Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Концерттік бағдарлама сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейрамдарда пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл-татулық

тірегі»

Ән байқауы



Тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі»мерекелік ән байқауы.



Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер - мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ән өнерінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ. Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер.

Әдісі: Сайыс түрінде.



Жүру барысы: Салтанатты әуен ойналады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! «Тіл-татулық тірегі» атты ән байқауына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебімізде оқушылар арасына «Тіл – татулық тірегі» атты ән бйқауы ұйымдастырылып отыр. Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып.

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,

Көк байрағың желбірейді төрінде

Әнұраның тұр көгінде шырқалып.( Әнұран орындалады)

Жүргізуші: Ана тілім – ерлігім

Ана тілім - елдігім

Ана тілім - болмаса,

Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың әділқазыларды таныстырып өтейін: көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Гүльмира Жалешовна, Райгұл Ақатаевна. Әділқазы алқаларынан әр әншінің ұпай сандарын беріп отыруларыңыз сұралады.

Жүргізуші:

1. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» Орындайтын Жансая Нұрқанатқызы.

2. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» Орындайтын Ақылжан .

3. Алтын Махамбетова «Ана тілім» Орындайтын Сабина Коченкова.

4. Вокал тобы «Балдаурен» «Отан-ана» әнімен.

5.Костюкова Маринаның орындауында «Ана тілім-бал тілім»

6.Ғазизамен Жансаяның орындауында ән «Аяулы анашым»

7.Серікқызы Айғанымның орындауында ән «Ана тілім-байлығым»

8. Ідріс Сандуғаш «Ана тілім-дана тілім» әнімен.

9. Ангелина Громыхинаның орындауында ағылшынша әнді тамашалаңыздар

10. Төреғали Арай «Перзент парызы» әнімен.

Жүргізуші: Ана тілім - күшім менің қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.

Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды.

Ән байқауын қорытындылап жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан оқушыларды марапаттайды)

Жүргізуші: Міне осылайша «Тіл-татулықтың тірегі» атты ән байқауымызды өз мәресіне де келіп жетті.

Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2020
11183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12