаның ерекшеленетін өзгешілігі:

Қарапайым кестелік редактор күрделі жұмыстарды орындауда қолданылады; кәсіби графикалық редакторларды оқытуға арналған материалдар орта мектеп жастағы балаларға бейімделген;

Оқушылар жұмысты орындауда әр түрлі техникаларды үйренуде суретшілердің, дизайнерлердің жұмыстарымен таныс болады;

Материалды кешенді пысықтау үшін оқушылардың өзіндік шығармашылық, жобалық қызметтері пайдаланады.

Алған білімдерінің маңыздылығын кәсіби қызметте сезіну үшін кәсіптік бағдар тақырыбында сабақтар еңгізілген.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web – дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және т.б. мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстан өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Компьютерлік графиканы білмей қандай да болмасын құжатты безендіру өте қиын. Сондықтан, графикаға арналған бағдарламаларды білу өте қажет. Қазіргі кезде компьютерлік графикаға байланысты кәсіби мамандықтар талап етілінетіні белгілі және де ондай кәсіпті таңдаған азаматтар графикамен жұмыс жасайтын бағдарламаларды бесаспап білуі тиіс. Сонда ғана бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі туады. 
Бағдарламаны оқыту барысында білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар кешенді түрде іске асырылуын қадағалау нақты міндет болып табылады. 

Сондықтан да осы ұсынылып отырған бағдарлама компьютерлік графикамен ұштастыра отырып кәсіби мамандыққа баулуға көмегін тигізері сөзсіз. 

Осы бағдарламаның жүзеге асуына қатысатын балалардың жасы:

Бағдарлама орта мектеп жасындағы 11-17 жас аралығындағы балаларға арналған. Бұл жаста балалар компьютермен, ғаламтормен, компьютерлік графикамен жұмыс істеуде біраз тәжірибелері болады. Үйірмеге жазылу ата-аналардың және балалардың қалауымен іске асады, медициналық анықтамасы болу қажет. Топтар тұрақты құрамнан тұрады.

Оқу бағдарламасын жүзеге асыру мерзімі

Бағдарлама 1 оқу жылына белгіленген, 1 оқу жылы- 10-17 жас аралығындағы балалар.

Сабақтардың нысаны және кестесі

Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі нысаны сабақ, сабақ-әңгіме, сабақ-сайыс болып табылады. Сабақ педагогикалық үдерістің дамыту және тәрбиелеу жағымен құрылады. Сабақтар бекітілген кесте бойынша аптасына 2 рет бой жазуға үзіліс берілумен 2 академиялық сағаттан өткізіледі, жылына 144 сағат.

Күтілетін нәтижелер

Осы берілген бағдарлама бойынша оқушылар тәжірибе алып, болашақта ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды қолдану арқылы алған білімдері мен біліктіліктері практикалық проблемаларды шешуге көмектеседі . Қолданбалы бағдарламалық құралдарының жұмыс негіздерімен меңгере білу және практикада Web-сайтын құру үшін пайдалана білу. Негізгі тэгтерді және олардың сипаттамаларын білу. Web-беттерін безендіру үшін әр түрлі түстерді пайдалана білу. Кестелерді пайдалануға үйрену, Web-құжаттарының құрылымын анықтай білу, сонымен бірге әр түрлі графикалық анимациялық элементтерді, фотосуреттерді, суреттерді және т.б. пайдалана білу. Көлемді сілтемелерді, қосымша Web-беттерін құрастыра білу. Web-сайттың дизайнын және оның құрылымдық компоненттерін анықтау. Web-беттерін құру үшін қосымша ақпараттар көзін (әдебиеттер, бағдарламалар) пайдалана білу.

Оқу соңында бала білу керек:

Кескіндеме құрауда және өндеуде әр түрлі техниканы пайдалануды, анимациялық арнайы әсерлерді құра білу керек;

Кәсіби графикалық редакторлардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып өзінің жеке графикалық объектілерін құрай білу. Компьютерлік ғаламтор-технологиялардың негізгі білімдерін меңгеріп алу. Қолданбалы бағдарламалық құралдарының жұмыс негіздерімен меңгере білу және практикада Web-сайтын құру үшін пайдалана білу. Негізгі тэгтерді және олардың сипаттамаларын білу. Web-беттерін безендіру үшін әр түрлі түстерді пайдалана білу. Кестелерді пайдалануға үйрену, Web-құжаттарының құрылымын анықтай білу, сонымен бірге әр түрлі графикалық анимациялық элементтерді, фотосуреттерді, суреттерді және т.б. пайдалана білу. Көлемді сілтемелерді, қосымша Web-беттерін құрастыра білу. Web-сайттың дизайнын және оның құрылымдық компоненттерін анықтау. Web-беттерін құру үшін қосымша ақпараттар көзін (әдебиеттер, бағдарламалар) пайдалана білу.

Қосымша оқу бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысын өткізу нысандары

Нәтижелілікті анықтау тәсілдері:

Практикалық тапсырмалар

Өзіндік шығармашылық, жобалық жұмыстар,

Көрмелер, сайыстар, байқаулар.

Электронды түрде жұмыстардың жеке папкасы;

Үйренушінің портфолиосы (дәріс материалдары өзгертулермен және балалардың түсініктемелерімен, байқау, көрме қатысушыларының жұмыстары, құжаттар – көрмедегі куәліктер және т.б.)


Сабақтың түрлері: лекция және практикалық сабақтары, HTML программалау тілі мен FrontPage программасын қолдану арқылы MS Office пакетімен Web–құжаттарды құрастыру практикумы. 

Негізгі оқыту әдістемесі: 
Оқу зерттеу-жобалау әдісі; жобаны орындау проблемалық мазмұндама процессі; мұғалімнің көмегімен жобаны орындау; оқу зерттеу-жобасын өздігінен орындау; 

Бақылау формасы: практикалық жұмыстарды орындау, өзіндік сайт құрастыру жобасы мен шығармашылық тапсырмалары. 
Әр тақырып бойынша шығармашылық тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыстарды орындау көмегімен, оқушылар оқу барысында алған білімдерін практикада қорытындылау керек. 







ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

1 оқу жылы


№

Тақырыптардың мазұны

Сағат саны

1

Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасы

2

2

Microsoft Office бағдарламаларының пакеті

8

3

Фото Шоу бағдарламасы. Фотосуреттерден слайд-шоу және бейнеролик

6

4

Аудио жазбаны слайдқа қою тәсілдері

4

5

Microsoft Office Front Page жұмыс істеу қағидалары. Web-бетін құру.

8

6

HTML негізгі түсініктері. HTML-құжаттың құрылымы.

4

7

Web-беттерінің құрылымы және әзірлеу амалдары

4

8

Оқу құралын жасау технологиясын әзірлеу және нақты шығармашылық жобада оның тиімділігін тексеру

6

9

HTML пәрмендері және Web-беттерінің негізгі құрылу қағидалары

4

10

Web –беттерін MS Word құралдарымен құру

4

11

Басты Web-беттерінің фондарын жасау және құру

4

12

Жандандыру. Жүгіртпе жол.

4

13

Үлкен сілтемелермен жұмыс. Сайт беттерін жасау. Үлкен сілтемелерді жасау. Фреймдер

4

14

Мәтінді форматтау және кестені орналастыру

4

15

Электронды оқулықты (HTML бойынша) Microsoft Front Page редакторында жасау

10

16

«Оқушылар шығармашылық сарайы» электронды оқу құралын жасау

8

17

«Домашняя фотостудия» бағдарламасы

4

18

Архиваторлар, вирусқа қарсы бағдарламалар

4

19

Excel кестеленген процессорымен танысу. Негізгі объектілердің ұғымы: жұмыс кітабі, жұмыс парағы, ұяшық.

4

20

Excel интерфейсі. Еңгізу тәсілі, редакциялау, көшіру және деректердің жылжуы.

4

21

Абсолюттік және салыстырмалы сілтеменің ұғымы. Жұмыс парақтарымен жұмыс істеу.

4

22

Күнтізбелердің әрленімі

4

23

Коллаждаудың техникасы, кескіндемелерді құрамдастыру

4

24

Logo Maker Pro бағдарламасы

4

25


«Мастер Открыток» бағдарламасы

4

26


Pascal бағдарламауының тілі

4

27

Gimp графикалық редактордың меңгеру аясы

4

28

Графикалық объектілердің тура құрылымдары

4

29

Ауқымдар

4

30

Рәсімдер

4

31

Атқарымдар

4

Барлығы: 144

Оқушылардың дайындықта қойылатын талаптар 
Оқушылар нені білуі керек: 
- ДК жұмыс істеу кезінде негізгі ережелер мен техника қауіпсіздік ережелерін; 
- Интернет жүйесінің негізін; 
- Web-сайт құру программаларының айырмашылығын; 
- Оқыту, бақылау, ойын бағдарламаларының жасау негіздерін; 
- HTML тілінің негізгі құрылымын; 
- Web -редақторымен жұмыс істеу ерекшеліктерін; 
- Web -беттердің құрылымы мен жобалауды. 

Оқушылар нені үйрену керек: 
- Интернет арқылы ақпаратты іздеуді және қарап шығуды; 
- Web -беттер құруды, Web-беттің дизайын жасауды; 
- Графикалық объектілерді орналастыруды; 
- Кестелермен жұмыс жасауды; 
- Маркерленген және нөмерленген тізімдерді құруды; 
- Гиперсілтемелерді қолдануды; 
- Сілтеме қартасын жасауды; 
- Қолданбалы бағдарламалар көмегімен Web-құжаттар жасауды. 

Алған білімдері мен біліктіліктерін көрсету негізінде оқу соңында оқушылар жоба түрінде қорытындылау жұмысын орындайды. 
Практикалық жұмыстар жеке орындалады, шығармашылық жобаларды шағын топта орындауға болады. Шығармашылық тапсырмалар, сонымен қатар курс бойынша меңгерген қорытынды жұмыстар семинарларда қорғалады. Оқушылар жоба орындауда компьютер арқылы қолданылған мүмкіндіктерін түсіндіреді. Ен үздік деп танылған жұмыстар мектеп көрмесінде көрсетіледі.


Тақырыптық сайттар тізімі: 
1. «Оқушылар шығармашылығының» сайты
2. «Менің қалам» сайты. 
3. «Менің мектебім» сайты. 
4. «Мен және менін достарым» сайты. 
5. «Қазақстан қалалары» сайты. 
6. «Тарихи аймақтар» сайты. 
7. «Тулғалардағы информатика тарихы» сайты. 
8. «Менің үйірмем - Компьютерлік технология және графика» сайты 
9. «Салауатты өмір салты» сайты. 

Қосымша білім беру оқу бағдарламасының мазмұны

Сабақтың үлгілік құрылымы

  1. Ұйымдастырушылық бөлім. Сабаққа даярлықты тексеру;

  2. Негізгі бөлім. Теориялық (дәріс) бөлім;

  3. Практикалық, семинар 1 – дәріс тақырыбы бойынша ағымдағы тапсырмаларды орындау (педагогтың көмегімен, ұжымдық орындау, жұппен орындау);

  4. Үзіліс – бой жазу;

  5. Зертханалық жұмыс 2 – жеке тапсырмаларды орындау ( өзіндік жұмыс);

  6. Қорытынды бөлім. Қорытындысын шығару.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Бұл бағдарлама 4-10 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама авторы оқытудың төмендегідей нұсқасын ұсынады: 


1. Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасы. Теория: Қауіпсіздік техникасының ережелері. Кабинетте өзін ұстау ережелері. Өрт қауіпсіздігі ережелері. Жыл бойғы жұмыс бағдарламасымен таныстыру.

2. Microsoft Office жұмыс істеудегі қағидаларды еске түсіреміз. Оқушыларды Word мәтіндік редакторымен оның мүмкіндіктерімен таныстыру.Мәтіндерді теру оны редакторлеу жолдарын үйретіп, құжатты құру, сақтау, ашуды үйрете отырып ой-өрісін дамыту. Тақырып бойынша алған білімін жұмыс істей отырып, еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу

3. Фото Шоу бағдарламасы. Фотосуреттерден слайд-шоу және бейнеролик. Оқушылар өте тиімді бағдарлама, бұнда 3Д форматта фото суреттерден видеолар құрастырады. Әртүрлі дизайнда монтаждар жасау.

4. Microsoft Office Front Page жұмыс істеу қағидалары. Web-бетін құру.

Microsoft FrontPage программасының көмегімен Web -құжаттарды құру. FrontPage қосымшалары. FrontPage-тің қызметтік мүмкіндіктері. FrontPage интерфейсі. Құрал-жабдықтармен жұмыс. Web-құжатпен жұмыс. HTML-құжаттармен жұмыс. Мәтіндерді даярлау және рәсімдеу. графикалық ақпараттармен жұмыс. FrontPage-ғы кестелер. HTML-құжаттың Web-құрылымы. Динамикалық эффектерді қосу. Формаларды жасау. Беттерді жасау. Көпбеттік публикациямен жұмыс. 

5. HTML негізгі түсініктері. HTML-құжаттың құрылымы.

HyperTextMarkupLanguage (HTML) стандартқа енгізу. HTML–тілінін стандарты және шығ тарихы. HTML құжаттарының синтаксисы. HTMLкодының структурасы. Мәтіндердің рәсімдеу элементтері. Абзацтар, айырмалар, параграфтар, түзету, шрифтік рәсімдеу. HTML пішімдеудің қосымша мүмкіндіктері. HTML құжаттарында тізімдерді жасау. Реттелген және реттелмеген тізімдер. Көпдеңгейлі тізімдер. HTML құжатта кесте құру. Кестелер рәсімдеуді анықтайтың параметрлері. Кесте көмегімен экранда көрсетілген құжаттарды басқару. Фрейм түсінігі. Фреймдардың орналасуы. Фреймнін визуалдық ұсынуы. Құрастырылған фреймдар. Экранда фреймдардың орналасуы мен оның сыртқы түрін анықтайтың параметрлер. Форма. Форма элементтерін басқару типтері. Форма құрастыру. Форманы жіберу. Фреймдар арасындағы және ішіндегі гипермәтіндік ауысуы. Гипермәтіндік сілтемелер. Басқа құжатардың арнайы бөлімдеріне назар аудару. Ағымдағы құжаттардың бөлімдерімен қосу. Web-графикасы. Графикалық файлдардың пішімдеуі. Графикалық рәсімдеу. Графикалық жазбаларды жасау. 
Web-сайтты тестілеу және жариялау. Әр түрлі көріністерді сайттарды көру. Интернет желісіндегі сайттарды жариялау технологиясы. Ізденіс жүйесіндегі сайттарды тіркеу.

Арнайы Web-сайт құру (шығармашылық жоба). 
Web-сайтты өндеу және оның құрылымын дайындау. FrontPage редақторын қолданылуымен Web-сайтт құру. Интернетте Web-сайтты орналастыру.

6.«Домашняя фотостудия» бағдарламасы. Фотосуреттермен жұмыс істеуге өте тиімді және мықты бағдарлама. Жылдам жұмыс жасауға, слайд-шоуды көруге, тиімді жүзге жуық эффектілерді қоюға, коллаждар жасауға арналаған бағдарлама.

7. Архиваторлар, вирусқа қарсы бағдарламалар. Оқушыларға ақпаратты сығуды,ақпаратты қорғауды және вирусқа қарсы программалар туралы түсіндіру


8. Excel кестеленген процессорымен танысу. Негізгі объектілердің ұғымы: жұмыс кітабі, жұмыс парағы, ұяшық. Кесте түрінде берілген мәтін және деректермен жұмыс жасау үшін қазіргі компьютерлік технологиялардың бағдарламалық құралдары мен пайдалануға үйрету;

9. Күнтізбелердің әрленімі. Әр түрлі ай мен жылға әдемі күнтізбе жасауды үйрену.Мейрамдарға байланысты күнтізбелерді әсемдеп жасау.

10. Коллаждаудың техникасы, кескіндемелерді құрамдастыру. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен Коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті. 

11. Logo Maker Pro бағдарламасы. Әртүрлі стильде логотиптер мен эмблемалар жасауды үйретеді.

12. «Мастер Открыток» бағдарламасы. Компьютердің көмегімен мерекелік шараларға әдемі ашық хаттар жасауды үйрену. Дизайн, графикалық редакторлармен жұмыс жасау.

13. Pascal бағдарламалау тілі. Оқушыларды Паскаль тілінде сызықтық бағдарламалар құруға үйрету, компьютерде есептің нәтижесін алуға дағдыландыру;  сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, бағдарламаны құруды үйрету; Паскаль программалау тілінде есептер шығара отырып, қызығушылығын арттыру, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.




Өзіндік шығармашылық жобалық қызмет

Өткен материалды пысықтауға, зейінді, жұмысты орындауда балалардың шыдамдылығын дамытуға, шығармашылық белсенділікті дамытуға әдетте бағдарламаның кезекті блогын өткеннен кейін, ерікті тақырыпқа практикалық сабақтар себептеседі. Екінші оқу жылында күрделі кезеңді талдауын және орындалуын қажет ететін жобалық жұмыстарды ("Фото рамка", "Мой календарь") ұнатады. Жобалар материалды кешенді бекітуге көмектеседі, көрме қызметінде пайдаланады, сондай-ақ алған білімдерін көрсету болып табылады. Сонымен қатар, түрлі веб-парақшаларын жасауды үйреніп, электронды оқулықтар жасап жобалық жұмыстарды қорғауға шығарамыз.

Кәсіптік бағдарлы тақырыпқа арналған сабақтар

Оқытудың екінші жылында балалар оқытылатын редакторларда компьютердің графикалық мүмкіндіктерін, сәйкесінше компьютерлік графикада өз мүмкіндіктерін сезінеді. Кәсіптік бағдар тақырыбындағы сабақтар психологтың көмегімен осы салада келешек өмірі деңгейінде өз қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Графикалық редактормен жұмыс жасауға көп уақыт бөлінеді. Графикамен жұмыс жасау оқушының қызығушылығын арттырып, графика деген ынтасы артады.

Ойын-сауық шығармашылық сабақтар
Ұжымда достықтың нығаюына көмектеседі, демалуға және кейбір жұмыс кезеңдерін талқылауда (көрмелерді, өткен тақырыптарды, алған білімдерді практикада пайдалануды) бейресми, еркін жағдай жасайды. Мұндай сабақтарда шығармашылық ойлауды, көру есін, зейінді, ойлауды дамытуға компьютерлік бағдарламаларды пайдаланумен ұйымдастырылады.

Оқушыларды бағалау түрлері:
Бағалау түрі: әрбір практикалық сабақ белгілі баллдар өлшемімен бағаланады (сабақ тақырыбымен ұштастырылған жазбаша, ауызша жұмыстар). 
Қорытынды бағалау оқыту курсының соңында өткізіледі. Сабақтың теориялық бөлімінің меңгерілуін тексеру-байқау түрі – тест. 

Қорытынды бағаны шығару үшін келесі факторлар ескеріледі: 
• оқушының практикалық жұмысы және семинар сабаққа қатысуының баллдары, 
• қорытынды сабақта алған тест баллдары, 
• оқушылардың курс басында және соңындағы салыстырмалы даму қабілетінің нәтижесі
№ 1
Бағалау түрі Қойылатын бағалаудың ең үлкен мәні (балл)
1 Сабаққа қатысуы 2
2 Сыныптағы жұмыс (дәріс кезіндегі және зертханалық сабақтағы белсенділік):
- зертханалық жұмысқа дайындық деңгейі;
- зертханалық жұмысты орындау сапасы;
- зертханалық жұмысты қорғау.
3 Өзіндік жұмысты орындау сапасы:
- үй тапсырмасын орындау;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- есептеу-графикалық жұмыстарды орындау;
- тест тапсыру ;
4 Аралық бақылау 3
Бағалаудың ең үлкен мәні (балл бойынша)- 100
Бағалаудың ең кіші мәні (балл бойынша) - 40

Қорытынды баға


«5»

75 - 100 балл

оқу материалын өте жақсы меңгерді

«4»

60 - 74 балл

жақсы дәрежеде меңгерді

«3»

40 - 59 балл

орташа

«2»

40-тан төмен балл

нашар дәрежеде меңгергенін көрсетеді


ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

САБАҚТЫҢ ҮЛГІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. Ұйымдастырушылық бөлім. Сабаққа даярлықты тексеру;

  2. Негізгі бөлім. Теориялық (дәріс) бөлім;

  3. Практикалық 1 – дәріс тақырыбы бойынша ағымдағы тапсырмаларды орындау (педагогтың көмегімен, ұжымдық орындау, жұппен орындау);

  4. Үзіліс – бой жазу;

  5. Практикалық 2 – жеке тапсырмаларды орындау (өзіндік жұмыс);

  6. Қорытынды бөлім. Қорытындысын шығару.

1. Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасы. Теория: Қауіпсіздік техникасының ережелері. Кабинетте өзін ұстау ережелері. Өрт қауіпсіздігі ережелері. Жыл бойғы жұмыс бағдарламасымен таныстыру.

2. Microsoft Office жұмыс істеудегі қағидаларды еске түсіреміз.
Заттың көлемін салу тәсілдері, текстураларды пайдалану, бөліп алу, көшіру, бұру, суреттердің бөліктерін көлемдету.

Қосалқы бағдарламалар

Бұл материалды зерделеу балаларға графикамен жұмыс істеуде үйренген бағдарламаларды пайдалану, практикалық тиімділігі жағынан білім байлығына көз тігу мүмкіндігін көрсетеді. Ғаламторды пайдалану бойынша сабақтар, ақпаратты іздеу және сақтау, слайдтармен жұмыс: слайд құру, жаңа кадр, мәтінді қою, кестелерді қою, безендіру үлгілері, дыбыстық әсер.









ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Өткен материалды пысықтауға, зейінді, жұмысты орындауда балалардың шыдамдылығын дамытуға, шығармашылық белсенділікті дамытуға әдетте бағдарламаның кезекті блогын өткеннен кейін, ерікті тақырыпқа практикалық сабақтар себептеседі. Екінші оқу жылында күрделі кезеңді талдауын және орындалуын қажет ететін жобалық жұмыстарды ("Фото рамка", "Мой календарь") ұнатады. Жобалар материалды кешенді бекітуге көмектеседі, көрме қызметінде пайдаланады, сондай-ақ алған білімдерін көрсету болып табылады. Сонымен қатар, түрлі веб-парақшаларын жасауды үйреніп, электронды оқулықтар жасап жобалық жұмыстарды қорғауға шығарамыз.

Кәсіптік бағдарлы тақырыпқа арналған сабақтар

Оқытудың екінші жылында балалар оқытылатын редакторларда компьютердің графикалық мүмкіндіктерін, сәйкесінше компьютерлік графикада өз мүмкіндіктерін сезінеді. Кәсіптік бағдар тақырыбындағы сабақтар психологтың көмегімен осы салада келешек өмірі деңгейінде өз қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Графикалық редактормен жұмыс жасауға көп уақыт бөлінеді. Графикамен жұмыс жасау оқушының қызығушылығын арттырып, графика деген ынтасы артады.

Ойын-сауық шығармашылық сабақтар

Ұжымда достықтың нығаюына көмектеседі, демалуға және кейбір жұмыс кезеңдерін талқылауда (көрмелерді, өткен тақырыптарды, алған білімдерді практикада пайдалануды) бейресми, еркін жағдай жасайды. Мұндай сабақтарда шығармашылық ойлауды, көру есін, зейінді, ойлауды дамытуға компьютерлік бағдарламаларды пайдаланумен ұйымдастырылады.






















ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. А. Тайц. «Самоучитель Photoshop 8.0»
2. А.М.Тайц., А.А. Тайц «Adobe Photoshop 8.0»
3. С. Пономоренко «Adobe Photoshop 8.0»
4. Учебное пособие Adobe Photoshop
5. ЭУ: Adobe Photoshop
6. ППС: Adobe Photoshop
7. Роуз К., Биндер К. Освой самостоятельно Adobe Photoshop CS3 за 24 часа.- М.: Вильямс, 2008.- 512с.- 1 арх.
8. Стейплз Т., Вайнман Л. Практикум по Adobe Photoshop CS и ImageRtady CS для Web-дизайна.- М.: Вильямс, 2005.- 832с.- 1 арх.

9. 10-11 сыныптарға арналған жалпы орта білім беретін мектепредің жаратылыстану-математикалық бағытына және қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған бағдарлама. Н.Т.Ермеков, С.Т. Мухаметжанова, Н.Ф. Стифутина. 
11. Н.Д. Угринович «Информатика және АКТ». Профильный курс: 10 сынып М.БИНОМ, 2008. 
12. Оқу құралы, И.Г. Семакин, Е.К. Хеннер Информатика Х, Информатика ХI. 
13. 10-11 сыныптар үшін бағдарлы курс бойынша тақырыптық жоспарлар, Алматы қаласы МБЖжҚДИ, 2006ж. 
14. Усенков Д. Уроки Web-мастера. Москва, ЛБЗ, 2003. 
15. «Информатика и оброзование» журналы 4-2005, 5-6 беттер
16. «Первое сентября» журналы 12-15 беттер
17. «Информатика» журналы 24-26 беттер
18. «Работа с изображениями» журналы 5-8 беттер
19. Автор Е.Ф. Васючков Цель издания – научить начинающих пользователей делать первые практические шаги, сформировать базовый курс знаний, достаточный для самосовершенствования. Сборник включает следующие программы: Word, Excel, 1С Предприятие 7.7, CorelDraw, Photoshop, 3D Studio Max, AutoCAD, Access, PageMaker, Интернет, Эл. почта.г.Алматы, 2006 г., 60 с.
20. Автор А.С.Инчин Excel, Power Point, Internet, Front Paige, Photoshop, Corel Drawl, Page maker. г. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2005 г., 216 c.
21. КУРСЫ КОМПЬЮТЕРНЫХ ПРОГРАММ (Сборник с диском)


ИНТЕРНЕТ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ
1. www.alldesign.biz/ebooks/ebooksphotoshop/1427-adobe-photoshop-cs3-ofic.-uche..
2. photoshopphoto.ru
3. http://www.postroika.ru/books/books3.html
4. photoshoprevolution.ru
5. disc.photoshop-master.ru
6. http://big-photoshop.ru/

7.photosoft.ru


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 сәуір
880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі