400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Компьютерлік вирустар (ғылыми жоба)

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты: Компьютерлік вирустарды және олардың түрлерін анықтап, вирустардан қорғану жолдарын іздестіру. Қазіргі кезге лайықты антивирустық программалардың түрін анықтау.

Міндеті:

  • Тақырып бойынша терең білім алу;

  • Бағдарламаның мүмкіндіктерін игеру;

  • Компьютерлік вирустардан сақтану шараларын айқындау;

  • Антивирустық программалармен жұмыс жасау;

  • Антивирустық программалармен вирусты жою.



Болжам: Егер, компьютерлік вирустар және олардан қорғану туралы ақпарат берсем, онда оқушылар вирустардан қорғану жолдарын білетін болады.

Зерттеу тәсілі: ақпараттар жинау

Зерттеу объектісі: компьютерлік вирустар

Күтілетін нәтиже: Компьютерлік вирустар туралы мәліметті жетік меңгеріп, үйренсек, олармен күресу мүмкін.

Өзектілігі: Компьютерлік вирустардан қорғанудың жолы - вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану болып табылады. Қазіргі кезде антивирустық бағдарламалар көптеп шығарылуда, бірақ олармен күресу жолдары аз.

























І. Кіріспе

Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы – «Компьютерлік вирустар». Қазіргі кезде компьютерлер әлемінің ең маңызды мәселесі болып компьютерлік вирустар болып табылады. Компьютерлік вирустар комьютерге белгілі бір жолдар арқылы енеді де, ақпараттарды өшіреді, компьютердің қатты дискісінің жадын керексіз мәліметтермен толтырады не одан да басқа да зиянды іс-әрекеттер жасайды. Мұның арты орны толмас зардапқа әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан әр компьютерде жұмыс істейтін адам компьютерлік вирустар туралы, оның зиянды әрекеттері туралы білгені дұрыс. Ғылыми жұмыстың мақсаты: электрондық есептеуіш машиналарға едәуір зардаптар әкелетін компьютерлік вирустардың мән – мағынасын ашу, оларға талдау жасау және негізгі зардаптарын көрсету. Менің ғылыми жұмысым негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Ол үш тараудан тұрады: бірінші тарауда жалпы компьютерлік вирустар ұғымына тоқталдым, ал екінші тарауда компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне және әлемде өте көп таралған вирустарға тоқталып, және сол вирустарға мысалдар келтірдім. Енді осы аталғандарды толығымен ашып көрсетейік.

 

 





























ІІ. Негізгі бөлім

Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

ХХІ ғасыр адамзат өміріне көптеген жаңалық әкелді. Біз алда өтіп кеткен ХІХ ғасырды электр және бу ғасыры деп атасақ, ХХ ғасырды радио мен атом энергетикасының алтын ғасыры деп танысақ, ал қазіргі ХХІ ғасырды «компьютерлік» ғасыр деп атасақ жаңылыспаймыз. Себебі қазіргі кезде электрондық есептеуіш машиналар, яғни компьютерлер адам өмірі мен оның қызметін жеңілдетуде көптеп қолданылып жатыр.
Осы кезеңде ең көп қолданылатын электронды есептеуіш машина болып дербес компьютерлер табылады.Бұл дербес компьютерлердің қолданылу аясы кеңейіп, адамзат қоғамын өңделген және көп мөлшердегі ақпараттар массасымен қамтамасыз етеді. Компьютерлік вирустар дегеніміз не? Компьютерлік вирустар дегеніміз - өздігінен өз көшірмесін жасай алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс-әрекеттер істей алатын қабілеті бар кішігірім программа. Алғаш рет «компьютерлік вирустар» деген термин ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың орта кезінде Америка Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде-ақ «компьютерлік вирустар» деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын тоқтатын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді.
Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен-күнге мөлшері артып барады.


Компьютерлік вирустарды кім және оны неге құрастырады?

  1. Біріншіден, ассемблер тілін немесе басқа да қарапайым программалық тілдерді үйреніп, алғашқы қадам жасау кезінде жүрген жас программистер құрады. Олар компьютерлік вирустарды өз ортасында өз тәжірибесін арттыру мақсатында құрады.

  2. Осыдан кейін компьютерлік вирустар құраушылардың екінші бір жаңа тобы пайда болады. Оларжартылай ұғымдағы, өздерін тек бұзақылық, қылмыстық жағынан көрсететін адамдар. Бірақ олардың таланты мен бар күші тек әлде кіммен жасалған және барлық адамдарға мәлім компьютерлік вирустарды өңдеуге, сонымен қатар жаңартуға ғана жетеді.

  3. Келесі адамдар тобы – жоғары тәжірибелі, өте қауіпті компьютерлік вирустарды құрайтын, кино фильмдердегі ғылым үшін барлық әлемді құрбандыққа шалуға дайын «ақылы жетіспейтін» ғалымдар секілді компьютерлік вирустарды жазушылар.

  4. Төртіншіден, кейбір компьютерлік вирус жазушылар компьютерлік вирусты компьютерлер әлемін толық танып – білуге, оны зерттеу үшін құрастырады. Бұл жазылған компьютерлік вирустың олардың жеке басына қатысы болмайды да.

  5. Соңында, нағыз жоғары тәжірибелі, бар ғұмырын компьютерлік вирус құрастыруға арнаған және сол вирустарды ақша – қаражат үшін құрастыратын компьютерлік вирус жазушылар. Олар үшін компьютерлік вирус құрастыру тек бизнес, яғни бұл топ адамдары белгілі бір компьютерлік вирус құрастырып, оны тартады да, одан зардап шеккен келесі бір адамдарға өзі алдын ала құрып қойған антивирустік программаларды қомақты ақшаға сатады.


Демек компьютерлік вирустардың құрылуының да негізгі себептері бар.Компьютерлік вирустар қалай тарайды? Негізінен алғанда компьютерлік вирустардың тарауының негізгі үш түрі бар:

  • Компьютерлік вирустар бір компьютерден екінші бір компьютерге дискет арқылы немесе СD – диск арқылы таралады.

  • Компьютерлік вирустар компьютерге Интернеттен жүктелген файл арқылы жұғуы мүмкін.

  • Компьютерлік вирустар компьютерге электрондық почта арқылы келіп түскен хатқа жалғасқан қосымша файл ретінде келіп, жұғуы мүмкін.

Бүгінгі күні электрондық почта ең үлкен көлемдегі вирустар инфекциясының «бұлақ көзі» болып табылады. Бұл қазіргі таңда интернет желісінің адам тұрмысында аса зор қажеттілікте қолданылуынан екені түсінікті. Таралған компьютерлік вирус ерекше керемет жылдамдықпен дүние жүзілік өрмек арқылы компьютерден компьютерге жалғасып кете береді. Сонымен қатар бұл компьютерлік вирус қоғамдық қолданыстағы компьютерлерге де таралады. Бұл компьютерлерге негізінен қоғамдық орындардағы, мысалы оқу орындарында орналастырылған компьютерлер жатады. Егер де ол компьютерге бір студент компьютерлік вирус әкеліп жұқтырса, онда ол компьютерлік вирус барлық компьютерлерге таралып, ештеңе күмәнданбайтын келесі бір студент ол вирусты өздерінің қызмет компьютеріне, туысқандарының немесе таныстарының компьютерлеріне тарата береді.
Компьютерге жұғысымен-ақ, компьютерлік вирус әр түрлі бағыттарда компьютерді бүлдіре бастайды. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдынан қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі.

Өзінің жабысқандығын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Компьютерлік вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындағаннан соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрыңғы қалпы бойынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде білінбей қалады.
Компьютерік вирустың іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып, әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерге әдеттегіден тыс келеңсіз құбылыстардың басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер орындауы мүмкін:

  • кейбір программалар жұмыс істей алмай қалады немесе дұрыс жұмыс істемей тұрады.

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады.

  • компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды.

  • көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.


Компьютерлік вирустар түрлері
«Троянский конь» - тiкелей қатысуды талап етпейтiн, бағдарламаға айырмашылықты өзі орындайды. Ол әдетте әрбiр операциядан алдын ала ашық есеп нақтылы сомадағы бөлiп шығаруы үшiн қылмыскерлермен қолданылады. 
«Троянская матрешка»- бөгде программалық қамтамасыз етудін бағдарламалары жойып ,өз-өзін құртып жібереді.
«Салями» - осы әдiс компьютер техникасының құралдарының жылдамдығында негiзделген. Коммерциялық мәмiлелердiң iске асыруында дөңгелектенедi. 
«Логическая бомба» - әдiс жағдайлардың нақтылы күйiнде iстейтiн арнайы командалардың бөгде программалық қамтамасыз етуiне құпия енгiзу болады. Бұл әдiстiң бiр түрi уақытша бомба болып табылады. 
«Вирусы-черви» - бұл вирустар программалық файлдарды өзгертпейдi. Олар компъютер желiсiнен компьютерiнiң жадтарына кiредi, және басқа компьютерлердiң мекенжайларын есептейдi. Вирустың көшiрмесi басқа компьютерлерге жіберіледі.
«Паразитические» - программалық файлдарды мiндеттi түрде өзгертетiн вирустер мұнда кiредi.
«Әуесқойлармен жазылған вирустар - студенттiк» - мұндай вирустар қателерде көп болады, және арнайы бағдарламалармен оңай мәлiм болады.

















Компьютерлік вирустардың тарихы

Компьютерлік вирустың «бірінші эпидемиясы» 1986 жылы пайда болды, Brain атты вирус (ағылшынша –«мозг») компьютердің дискеттерін «зақымдады». Вирустың ең бірінші прототипі 1971 жылы пайда болды. Боб Томас деген программист бір компьютерден екінші компьютерге ақпаратты жіберуді шешу үшін, өз бетімен бір компьютерден басқа компьютерге «секіретін» Creeper программасын құрды. Бірақ бұл программа өз-өзінен көбеймеді, зияны болмады. Фон Нейман (2-сурет)және Норберт Винер (3-сурет) программистері бірінші рет өз-өзінен көбейетін табиғи құрылымдарды зерттеді.


1-сурет 2-сурет

Shape2 Shape1

Норберт Винер

(1894 - 1964)

Джон фон Нейман

(1903 - 1957)

3-сурет


Компьютерлік вирустардың пайда болу белгілері


1.Кейбiр бағдарламалардың жұмысының бәсеңдiгi. 
2.Файлдардың өлшемдерiнiң үлкеюi. 
3.Бар болмаған бұрын оғаш файлдардың пайда болуы. 
4.Жедел жадтың көлемiнiң кiшiрейтуi. 
5.Кездейсоқ пайда болатын түрлi видео және дыбыстық эффекттер.














Компьютерлік  вирустардың  жіктелуі.


Қазіргі  кезде  10 000  шамасында  компъютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте әсер етуіне, логикасына байланысты және көлеміне қарай топтарға жіктейді.

Компъютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі. 

Көлемі бойынша

Логикасы бойынша

Әрекетіне   байланысты

Мақсаты бойынша

«А» 648 байт

«В» 1701 байт

«ұстауыштар»

ДЭЕМ – дерде

«бейсуат»

«С» 1808 байт

«логикалық бомбалар

Көп машиналы  кешеңдерде

«шантаж жасаушы»

«С» 1808  байт

«құрттар»

Есептеу  желілерінде

«насихатшы»

«Е» 1800 байт

«троян аттары»

Есептеу  желілерінде

«насихатшы»

«N» n байт

«жолбарыстар»

Информациялық желілерінде

«насихатшы»

«Z» n байт

ЭЕМ желілерінде


«мағынасыз»

 

Логикасына және әсер етуіне қарай оларды шартты түрде мыналарға жіктеуге болады:

  • «Ұстауыш- вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктер пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

  • «Логикалық бомбалар» - қарапайым прогаммаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар орындалғанды ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.

  • «Құрттар» - жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын  анықтау прогламмаларына  кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т.с.с

  • «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы прогламмаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әркеттерді орындатады. Жасалу құрылмалы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компъютер желілерін жайлап алады.

Компьютерлер әлемінде компьютерлік вирустардың сан алуан түрлері кездеседі. Сонымен қатар бұл компьютерлік вирустарға тыңнан тағыда басқа компьютерлік вирустар қосылып отырады және олар әртүрлі басқада зиянды әрекет ете алады. Сондықтан әр компьютер пайдаланушы адам бұл вирустардың түрлерін,олардың зияндарын білуі керек. Дегенмен компьютерлік вирустардан қатты үрейленбеседе болады, себебі мұндай компьютерлік вирустардың көбісі тек компьютер жадындағы ақпараттарды жоюмен айналысады.

  • Аса қауіпті вирусқа мысал:

  1. Жұмыс үстеліне текстік документті ашамыз;

  1. текстік документтің атын өзгертеміз;



  1. документті ашып оған тисті кодты жазамыз;

Picture 7

  1. сақтаймыз;

Picture 10

  1. вирусты жасадық;



  1. вирус жасалды, нәтижесінде 5 құжат вирус ашылады.

Picture 16





  • Қауіпті вирусқа мысал:

  1. Жұмыс үстеліне текстік документті ашамыз;

  1. атын өзгертеміз;





  1. документті ашып оған тисті кодты жазамыз;

  1. сақтаймыз;



  1. вирусты жасадық;



  1. нәтижесінде компьютер қатып қалады;





 


Қорғану тәсілдері

- Қосымша дискет құру; 
- Жүктеушi сектор сүзсiн және бастапқы жүктеушi сектордың көшiрмесiн

құру; 
- Файлдарды вирустарға тексеру, қоса архивтi.(ARJ,.ZIP,.RAR ); 
- Жедел жадты тексеру ; 
- Алдын ала тап қалған кесте бойынша диск автоматты тексеру; 
- Компьютерге файлдар олардың түсуiнде тексерсiн және диск сияқты немесе

торлық құрылымға үндеуiнде, вирустар бұл құрылымдар iздестiру кезiнде

тексеру; 
- Қайта тиеудiң жанында тексеру керек, дискет дисководта, және бұл

қолданушы туралы ескертуге қалмады; 
- Фон тәртiбiндегi диск тексеру; 


Компьютерлік вирустан емдеу жолдары.


Олармен күресу үшін вирусқа қарсы программалар жазатын мамандар бар, Д.Лозинский, Д.Мостовой, А.Данилов және т.б. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді. Ең көп тараған Aids test, Skan6 Norton AntiVirus, Doctor Web және Касперский программалары.


























Сауалнама және оның нәтижесі

1.Сауалнама: (4-сурет) 5-7 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада кім қаншалықты вирустар жайлы білетіндігі және олардан қалай қорғану керектігі жөнінде болды:

4-сурет


2. Мен бұл тақырыпты зерттемей тұрып, алдыма қойған міндеттерімді толық орындадым. Компьютерлік вирустар жайлы тақырыпты таңдау арқылы мен өзіме көптеген қызықты мағұлмат алдым. Сауалнама өткізу арқылы мен өзім оқитын мектеп оқушыларының компьютерлік сауаттылықтарын тексеріп қана қоймай, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарына жауап беру арқылы кішкене болсын сауаттылықтарын арттыра түстім деп ойлаймын. 














ІІІ.Қорытынды

Қорытындыға келгенде, компьютерлік вирустар — өзін — өзі тарата алатын және сол арқылы компьтерге белгілі зиянды әрекеттер жасай алатын кішігірім программалар. Бұл компьютерлік вирустардың түрлерінің көптігі сол – олардың тигізетін әсерлері де алуан түрлі болады. Олар компьютерге тек жай әсер етуі мүмкін, не болмаса үлкен зардап әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір адам компьютерлік вирустардан өз комьютерлерін қорғау білуі керек, яғни күнделікті компьютерді қолдану ережелерін қадағалап, вирус жұққандай болса, антивирустік программаларды қолдана білу керек.

Осы мақсатта әр компьютер пайдаланушы мынадай ережелерді есте сақтауы тиіс:

  • негізгі вирус жұқтырушы болып табылатын Word және Excel документтерін қадағалап, бақылап отыру керек;

  • антивирустік программаларды қолдана отырып электрондық почта арқылы келген не кеткен барлық кез келген файлды автоматты түрде тексеру керек;

  • жергілікті желіні дұрыс баптап қою керек, ол үшін: қолданылушылар мүмкіндігін шектеңіз, сонымен қатар файлға «тек оқу» атрибутын қойыңыз;

  • жазудан қорғалған дисктерде өзіңізге қажетті операциялық жүйелердің копиясын құрып қою керек;

  • тексерілген, сенімді программалар мен файлдар көздерін құру керек;

  • компьютерге мүмкіншілігі бар адамдар санын шектеу керек;

  • вирустан емдеу аспаптарын дайындап қою керек;

  • осы айтылған ережелерді міндетті түрде қадағалау керек.

Сонымен компьютерлік вирустардан әр адам сақтана да, оны емдей ала да білуі керек. Компьютерлік вирустардың күннен – күнге көбеюі олармен күрес тоқталмайтынын көрсетеді. Бұл — тоқталмайтын құбылыс.
















Ұсыныс

  1. Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалануды одан әрі дамыту. Тек пайдаланып қана қоймай оны пайдалану барысында вирустардан  қорғау жолдарын білу керек.

  2. Компьютерлік вирус түрлерінен қорғанудың қазақ тіліндегі видеокурстары дайындалса барлық адам өз компьютерлерін қалай қорғауды біліп отырар еді.

  3. Жаңа программаларды немесе құрылғыларды ойлап шығарғанда қасына оны вирустан қалай қорғау керектігі туралы нұсқаулығы болса тиімді болар еді.

  4. Интернет беттерінде қазақ тіліндегі барлық адамға қол жетімді ресурстар көбірек болса жақсы болар еді.









































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Е.Қ. Балапанов.«Жаңа информациялық технологиялар
    Алматы 2003- 400 бет.

  2. Ақпараттық технологиялар негіздері, оқу-әдістемелік құрал, Астана,2014

  3. www.bilimland.kz интернет платформасы

  4. www.youtube.com интернет каналы









































Аңдатпа

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны зерттеу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру,  білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың  біліктілігін   арттыру,компьютерлік  вирустардың компьютер-лерге тигізетін  зияны оның  жұғу себептерін зерттеу  өткізу барысында оқушыларға ақпарат бере  отырып, оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру,  зерттелген тақырыпты оқушыларға түсінікті  жеткізу.



Аннотация

Применение  новых  информационных технологий   в процессе  обучение  применяются при обучений    для укрепления знаний  учащихся,  получение новых понятий о вреде  компьютерных  вирусов  и методов их излечения. Они повышают  интерес к  предмету и  дают  обширные понятия  о новых  информационных  технологиях.





Anotation.

Using new information technology in process education are used when learning for fortification of the knowledges учащихся, reception new notion about harm computer virus and methods of their curing. They raise the interest to subject and give the extensive notions about new information technology.























Миялы орта мектебінің 5 «ә» сынып оқушысы

Гумар Іңкәрдің «Компьютерлік вирустар»

атты ғылыми зерттеу жобасына


Пікір

5- сынып оқушысы Гумар Іңкәрдің  «Компьютерлік вирустар» тақырыбында жазылған ғылыми жобасы компьютерлік вирустардың пайда болу себептері және одан сақтану жолдарын негізге ала отырып жасалған.   Ғылыми жоба бірнеше тараулардан тұрады. Бұл жұмыста алға қойылған  мақсат – қазіргі заманда ақпараттық технологиялар мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар дамып жатқан заманда компьютерлерді вирустардан қорғау жолдарын ұсыну. Қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру үрдісі күннен – күнге қарқынды дамып келеді. Осыған орай ақпаратты өңдеу, оны тасымалдау, пайдалану үрдісі кең қанат жаю үстінде. Бұл үрдіске параллель бағытта компьютерлік вирустарда даму үстінде. Оқушының дайындаған ғылыми жобасы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама бере отырып, вирустар туралы нақты түсініктер берген. Вирус бағдарламаларға енген кезде орындалатын әрекеттер туралы жалпы мәлімет берілген. Вирус түскен кезде қандай құбылыстарды байқауға болатындығы талданған. Екінші бөлімде   компьютерге вирус қандай жағдайда енеді және одан қалай сақтану керектігі туралы қарапайым пайдаланушыға жай тілмен түсінікті түрде берген. Компьютерге енген вирустардан сақтану шаралары талданып көрсетілген. Сақатандыру шаралары берілген. Қазіргі таңда кездесетін вирустарға жалпы сипаттама бере отырып, олардың компьютерге тигізетін зияны туралы нақты түсініктер берген.

Гумар Іңкәрдің бұл «Компьютерлік вирустар» тақырыбындағы шығармашылық жұмысын аудандық ғылыми жоба байқауына қатысуға лайық деп бағалаймын.


Мектеп директоры: Ғ.Қанат

Жоба жетекшісі: Д.Бахова











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
1630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі